«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет16/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#9897
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23

Есенқұл:
сөз бенен домбыраға олақсың ғой,
Жаттап алған сөздерді бораттың ғой.

288
Қазақ өнерінің антологиясы
дәп бүгін берер едім сазайыңды,
Қайтейін, бүгін бізге қонақсың ғой.
                                                                      1984 жыл.
ӘСИЯ МЕН ЕСЕНҚҰЛ
Әсия:  
талай жиын, той-думанды бастаған,
Жырмен түлеп, жыр қанатын қос қағам.
Бас қосқанда дүлдүл жігіт, бұлбұл қыз,
мен қалайша жыр сайыстан жасқанам?!
Кем демеймін менде өнер басқадан, 
Қатаяр-ау жылдарменен жас қадам.
Шалқар шабыт, қуанатын жырыма,
армысыңдар, туған халқым, астанам!
өлең мен жыр сүйіп өттім жасымнан,
өнеріме талай жандар бас ұрған.
толқынынан тобылымның сәлем ал,
есенқұл-ау, шығып қапсың қасымнан!
айтысты елдің бәрі көруге асық,
отыр, міне, сахнаға қарасып.
Шаршы топтың талғамынан шығайық,
айтысқанда әзіліміз жарасып.
далаң толы  өлең мен жыр, күй елің,
топырағыңды қастерлеймін, сүйемін.
ақындарға шалқар шабыт сыйлаған,
Қасиетті жеріңе бас иемін.
атың таныс көпшілікке, білемін,
Қызды  жеңу болып жүр ғой тілегің.
Әй, білмеймін, түсті мен екен орнына,
Әселханнан  шошып қалған жүрегің.
Бір көрерге секілдісің төзімді,
ұлы тойда естіп едім сөзіңді.

289
Айтыс 4 ТОМ
астанада бос жүрмеген шығарсың,
Көрсетші еліңе өнеріңді, өзіңді.
Есенқұл:
армысың, ағайын-жұрт, барша халық,
алдыңа келдім тағы арқаланып.
Әсия, Әселхандар қоймады ғой,
есенді қайта-қайта ортаға алып.
армысың, аққудайын ақ жеңеше,
Көңілін бұл қайныңның тап, жеңеше.
Желіккен жеңгейлердің дәл өзіңдей,
Көтергем базынасын әлденеше.
Әселхан  – өлең сөздің ақтабаны,
дегенмен, ол да мені таптамады.
«Жігітте сендей бүгін ақын жоқ», – деп,
Әселхан жиі-жиі хат жазады.
ендеше, сені бүгін жеңгем деймін,
Жеңгемді ешбір қыздан кем көрмеймін.
Қалжыңдап, әзіл айтып жеңгем тұрса,
Қалайша қанжығама өңгермеймін?!
Бар болса, қалтаңдағы теңге жақсы,
Жеңгелер «сізден» гөрі, «сенге» жақсы.
Қылықсыз қыздан гөрі, Әсиядай,
Қырқында қылшылдаған жеңге жақсы.
Бір әнім бір әніме ұласады,
Жеңгелер қайнысына сыр ашады.
Қартайып жиырмасында жаман жеңге,
Қырқында жақсы жеңге гүл ашады.
ендеше, сен де бүгін гүл ашқайсың,
Қайныңа қайтып мендей сыр ашпайсың?
ұнатқан бар қазақтың қара көзі,
ақынды сен қалайша ұнатпайсың?!
деймін осы алматы, жер менікі,
немесе осы отырған төр менікі.

290
Қазақ өнерінің антологиясы
есенқұл осы айтыста басы бүтін,
Әдемі Әсиядай жеңгенікі.
сендікпін, ақын жеңге, бүгін кешке,
аларсың ертеңгі күн жырымды еске.
несі айып, қайны менен жеңге болып,
Бір кешке бұл айтысты дүрілдетсе?!
Қайтеміз осыны ұқпай, ауылдағы,
ағамыз сізге өкпелеп, «ұрын» кетсе?!
ағамнан несін қорқып жасқанайын,
дегенмен артын ойлап сақтанайын.
өйткені салт-санасын қазағымның,
ұмытып кеткен дейді Қостанайың.
осыған жауап берші алдыменен,
мен біраз жауап тосып тоқталайын.
Әсия:
есіңде қалар сөзбен белдескенің,
Көрген соң өлең-жырдан сел көшкенін.
сорың ба, таланың ба, есенқұл-ау,
алдымен Әсиямен кездескенің?!
сауғалап жыр сайыста жалынбағам,
Белгілі болып отыр халің маған.
сыпырып жыр қамшымен алайыншы,
Болса егер ащы терің алынбаған.
арқалап ақын әр кез алға асатын,
тізіліп жыр маржаны жалғасатын.
айтысты сылтау қылып, әдет шықты-ау,
інісі апасына жармасатын.
ағытсам, жырым – тасқын, селдетеді,
Жабыдан шаба алмаған тер кетеді.
«Жеңге» деп шаужайыма жармаспай-ақ,
«апа» деп сыйлай салсаң, нең кетеді?!
Жырым бар босатқанда ағылатын,
Жан едім арыма тек бағынатын.

291
Айтыс 4 ТОМ
Қайтейін, есенқұлдай Бекежанды,
үйімде төлеген бар сағынатын.
өзеуреп, есенқұл-ау, қалыспадың,
сөзіңнен, міне, сені тағы ұстадым.
үйдегі жұбайыңа ұнай ма екен,
айтысқан қыздарыңа жабысқаның?
Бос сөзге үйір болып алғанбысың,
іздемей жырдың, сірә, талғамдысың.
Қыздарға  сахнада қырындауды,
айтыста әдет қылып алғанбысың?
лепіріп ақын жүрек ұшады да,
ойламай қойдың, сірә, бұ жағын да.
есенқұл, өз бойыңды шамалашы,
неше қыз сыйғандайын құшағыңа?
Кезің жоқ олқылықты білгізбеген,
Жиналған жұртшылыққа күлгізбеген.
оп-оңай құтылам деп отырсың ғой,
Жеңгелеп, тек ақырын «сіз-бізбенен».
Шапсаңшы жүйрік болсаң қамшы салмай,
төгіліп әнге салып, көкке самғай.
сенбеймін нағыз ақын екеңіне,
маңдайдан тер төгіліп, тамшы тамбай!
Есенқұл:
Әсия, аспаныңда күлсін айың,
өзіңді осындайда бір сынайын.
сөкетті сөздер айтып жұрт алдында,
демейді-ау, бұл Әсия  қымсынайын.
Желіккен  жеңгем болып сен отырсың,
Қалжыңбас қайның болып шымшылайын.
апам да бола алмайсың, замандасым,
санасам талай қалар төмен жасың.
өзіңді жеңеше деп өбектеймін,
ескеріп ауылдағы ағам жасын.

292
Қазақ өнерінің антологиясы
Қайны боп жүрем сені сағындырып,
Қоямын алматыға сабылдырып.
Жас жігіт «жеңеше-ау» деп отырғанда,
Кетпей ме өзіңнің де жаның кіріп?
Қайтсең де бүгін саған қайның болам,
Әсия, белгілі ғой жайың маған.
Қайындар қатты әзілдеп кеткен шақта,
Білесің, ешнәрседен тайынбаған.
Көркіне кім қызықпас қыз баланың,
Қыздарды бойдақтардан қызғанамын.
Әлі де көркімізге қыз қарайды,
Әсия, «ішің күйсе, тұз жалағын».
толғаған тоқсан түрлі өлең мен жыр,
Қазақта қыздар өткен небір дүлдүл.
Қыздары бұл күнгінің өлең тұрмақ,
сөйлейді бір-бірімен шүлдір-шүлдір.
Әсия, ақын деген ат алғансың,
елінен Қостанайдың бата алғансың.
айтыста қайын жұртқа қарсы шығып,
содан соң сойқан келін атанғансың.
сол жеңгем енді маған тиіседі,
Жеңгемнің тиіп жүр ғой жиі себі.
Қыздары бұл күнгінің жігіттерімен,
Көшенің ортасында сүйіседі.
соларға Әсиядай жеңгелерім,
айтуға ақылдарын тиіс еді.
Жеңгелер санамай құр теңгелерін,
Қыздарға ақыл айтса, жөн көремін.
Жігіт боп мен де қызға қарамаушы ем,
үйреткен бар сұмдықты жеңгелерім.
Әдепті қыздар бүгін әсте сирек,
Жаманын осындайда таста түйреп.
ұнатып әкесі емес, алиментін,
Жүреді күйеулерін сотқа сүйреп.

293
Айтыс 4 ТОМ
Болашақ ұрпақ үшін тарылмаған,
аз бүгін Әселхандай қадірлі адам.
соңына бес баласын ілестіріп,
Кәдімгі мама қаздай мамырлаған.
сөкпеңдер қатты айтты деп, жеңгелерім,
сендерге ай мен күнге теңгеремін.
тарлық қып жатса, шіркін, қандай бақыт,
оншақты ұл мен қызға бөлмелерің!
атынан жеңгелердің сөйлесін деп,
мен енді Әсияға сөз беремін.
Әсия:
Шарлап жүрсің Жетісудің өңірін,
енді ғана басталғандай өмірің.
Шүйлігесің, бүгін маған, есенқұл,
Қалған екен, сірә, қыздан көңілің!
Көрініп тұр жыр отына қызғаның,
оғаш болар елдің ойын бұзғаның.
Қырық үйден тыйым салып жүрсе де,
Қадірлеген халқым қазақ қыз жанын.
Жырла дейді бүгін маған ағайын,
домбырамды орай-орай қағайын.
өзің ашып бере алмасаң қыз жанын,
Жырлауға мен барымды сап бағайын.
Қыз биязы текеметтің түгіндей,
Қыздар әсем қырдың қызыл гүліндей.
Көңілінен шыққан затты қашанда,
дейді халқым: «Қыздың жиған жүгіндей».
талай сөздер келіп қалды көмейге,
Қыз мініезді жігіт екен демей ме?
түсінбесе, өзің ойлашы, есенқұл,
Жігіттерді халқым қызға теңей ме?
...орынсыз өзіңді-өзің мақтағаның,
Жөн болмас ала жіпті аттағаның.

294
Қазақ өнерінің антологиясы
от көрген көбелектей ұшып-қонба,
Жөн болар сыпайылық сақтағаның.
Шабыт бұл қай ақынды билетпеген,
ибалы жігіт бірақ сирек көрем.
Шын айтсам, надеждаға өкпелімін,
Жақсы сөз жиеніне үйретпеген.
Көңілің қалған екен құлазып-ақ,
Болған-ау, саған сірә, сын азырақ.
Қайтейін, бірінші боп тиістің ғой,
Шымшиын мен де сөзбен біразырақ.
зер салып өз ісіңе қарамадың,
Келеді-ау, сірә, өзіңді даралағың.
еліңе қонақ болып келгенімде,
алдымнан қарсы алуға жарамадың.
мен оңай түспеймін ғой, бірақ қолға,
салайын өлеңіңді тура жолға.
Білмеймін, келін ұстап қалды ма екен,
өзің де сүйретіліп, жеттің зорға.
Жүрсең де дайындалып күні бұрын,
Белгілі болып қалды-ау сенің сырың.
өрнекке қолдан тоқыр олақсың-ау,
Жырларың жамалғандай жырым-жырым.
Кімнің қуып, кімнің білші қашқанын,
ақыным-ау, сен жаңыла бастадың.
Шыныдай боп жарқылдаған көзіңнен,
Көрініп тұр, есенқұл-ау, сасқаның.
Есенқұл:
Көзімді айтып, Әсия-ау, не қыласың,
олай айтсаң, тағы да жаңыласың.
«соқыр десең, тиеді Құнанбайға», – 
деген сөздің ұқпайсың мағынасын.
Көзімнің көктігіне өкінбеймін,
Кемсітіп соның үшін отыр мейлің.

295
Айтыс 4 ТОМ
орыс пенен қазақтың ортасында,
Жалғасып жатқан мәңгі көпірдеймін.
Қыз деген кір жақпаймын жалпы ұғымға,
«Қыз – елдің көркі», – дейді халқымызда.
Шетелдік етік алып берсе біреу,
Кетеді кей қыз соның қолтығында.
Әсия, әдемісің бойың сұңғақ,
тек, әттең, аузыңдағы сөзің құрғақ.
Қыздары бұл күнгінің аш күзендей,
Бұраңдап, би-билейді ырғақ-жырғақ.
оларға айтпаймысың, даңғазадан,
домбыра, халықтағы ырғақ қымбат.
Көрсетіп қаһарланған бетіңді енді,
Әсия, сөз сөйлейсің дөкірленіп.
ақын боп ауылыңда жүрсің жалғыз,
Бір бидай арпа ішінде секілденіп.
Қайда осы, ақын жеңге, жерлестерің,
Қолыңа домбыра алған бойжеткенің?
Бұралып бір жас сұлу шыға келсе,
Бәйгемді айтыспай-ақ бермес пе едім?
Жас келін жарасады бесігімен,
Жаюлы дастарханды несібімен.
Келіні бұл күнгінің: «не керек», – деп,
ешкімді қаратпайды есігінен.
Жас келін жарасады енесімен,
Жақсы келін кетпейді ел есінен.
Келіні бұл күнгінің келсаптай боп,
енесін жүргізеді төбесімен.
Көрген нәрсем әрқашан көңілімде,
айтылсын соның бәрі өлеңімде.
иіліп сәлемдерін бермек түгіл,
алмайды атасының сәлемін де.

296
Қазақ өнерінің антологиясы
дәстүрдің біз білеміз тозбасын да,
ертеңге жақсы дәстүр озбасын ба?
Әсия, келіндерге ақылыңды айт,
Болмаса сол кемшілік өз басыңда?
Бай болсын қыздарымыз ізгілікке,
Көп біздің жақсы дәстүр ізгі жұртта.
ал енді осыменен қош-аман бол,
Әсия, көріскенше бізді ұмытпа.
Әсия:
деуші едім, сірә, жырда киелісің,
сөздің тек сөйлеймісің жүйелісін.
өзіңнен оза шауып кеткеніме,
есенқұл, іштен жанып-күйемісің.
Қиқулап құрғақ сөзбен қумай сағым,
Жеңіп ал, ақын болсаң, жырдың тағын.
мен-дағы жөн сөзбенен аяқтармын,
сынбасын ел алдында сенің сағың.
алдыңнан шыға берді-ау тор бітпеген,
торлану ақын үшін қорлық деген.
Шабытың шабандады – көрініп тұр,
айтысқа шыққансың-ау зорлықпенен.
Жырым ба талмай шалқып, қалықтаған,
Әнім бар сахнаңда шарықтаған.
ізбасар шәкірттерім бар елімде,
Әрқашан үйретуден жалықпаған.
Шәкіртсіз ұстаз тұл ғой, білмейсің бе?
Жастарды өзің көзге ілмейсің бе?
Көсілтіп осындайда айтпағанда,
Жырыңды қапқа салып сүрлейсің бе?
ақыным, ақылға біз салайық та,
Құптамас желіккенді халайық та.
сара мен Біржан салдай ел есінде,
өнермен өнегелі қалайық та.

297
Айтыс 4 ТОМ
Қалдырмай өлең-жырды іркілдіріп,
тастадық тыңдаушыны сілкіндіріп.
өнерге ат салысқан ұл мен қыздың,
есімін жүрсін дәйім жұртым біліп.
демеймін айтысарсың айында сан,
Келеді енді сенің жайың қашан?
Әрқашан айтысуға мен дайынмын,
есенқұл, өзің қорқып тайынбасаң.
айтатұғын енді басқа жоқ па әнің?
Басып алшы жүрегіңнің соққанын.
үйренгенің дұрыс шығар, есенқұл,
Жерсің әлі талай қыздың тоқпағын.
Жүрегінде жыр болмаса толымды,
Кес-кестеме енді менің жолымды.
тайсақтама, бірақ өнер жолында,
достықпенен ұсынамын қолымды.
Басылса еген жырға деген құмарың,
мен сеземін бұл айтыстың тынарын.
Қош-сау болып тұрыңыздар, көрермен,
Көңіліңді қол соғудан ұғамын.
                                                                    1984 жыл.
Әсия:_Хақым_бар_кей_сөзіңді_жаман_дерлік,_туады-ау_қыз_көргенде_саған_да_ерлік._сансызбай_Жібекке_мен_болам_дедің,_Жаңғыртып_ескі_әдетті_әмеңгерлік._Ерік'>Әсия:_ойыңнан_қыз_көргенде_дарын_қашты,_ұмтылдың_аламын_деп_алынбасты._Әй,_білмеймін,_апаңды_сен_аярмысың,_аямай_жібердің_ғой_қарындасты._Ерік'>Әсия:_Кеңдігін_көңілімнің_көрші_бүгін,_ерік-ау,_бұл_да_сенің_кемшілігің._дәстүрін_түре_айтыстың_бұзам_дейсің,_айтыскер_ақындарға_ерсі_бұның._Ерік'>Әсия:_арқаның_ақын_қызы_Әсиямын,_несіне_ел_ықыласын_жасырамын!_лайықты_ер_жігітке_сыпайылықпен,_аталы_сөз_сөйлесең_бас_ұрамын._Ерік'>ӘСИЯ МЕН ЕРІК
Әсия:
арқаның ақын қызы Әсиямын,
несіне ел ықыласын жасырамын?!
лайықты ер жігітке сыпайылықпен,
аталы сөз сөйлесең бас ұрамын.
Ерік:
алдында өлең айтып мен көрейін,
ақанның Құласындай дөңгелейін.
атынан ат үріккен апам едің,
дәл қазір жазатайым мен не дейін?

298
Қазақ өнерінің антологиясы
Әсия:
атағың елге әйгілі, ақын жігіт,
Жыр айтшы мына жұртқа татымды ғып.
Бұл сайыс көтермейді сипақтауды,
Керек қой айтысқанда батылдылық.
Ерік: 
алдында қалай өлең таппайын-ай,
өлеңнің ақ тұйғынын баптайын-ай.
Батылдық керек дейсің, ол дұрыс қой,
Бүлдіріп алсам қайтем, апайым-ай?!
Әсия:
лақ еткен, соза құяр қасықтаймын,
мен бүгін өзіңді, інім, жасытпаймын.
ойыңды жөндеп айтқын, ақын ерік,
Ән-жырға қолға жайлы асықпаймын.
Ерік:
Бұл ерік сөйле десең ұшып отыр,
ойыма неше тармақ түсіп отыр.
түренің шарты бізге қиын екен,
Бір шумақ дегендері қысып отыр.
Әсия:
Кеңдігін көңілімнің көрші бүгін,
ерік-ау, бұл да сенің кемшілігің.
дәстүрін түре айтыстың бұзам дейсің,
айтыскер ақындарға ерсі бұның.
Ерік:
түнере қара бұлттай жауад та ерік,
өлеңге бір кісідей сауатты ерік.
Қоймадың бауырыңа шүйлігуді,
осылай отырам ба жауап беріп?
Әсия:
інім ең кездескенде сыйласатын,
ретің жоқ ойда жоқта қинасатын.
ақ жолы ақындықтың үлгі бізге,
Жел сөзге бірін-бірі қимас ақын.

299
Айтыс 4 ТОМ
Ерік:
Әсия, мағына көп өлеңіңде,
ел сүйер қылықтар көп өнеріңде.
Бір кеште бір қарындас, бір апамен
айтысу маған оңай дегенің бе?
Әсия:
ойыңнан қыз көргенде дарын қашты,
ұмтылдың аламын деп алынбасты.
Әй, білмеймін, апаңды сен аярмысың,
аямай жібердің ғой қарындасты.
Ерік:
соңынан еріп жүрмін құлындай боп,
мен сенің жазылмаған жырыңдай боп.
Қайтейін қарындасқа тырнақ батты,
ұпай да кетті кісі құнындай боп.
Әсия:
Хақым бар кей сөзіңді жаман дерлік,
туады-ау қыз көргенде саған да ерлік.
сансызбай Жібекке мен болам дедің,
Жаңғыртып ескі әдетті әмеңгерлік.
Ерік:
Келдің ме маған сайлап кездігіңді,
өткенді қозғаған соң сөз бүлінді.
намысын Жібек жанның жырта бермей,
одан да ойласаңшы өз күніңді.
Әсия: 
талаймен жыр жолында жарысқанмын,
Бірақ та ешбірінен қалыспадым.
алғым жоқ абыройды арсыздықпен,
сыпайы сөзден әрі барыспағын.
Ерік:
Қиналып көрмеп едің шеп бұза алмай,
Қиналдым мақтауыңды жеткізе алмай.
өзіңді мақтай беріп неғыласың,
Біреуге отыр ма едің өткізе алмай?

300
Қазақ өнерінің антологиясы
Әсия: 
Кездесті небір жырдың майталманы,
ешбірі сүрінбестен қайта алмады.
Қызылжар қиқарланып шығарып ед,
ерікжан, жөнді бір сөз айта алмадың.
Ерік:
Әсем ән көмейден бір саусылдаса,
талмайды-ау шамалыға даусың да аса.
апа, сен ұялмасаң, мен ұялдым,
Шырқай бер репертуарың таусылмаса.
Әсия:
Келді ғой қара сөзден ұйқым, тегі,
Жинағың жыр емес бұл, қиқым ба еді?!
айтысып Әсиямен атым шықсын,
деген бұл, інішегім, сиқым ба еді?
Ерік: 
Жан жетпес, ей, апатай, саған дауда,
дауыңа елі-жұртың алаңдауда.
сыйласып, сіз-біз десіп жүр едік қой,
енді кеп көшкенің бе жамандауға?
Әсия:
Шошынып өз-өзінен безінгендей,
төнгенін бір қатердің сезінгендей.
ерік-ау абдырамай ақылға кел,
Жөнсіз сен боздай бермей бозінгендей.
Ерік:
Әсия, топқа салған елім дейсің,
еліңнің сөзін айтпай шегін дейсің.
Боздама бозінгендей деп отырсың,
айтысты қой демесең не қыл дейсің?
Әсия:
Қалайда бір тұйыққа кезігесің,
ой салам, ерік саған, өзіңе сын.
Қоғамда болып жатқан бетбұрісті,
айтшы, сен өзің қалай сезінесің.

301
Айтыс 4 ТОМ
Ерік:
мен өзім шамалыға тарылмаймын,
алатау тау суындай ағындаймын.
Халқымның бетбұрыс деп салған әнін,
сұрасаң құп алып мен қабылдаймын.
Әсия:
Жырлар тұр ойнақ салып өзегімде,
үлгерсең жарар еді кезегіңде.
салауат салтыменен неше тойды
өткізді қыз бен жігіт өз еліңде?
Ерік:
Біздерде талай той мен жиын боп тұр,
тойларда менің жырым сыйым боп тұр.
салауат деген жақсы халайыққа,
Бірақ бірден қойып кету қиын боп тұр.
Әсия: 
Берік бол сен ақындық міндетіңе,
Кім қарсы сөз сөйлейді қыз бетіне?
Жылытты жылы сөзің жүрегімді,
рақмет, ерік інім, құрметіңе.
Ерік:
ей, апа, әлі талай кеңесеміз,
төскейде тереземіз теңесеміз.
Шынымен сұрақ қою жеткен шығар,
интервью алып кетем демесеңіз...
                                                                    1985 жыл.
ӘЗІМБЕК ПЕН ҚҰДАЙБЕРДІ
Әзімбек:
Жыр тұнды бүгін менің жүрегіме,
Қосылдым бар ақынның тілегіне.
Әулиеата жерінен сәлем бердім,
ақмешіт – сыр еліне, жыр еліне.

302
Қазақ өнерінің антологиясы
Бүкіл ел жасап жатыр тойға қамын,
дарытып ойға дабыл, бойға жалын.
екпінді құрылыста комсомолдар,
тасытқан табыстардың тайқазанын.
осылай комсомолдар шырай берді,
адресіңді бүгін қыздар сұрайды енді.
Көкшенің сұлулығын жырға қосып,
айтшы кәне, құрдасым, Құдайберді.
Құдайберді:
Қайта құру талабы бүгінгінің,
осыны Құдайберді ұғынды шын.
Көкшенің сұлулығы бір шумаққа,
сыймайтынын Әзімбек ұғын бүгін.
Бұл бір сөз көңіліңді өсіретін,
өзіңді жақсы аламын есіме тым.
уақыттың тар екенін білеіміз ғой,
азырық енді жырлап көсілетін.
Келбеті Көкшетаудың талайға аңыз,
Қазаққа ортақ дейміз алайда біз.
осында сұлулықтың киесі бар,
тіл тигізіп алудан абайлаңыз.
ассалаумағалейкүм, алтын мекен,
өнердің қайнар көзі халқымда екен.
Қуырған жер апшысын дүбір салып,
Шаңдағы жүйріктердің артында екен.
сыр елі еңбекпенен таң атырған,
ғанидай ел бастаған бала туған.
ең ақыр бесіктегі сәбиің де,
Кетпенін бабасының ала туған.
Жырлады өткеніңді бар ақындар,
демеймін менде олардан дара тіл бар.
Жұлдызы заманымның болу үшін,
өмірге тағы бір ғани жаратыңдар.

303
Айтыс 4 ТОМ
Көтерген биіктерге жыр ғылымын,
Жиналды игі жақсы – бұл бір ырым.
атышулы аламанның алдын бермес, 
тұлпар болып тусыншы бір құлының.
тойымен құттықтаймын комсомолды,
өткерген еңбегімен қанша жолды.
Жалауы өнердің де желбірейді,
Комсомол қолдарына алса болды.
Құттықтау сөз айтамын сахнада,
іргелі институт атына да.
тілерім босағасын көрмей кетсін,
адамдар ойы таяз, ақылы ада.
тілектес досым едің, Әзімбегім,
сезді жұрт арамызда әзіл көбін.
ұядан қанаттанған қаршыға едің,
Жақсы еді сұңқардан да қаз ілгенің.
Жауап берші сен де менің сауалыма,
таңданба олай менің ауарыма.
Қызылорда тілектес көршің еді,
Қандай көмек беріп ең аралыңа?
Әзімбек:
ақын боп бұл халқыма байқалайын,
аралдың гүлдеріндей жайқалайын.
аралдың жайын қозғап кеттің жаңа,
ендеше мен де жауап қайтарайын.
Қолыңды құр бекерге сермейсің де,
оданда жақсыларға ермейсің бе?
Шын жаның ашыса егер Көкшетауда,
 сексен көлден су әкеп бермейсің бе?
Келіпсің Көкше жақтан қадам басып,
Болғандай халық отыр саған ғашық.
мақтап-мақтап халыққа жағамын деп,
досыңмен алмадың-ау амандасып.

304
Қазақ өнерінің антологиясы
салмақты сөз айтайық сахнадан,
ақиқатты айтпай ма ақын адам.
Комсомолдық айтыстар болған емес,
мінеки, халқым куә бақылаған.
ұшсақ та екі өлкеден жыл құсындай,
сәлемді кете бардың бізге ұсынбай,
ағаларға рақмет жасап берген,
Комсомол айтысының тұңғышын-ай.
Жігіттің сенен көрдім көріктісін,
ақынның жолықтырдым бөріктісін.
Басымда тақиям да болмай отыр,
серідей берген  сертке  берікпісің.
Жарамас ел ел жайында сөз етпеген,
Қашанда қызыл тілді безеп келем.
Кезегіңді өзіңе қайтарайын,
Құдайберді, сөз алайық кезекпенен.
Құдайберді:
Халайық бұл сөзіңе мәз болды да,
Көңілім жүре берді жаз болды да.
екеуміз құшақтасып келіп едік,
мана берген сәлемім аз болды ма?
Көз салып парасатпен алдын әлі,
Жақсы істер қолдау тапса жаңғырады.
тың көтерген халқымыз елдігімен,
Кешегі түрксиб пен Бам-ды дағы.
Біз сонда шын мақсатқа жетер едік,
Қайтеміз, бір тұтанып, өше беріп.
Байқалсын ақындықтың құдіреті,
елге барып жастарды көтерелік.
Әзімбек:
адал ақын болуға жарадым ба,
Әзімбекті әлсізге санадың ба?
Құдайберді, сексен көлді толтыра алмай,
нең бар еді бұл жақтың аралында...

305
Айтыс 4 ТОМ
Келмейді бұл айтысқа бөтен адам,
Әзілің жарасып тұр, көтере алам.
өзіңді бұл бәйгеге баптады ма,
отырған тарлан ақын Көкен ағам.
Жауап бермей мен қалай жай табамын,
Біраз жайды жыр етіп айта аламын.
Білесің ауғанстанда болып келдім,
өзіңнен қалай бүгін тайсаламын.
Бір сыр бар айтылмаған назды үнімде,
теріп ек бірге жүріп жаз гүлін де.
Бүгін қарсы отырмыз өлең айтып,
алғаш біз кездесіп ек Казгу-іңде.
Бақыт қонсын қашанда бір басыңа,
Шығайық аңсап жүрген қыр басына.
Әзімбекке арал жайлы көп қозғамай,
айтпайсың ба, ниятолла құрдасыңа?
Жыр кезек бір өзіңе жолдайын ба?
айтқаныңның бәрі рас, қолдайын да.
аралды көркейтпей-ақ, құрдасым-ау,
Жамбылымның таласын оңдайын да...
Әзімбекті аямай қуырып айт,
өлеңді табан асты тудырып айт.
Барды-жоқты тізбектеп тере бермей,
тағы да тереңдіктен суырып айт.
айтайық ғани, мәншүк батыр әнін,
Жақсылық жая берсін жапырағын.
Көкшені қозғай түсші әрмен қарай,
тағы да сөз сайысқа шақырамын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет