«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет18/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#9897
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Әзімбек:
Қайныңыз, міне осылай желген еді,
өзіңе қарсы сөзді өрген еді.
Қарттар үйі шынымен толып жатса,
Бұл қайныңның қолынан не келеді?
Жеңеше алға бассын тірлігіміз,
сол жағын қайта-қайта сыр қылыңыз.
өмірдің қайнар көзі жастар дейді,
сол жағын жеңеше көп жыр қылыңыз.

324
Қазақ өнерінің антологиясы
Қайныңда бүгін шалқар шабыт болды,
Жеңгелер көңілімді алып болды.
осымен бұл айтысты тәмамдайық,
ойпырмай, тауық шақырар уақыт болды.
Әселхан:
Әзімбек, әлі де жас баласың ба,
ұнамай тұр мынау көзқарасың да.
ауғанға барып келіп едім ғой деп,
сонда сен бәрінен сырт қаласың ба?
Кешелі бері айтыс жалын болды,
айтыстың мына халық дәмін көрді.
Шаппаймын деп отыр ғой мынау қайным,
Жайы да бұл шіркіннің мәлім болды.
Жел сөзге жерде жүріп қамалмаймын,
түстіктен соққан қоңыр самалдаймын.
Қоштасқан сайын осы сіздерменен,
соңғы рет болмағай деп алаңдаймын!..
советтік заманының ақынымыз,
Шындықты қалай айтсақ хақылымыз.
Көгілдір теледидар шеберлері – 
мың алғыс, біздің ортақ шатырымыз!
айтысты даңғыл жолға салып берген,
Жүрсіндей ақ сауытты батырымыз.
сойылы кей сарбаздың тиіп жатса,
төреші ақсақалдар – асылымыз.
ақынмен бірге күліп, бір жылайтын,
сау тұрсын бүкіл халық – жақынымыз!
Әзімбек:
Жеңеше, тағы бірде жүздесерміз,
соңынан ағалардың із кесерміз.
Қайныңмен қоштаспай-ақ қойғын бүгін,
ертең-ақ бір купеде кездесерміз.
                                                                        1989 жыл.

325
Айтыс 4 ТОМ
ДҮЙСЕНБАЙ МЕН ӘЗІМБЕК
Дүйсенбай:
Жан едік үлкендерді аға дейтін,
Көремін өздеріңнен дала кейпін.
Бәйгеге жүйрік қосқан жанашырсың,
ал, халқым, ассалаумағалейкүм!
Кез келді күн күлімдеп, ай туатын,
отыр ғой ашып ойын айтып әркім.
Қазағым, салт-дәстүрің көп екен ғой,
наурыз соның бірі, қайтып алдым.
Жанымда ақын інім Әзімбек тұр,
Көмейде жыр маржанын әзірлеп тұр.
Жырыңды мынау елге айтып берші,
ал, баста кезегіңді әзілдеп бір.
Әзімбек:
Қырандай қанатымды қаға келдім,
Жүректен жалын жырды жаға келдім.
Көңілді «наурыз» мейрам құтты болсын,
Жамбылдан жырдан сәлем ала келдім.
тым қызық өздеріңмен әр күндерім,
Шырайлы келбеттерің жарқын, керім.
мереке бүгін болған құтты болсын,
тілектес бәрімізге халқым менің.
Бар еді, дүйсен аға, ағалығың,
үлкендік болсын және даналығың.
үлкенге кішірмесем болар айып,
арқаның айтшы, кәне, жаңалығын.
Дүйсенбай:
өлеңіңді айт, Әзімбек, өлеңіңді айт,
«наурыз» мейрамы біз үшін керемет жәйт.
мен өзіңді жеңгеңе алып барам,
тиісе бермей дүйсенге ақылыңды айт.

326
Қазақ өнерінің антологиясы
Әзімбек:
дүйсеке қандай қиын амалыңыз,
ініңе берік екен қамалыңыз.
Бәйгені Жезқазғанға алып кетпей,
«невада» үлесіне аударыңыз.
Бар еді менің сізден кішілігім,
сонда да кем түспейді түсінігім.
Жеңгеме алып барсам жағам дейсің,
Бұл жерде сөз болмай ма кісілігің.
ал енді өлең сөзді «өз елім» де,
Белгілі қай тұстарды кезерің де.
Көп сөйлеп елдің ырқын біз алмайық,
тағы да сөзің сөйле кезегіңде. 
Дүйсенбай:
Байқадым, біздің қазақ ақынға бай,
Кетіп жүр басқаларға ақың қалай?
Бәйгені қоя тұрып Әзімбекжан,
айтсайшы сабақ қалай, оқу қалай?
Әзімбек:
Шырқайын аға алдында жас қырандай,
Кінәмды мен отырмын жасыра алмай.
айтысқа аяқ басып әрең келдім,
Жүргенде емтиханды тапсыра алмай.
ақынның мықтылығын халық көрер,
Қашанда мықты болсаң шабыт берер.
ағаларды асырып мақтай берсем,
зачеткама бір бестік алып берер.
ал, енді ән кезегі келген қандай?
Қамшы ғып қара сөзді өрген қандай?
өзіңді астанаға баптап салып,
аулыңда күтіп баққан жеңгем қандай?
сөз таппай мен емеспін алақтаған,
өзіңе қимастықпен қарап қалам.

327
Айтыс 4 ТОМ
Әселхан жеңешемді айта бердің,
өкпелеп жүрмесін де самат балаң.
Дүйсенбай:
рақмет жақсы тілек айтасың да,
Әлі де түсуші ме еді қалта сынға.
апырмай, астанада қоймаған ба,
оқуды көкелердің арқасында. 
Әзімбек:
аға үшін керек жерде табылғамыз,
топтан бір суырылып жарылғамыз.
тоқырау кезіндегі ескі дерттен,
ағажан біз бүгінде арылғамыз.
Әзімбек айта берсе шабыт жетер,
Көңілі көп адамның қалып кетер.
ақша жағын ініңе айта берме,
милиция кеп біздерді алып кетер.
ақын болсаң айтқайсың, жер байлығын,
елдегі ер азамат қандайлығын.
ініңнің қу қалтасын өлең қылмай,
Жырға қос ал, кәнеки, ел байлығын.
Жырымды мен отырмын ақтара алмай,
Бұл айтыс өнер еді мақтанардай.
өлеңнің өрт өзегін жарып айтқын,
ойларды, сары майдай сақтағанды-ай.
Дүйсенбай:
ақын алып шығарған, 
талай мынау ортамыз.
Көтеруге бірақта,
өздерінен қорқамыз.
Биіктесе біреуі,
етегінен тартамыз.
ақын ағам өзі де,
Жазды кеше ұқтырып.

328
Қазақ өнерінің антологиясы
Билік емес жүрекпен,
елді сүю – мықтылық.
елді сүйген ерлерге, 
Қол соғайық тік тұрып.
Қолын соқты байқаймын, 
мынау ел де қолдайды.
Әзімбек-ау, жырлашы, 
Бір кезекте сол жайлы.
Әзімбек:
тереңнен теріп маржан жыр аламын,
Жырламай енді қалай тұра аламын.
еркін бір тақырыпты өзің беріп,
ағажан, қандай жақсы сынағаның.
Әнменен биіктесін нұрлы аспаным,
ініңмен қандай жақсы сырласқаның.
Кей сөзге жауап бермей жатсам егер,
өкпелер ауғандағы құрдастарым.
осындай үстем болсын мерейің де,
сөз маржанын уыстап терейін бе?
арқадағы ең жақсы ағам едің,
тағы да кезегіңді берейін бе!
Дүйсенбай:
ауғанды көп есіңе алмағайсың,
еліңде бейбіт өмір жалғағайсың.
Қолыңда домбыраңды автомат деп,
ал мені дұшпан ба деп қалмағайсың!
Әзімбек:
сөз таппай мен несіне қарманамын,
Жақсы ғой қыран болып самғағаным.
ағасы бүгін маған айып болар,
ауғандағы досты еске алмағаным.
ешқашан ұмытылмас мұндай деген,
Жүректе асау тайша тулайды өлең.

329
Айтыс 4 ТОМ
ол жақта опат болған достарымды,
өз басым өле-өлгенше жырлай берем.
Жақсымен жүрсек ылғи бір лекте біз,
Көбейер елден алған гүл дестеміз.
ауғандық ардагер бұл ініңізге, 
ағатай, қатты кетпей құрметтеңіз.
Жақсы өлең тудыруға тырысыңыз,
Күш сынап балқысын жыр құрышыңыз.
ел алдында ініңді төпелемей,
Былай қарай шыққан соң ұрысыңыз.
Дүйсенбай:
тақырып – ауғанстан ақындарға,
ерлерді жамандауға хақым бар ма?
өз елін қорғаса да мақтанбаған,
Бауыржан, Қасымменен рақымжан да.
Шақырса отан-анаң тұрасың ба?
Барар едім мен дағы расын да.
Қалдырған боздақтарды жат жерінде,
Кешегі тоқыраудың кінәсі да.
Әзімбек:
осымен кезегімді аяқтаймын,
ағамды бет-алдына қаратпаймын.
Жезқазған даласынан шырқадыңыз,
сырт жақтан сізге қарап алақтаймын.
Кей сөзден мынау інің тұсады ма?
Куәмін биік шыңға ұшарыңа.
«наурызды» алматыда үш күн тойлап,
Жеңгемнің оралыңыз құшағына.
Дүйсенбай:
Қуанып, Әзімбекжан, қайтып барам,
Жеңгең де жақсы тілек айтып қалған.
Әзімбек сахнада бата беріп,
ағасын сыйлайды деп айтып барам.

330
Қазақ өнерінің антологиясы
алматыға ақындар кеп қалды байып,
айтысты айқай емес, сән қылайық.
Бар әлі бізден кейін отыз ақын,
уақытты соларға да қалдырайық.
         1989 жыл.
ЕРІК ПЕН ӘСЕЛХАН 
Ерік:
алдымен мен берейін елге сәлем,
тізілген әділқазым – төрге сәлем!
айтыста асуы жоқ, кешуі жоқ
ақ сеңгір – 
Әселхандай белге сәлем!
Әселхан, сен де бұлбұл, мен де бұлбұл,
Әніміз уайым болды-ау елге бұл бір.
өзіңді ерік інің «апайлайды»,
Біреулер түлен түртіп жеңге ғып жүр.
Шақырып наурыз той жетеледі,
Көңілді көктем шіркін көтереді.
түркістан тайқазаны қолда болса,
Көжесі бар қазаққа жетер еді.
Құт кетті, ол қазанда есе кетті,
ақынсың, соған бір сөз десең етті.
магнит толқыны көп алматыда,
Әселхан, көктем қалай әсер етті?
Әселхан:
алып ең ел-жұртыңның ақ алғысын,
Шабыт құс тағы қанат қағармысың?!
елімнің мәртебесін биіктеткен,
алматы, алатауым, аманбысың?!
есен бе, құрбы-құрдас, жалпы халық,
ақын ба, қол соқпасқа халқы танып?!
Хал қалай, қатарласқан әріптесім,
екеулеп жыр-өзенін шалқыталық.

331
Айтыс 4 ТОМ
есеміз әр жерде де кетіп жүр ғой,
Кештеу боп парызымыз өтіп жүр ғой.
ерікжан, айтпай-ақ қой сол қазанды,
айтқаның бұдан басқа жетіп жүр ғой.
ерік-ау, өлеңнен бір ырысымыз,
асады біреуінен бір ісіміз.
Бұлбұл деп Көпбайларды айтады ғой,
Қопалдау, не де болса, ірі ісіміз.
Беремін жалғыз сұрақ бастамаға, 
Көңілім саған деген – ақ шағала.
Қарқынды серпіліс бар біздің жақта,
ерікжан, не боп жатыр астанада?
Ерік:
салған соң жырындыға жырындыны, 
айтыстың туып тұр-ау бүгін күні.
ел бізден өрескел сөз күте ме екен,
Котлет қылса екен деп бірін бірі.
айтыста жалын аттық, гүл аттық қой,
Бауыр боп бір-бірімізді ұнаттық қой.
ең үлкен жаңалығы алматының – 
олжасты аман-есен құлаттық қой.
ел ме едік ерлерінің құнын білер,
Батыраш боп алдық сүріндірер.
сабаса абайыңды надан қазақ,
олжасты сабап жүр ғой «білімділер».
Құлашын кең дүниеге жайған адам,
Халқыңа көңілің қалды-ау, қайран ағам,
Қазаққа бұдан кейін өкпелеп көр,
Шоқанын аға сұлтан сайламаған.
Шырылдап отқа түскен халық үшін,
ақыннан арылмайды-ау бәрібір сын.
Біреуге жақпады ма күрескені,
атомның тоқтатам деп жарылысын.

332
Қазақ өнерінің антологиясы
Әселхан:
гәп бар ғой сайланбаса дара мұнда,
аз әлі жетілуі сананың да.
топанын тоқыраудың сілкіп тастап,
енуі оңай емес жаңаның да.
Қазақтың, бар әлімнің арман-мұңы
олжастың тұнып тұр ғой қабағында.
туса да азаматқа бақ сынар күн,
дерт пе еді әр жыл сайын асқынар бұл?..
Қып-қысқа бұл ғұмырда неге-неге,
Жолдары болмайды екен жақсылардың?
Ерік:
Бірік деп қалың елге сайрап жүрем,
Құлжа ғып әр ағамды сайлап жүрем.
Бәрін де жақсы көрем өздерінің
Бастарың піспей қойды, қайдан білем?!
Әселхан:
адамбыз жақсылыққа жаны құштар,
адам бар жерде бірақ жаңылыс бар.
Жатады жүрегімді дүрсілдетіп,
сен айтқан семейдегі жарылыстар.
Жау шапса бұрын бабам аңдайды екен,
сасқанда жаннан қулық қалмайды екен.
Қазанның төңкерілген астында қап,
Бір бала бір ұрпақты жалғайды екен.
Көшіріп келген жаудан сақтанарсың,
аянбай бар күшіңді ақтарарсың.
газ, ауа, топырақпен енген дерттен,
Жаныңды қалай аман ап қаларсың?..
Ерік:
Қазақтың әз өнерін ту қылған жер,
Шалқыған ән мен күйі бір думан жер.
тулақ боп бара жатыр абай, мұхтар,
Шәкәрім қажымызды тудырған жер.

333
Айтыс 4 ТОМ
ешбір жер Шыңғыстауға жетпес еді,
Көтерді ұландарың көкке сені.
тозаққа айналды ғой, тәуап қылар
Қазақтың мәдине мен меккесі еді.
ұрпаққа жазар ма екен ержетуге,
тазалық орнар ма екен жер бетінде?!
Бесігін шырылдаған сәбилердің,
Жерасты жарылыстар тербетуде.
осындай біздің жағдай, көрдіңіз бе,
өлім ғой күреспек енді бізге.
Банкіде «неваданың» есебі бар,
Бір теңге жарнаңызды бердіңіз бе?
Әселхан:
Партия – халқымыздың кемеңгері,
мазмұны бетбұрыстың тереңдеді.
Шындықты суырып ап шыңыраудан,
сілкініс санадағы жеделдеді.
тарихты қазған сайын аршылуда,
мезгілсіз дауыл жұтқан емендері.
Жүсіпбек, ахмет, мағжан, Шәкәріммен,
Халқымыз қандай биік, беделді еді?!
тұрардай азаматтан айырылғанда,
Қи басты, қиқым терді төмендегі.
Қырық жыл қара киіп, жоқтау айтсам,
Шіркіндер қайта айналып келер ме еді?!
Ерік:
ақынды ел намысы қоздырғасын,
Қалайша ашынып бір сөз қылмасын?!
Әселхан, біраз жайды ақтардық қой,
ақталып жүрмейікші көп жылдасын.
Әселхан:
ерікжан, сөз сөйлесің, кесек-кесек,
өзіңдей жігіттер аз есептесек.

334
Қазақ өнерінің антологиясы
Кезіңде ызаланған кетесің ғой,
Қолыңмен қызыл шоқты көсеп-көсеп.
ұмытты талай қазақ ана тілді,
Қалғандай домбырасыз дала түнгі.
Жалынға тастайсың ба демеді ешкім,
Жұлдыздай жарқыраған жанатыңды.
Баланы өзге тілде нанын тапқан,
оқыды, жетілді деп еттік мақтан.
сол бала жанымызды ұқпағанда,
Қасқырдай зар иледік қауып қақпан.
дәрменсіз сыртта тұрып шуылдаймыз,
есікті қайта аша алмай қатты жапқан.
Қазақша мектептерің жабылған-ды,
газетке ол жайлы да жазылған-ды.
Қайтадан сол мектептер ашылды ма?
Қаулыны нақты іске асырды ма?
«Қазақ тіл неге керек?» дей салатын,
даурықпа ағайындар басылды ма?
Ерік:
өсер ел ауруын жасыра ма,
оларды әлдебіреу басына ма?
Кесел боп сіңіп кеткен нигилистер,
өлсе де алматыда басыла ма?
аз мектеп бар демейміз қалада біз,
Әрқайсысын бір жеңіске балағанбыз.
Жиырма бес мектеп ашты алматыда,
топырағың торқа болғыр,
Шона ағамыз!..
Әселхан:
нәсіп боп кездестім ғой ерікпенен,
ініме тура өзіме еліктеген.
суырылып шығып айтып Керекуде,
Жырыңмен жан-жүректі еріткен ең.
өзгеден жақын тартып айтыстарда,
тілеуші ем қайтуыңды жеңіспенен.

335
Айтыс 4 ТОМ
Ерік:
Құрмет қыл Әселхандай танымалға,
Жюриім, орында ойын қабыл ал да.
Әселхан сыйымыздан жаңылмадық,
сыпайы бізден өткен табылар ма?
                                                                    1989 жыл.
ҚОНЫСБАЙ МЕН ЕРІК
Қонысбай:
Қарадай жасқаншақтап батыл кісің,
тырнағын тоқыраудың батырды шын.
Халқым-ау, наурыз көжең құтты болсын,
ел болып өздеріңше жатырмысың?!
өртейді бір өкініш өзегімді
Шетқақпай қылды екен деп неге бізді.
наурызды дінге апарып шатастырып,
Қанша жыл кере қылдық көжемізді.
Қазір де жайымыз жоқ мақтанарлық,
Кезінде талай-талай артта қалдық.
ұсталған 37-де атамыздай,
Әзерге тілімізді ақтап алдық.
алатау – ақ жаулықты асыл анам,
Көргенде көңіл қалай тасымаған?!
төсіңде бауырларым басын қосты,
Жан-жаққа тарыдай боп шашыраған.
ерікжан, сыртқа салар айбарым-ай,
түріңнен кетпеймін бе айналып-ай?!
Балама айырбастар бауырым ең,
өзіңе қарсы салып қойғанын-ай.
Ерік:
ассалаумағалейкүм, мен бастайын,
Жарқылда, қызыл тілім, алмастайын.
Құмарын қалың елдің бір қандырып,
алдында жақсы ағаның ойқастайын.

336
Қазақ өнерінің антологиясы
Қонысбай, жөн білетін інің едім,
Жарасып, сыйластықпен жүріп едің.
Қонысбай әнге салып құбылтар деп,
менің де түрлендірген түрім еді.
сәлемін пайғамбардың бермей кеттің,
аспанын астананың көрмей кеттің.
өкпелеп қалдың ба, аға, қазағыңа,
айтысқа бір жыл бойы келмей кеттің.
Көп сұрап сағындық қой ағаны біз,
алдымен құтты болсын қадамыңыз.
Жабылған облыстан газет аштың,
Және де құтты болсын талабыңыз.
азырақ сөзді бұрып сол жайына-ай,
Хадари-халімше мен толғайын-ай.
Күн туған бастарына тыныш күнде,
Па, шіркін, маңғыстау мен торғайым-ай.
Білмеймін қай басшының бүлдіргенін,
ел жайы қиындап тұр бұл күндері.
Жапқанда қасиетті екі отауды,
Білмеймін кеңігенін кімнің жері.
даламның ен дәулетін тонайын деп,
Құныққан аш қасқырдай «ағайын» көп.
торғайды таратты ма тоз-тоз қылып,
мұнайын маңғыстаудың талайын деп.
демегін көр-жерді інің не қылады,
Қызмет таппай қазақ қаңғырады.
Жабылған облыстан үлкен елдің
ұлдары үлкен жерге барды бәрі.
облыс болса егер қажетіңіз,
ашынып ел алдында сөз етіңіз.
ағасы, осы жайлы не жазуда,
Қол қойып отырған сіз газетіңіз?

337
Айтыс 4 ТОМ
Қонысбай:
лықылдап кеудеге сөз кеп тұрғасын,
мысымды талайлардан еттім басым.
мақамың өзгеріпті, ерік інім,
Халайық, сындырыңдар шөптің басын.
ақындар жүрегінен күй ақтарар,
Халықтың еркетайы сияқты олар.
мақамын ерік мұндай құбылтқанда, 
Бір әнмен айтқан маған ұят болар.
ерікжан басқа әзіл таппады ма-ай,
Жаныма мына сөзі батқаны-ай.
Әлдилеп қолынан бір түсірмеген,
Халқыма өкпелеуден сақта, Құдай!
сызылтып Кемпірбайдай сәнімменен,
өлсем де асқақ әнге салып өлем.
айтысқа өткен жолы келе алмадым,
газеттің жаңа ашылған қамыменен.
осынау өмірімді қызық еткен,
өнерді биік қоям қызметтен.
ақын деп таниды елі Қонысбайды,
Жүзі кеп, редактордың жүзі кеткен.
демеймін торғайымның топырағы,
ерекше тоқырауда тоқырады.
Күде бір елім қалды-ау, ел басшысы
төріңде министр боп отыр әні.
тіліне қыздырманың ермеу керек,
Кінәні тек халықтан көрмеу керек.
торғайым артқа тартқан болса бәрін,
Хатшысы неге жауап бермеу керек?
мұндайды көріп жүрміз өмірімде,
айтатын сөзім көп қой көңілімде.
тізгілеп осы жайдың барлығын да,
газеттің жазам әрбір нөмірінде.

338
Қазақ өнерінің антологиясы
ерікжан кезек күтіп қалмасын да,
өлеңін ағасының жалғасын да.
Көп болды аттың ізін салмағалы,
айта отыр, не жаңалық алматыда?
Ерік:
сұраққа жауап таппай қаламыз ба?
Жабылды екі облысы даламызда.
Бірақ та секретарьлар кінәлі емес,
Барлық гәп мәскеудегі ағамызда.
талайдың қала жаздап табанында,
Бұл күнде ел болуға жарадың да.
Жабыла жаздады ғой алматың да,
Хрущев пен Юсуповтың заманында.
тарихтың көп сөйлерсің кәрі күйін,
демегін жырлай айту бәрі қиын.
Қазақтан президент сайланбаса,
е, халқым, хал-жағдайың әлі қиын.
Әрине, әзір халқым, бетің дұрыс,
дегенмен аздығыңнан кетуде ырыс.
Әр елді шарласаң да еш қаладан,
таппайсың біздегідей «жетім бұрыш».
сырттағы ел алматыға келмей жатыр,
дидарын астананың көрмей жатыр.
газеттер жар салса да жаңа алаңға,
есімін тұрарымның бермей жатыр.
алматым – талайларға арман қала,
Көгінде көп жұлдызы жанған қала.
дұшпаны не десе де, о десінші,
Жайнатып димаш ағам салған қала.
осы сөз маған сор боп тие ме екен,
сонда да ерік басын ие ме екен?..
Халқымның ықыласына ризамын,
ағасын баяғыдай сүйеді екен.

339
Айтыс 4 ТОМ
алматым – ақ жұлдыздай аққан қала,
Жоғалтқан көп асылын тапқан қала.
Халқымның ар-иманын оятпаққа
медресе ашайын деп жатқан қала.
ел сөкпес алла атымен жырлағанды,
ар-иман сақтап қалар бұл ғаламды.
алдымен үлгі тастап жігіттерге,
Бермекпін медресеге бір баламды.
Қонысбай:
ерікжан, інім едің еріп жүрген,
Жанымда ақбөкендей желіп жүрген.
ойына келген сөздің бәрін айтып,
Қызығын жарияның көріп жүрген.
Халқымыз болып қалған шошымалы,
Бұл сөздің біздер үшін тосын әлі.
аузыңды мәскеуге салған кезде,
Кейбіреу тыңдауға да шошынады...
Біреулер жаман науқан ашқан еді,
Кеудесін ағамыздың баспақ еді.
мен неге айта алмаймын торғайымды – 
Кезінде димаш ағам ашқан еді.
Жағдайды, інішегім, байқадым көп,
өкініп талай басты шайқадым көп.
өмірі еш жамандық көргенім жоқ,
алғыстан басқа ағаға айтарым жоқ.
Қашанда зиялы ақын ақын сүйкімді ғой,
Бірақ та шауып кету біртүрлі ғой.
Кей сөзің жалаң ұран боп барады,
ерікжан, сенің орның митингі ғой!
Бағаңды бір адамдай білер едім,
Қашанда саған табыс тілер едім.
тұсында төңкерістің туғаныңда,
Басқарып «Қызыл отау» жүрер едің...

340
Қазақ өнерінің антологиясы
Ерік:
Әр заман мен әр түрлі жасар едім,
Қашанда осы әніме басар едім.
тұсында төңкерістің туғанымда, 
малымды ап, Қытай асып қашар едім.
елімнің жүрер едім екпіні боп,
Жалындап ауыздағы өрт тілі боп.
ерікті митингіге жіберші деп,
Келер ең «Қызыл отау» лекторы боп.
демеймін ініні аға күндейді ғой,
сөйлейді суырылып бұл дейді ғой.
мәскеуден неге қорқам, Қоныс аға,
горбачев қазақша тіл білмейді ғой...
Бұл інің осы жайды саралайды, 
сондықтан Кремльді жағалайды.
Қазақша тіл білем деп бізді алдаған,
Колбин де тілмаштыққа жарамайды.
Қонысбай:
Бәрібір ағаңа сен ерер едің,
Болмаса теледидар көрер едің.
мал айдап, Қытай асып кеткеніңмен,
айтысқа бүгін мынау келер едің.
төңкеріс бүгін тағы болып жатыр,
Көкейге талай істер қонып жатыр.
Парасат жарасады шын ақынға,
айқай-шу бізсіз-дағы толып жатыр.
ерікжан, талмады ма жағың әлі,
айтыста сынған жоқ қой сағың әлі.
горбачев қазақша тіл білмегенмен,
аударып беретін жан табылады.
тайжы кеп айтқан кезде күй-арманын,
Құмыра сыйлағанға ұялғаным.
сен сонда түйе шекпен жаптың оған,
Көріп мен көз жасымды тыя алмадым.

341
Айтыс 4 ТОМ
інімсің атымтайдай сері нағыз,
сондықтан сол айтысты сағынамыз.
ақ бозды саған түсіп берді емес пе,
Біреуі шәкіртімнің Жадыра қыз.
Ерік:
мәрттіктен асар, сірә, қылық бар ма?
тәнтіміз қашанда елдік ғұрыптарға.
мен құсап горбачевті сөз қылам деп,
Қонысбай, партиядан шығып қалма...
ақынды өресімен ел сынаған,
сырттағы ел әрқашан да болсын аман.
он бес мың қазағымның ықыласын,
арқалап қош келіпсіз, мансұр ағам!
ол жақта құмар екен ұшқан жырға,
өкпесін тыңдаушының қысқан жырға.
Жадыра екеумізді жақсы көрер,
он бес мың ел бар екен стамбулда.
Жырлаймын, мен жырлайтын шағымдамын,
Халқымның алды дәйім сағынғаным.
Халқымның бергені деп ақ боз атты,
Қолынан Жадыраның қабылдадым.
ол тұлпар тигеннен соң тақымыма,
Болды ғой көп әңгіме ақыныңа.
Барлығын тізе беріп неғылайын, −
ризамын Жадыраның ақылына.
ол жерде ондай мансап іздемеп ем,
Құрмет те көбейді ғой бізге деген.
осыдан осы жолы тұлпар алсам,
Қос-аға, Жадыра үшін сізге берем.
Әрдайым осылайша жарасайық,
аға-іні, құбылаға қарасайық.
Қайтейін жақсы ағамен жағаласып,
осымен мен бітірдім, тарасайық.
1990 жыл.

342
Қазақ өнерінің антологиясы

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет