«Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару бағдарламасы» бойынша жарық көрді



Pdf көрінісі
бет20/23
Дата15.03.2017
өлшемі1,09 Mb.
#9897
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Әбдікерім:
Қанша жерден қожа едің дегенменен,
Кезім жоқ биігімнен төмендеген.

360
Қазақ өнерінің антологиясы
имамдықтан әл әзір дәметпеймін,
үгітімді жүргіземін өлеңменен.
Қиғаш мұртым назарыңнан тыс қалмады,
Әзілмен әдіптедің шеберлеген.
мұрттай ұшып, ауырсам дәл осыдан,
Көз тиді деп Әселхан сенен көрем.
дәметпей-ақ қоя ғой ұлықбектен,
«ұсталықты» туды деп пе ең біліп көктен.
Жиырма жыл Ясауиді жөндеп бітпей,
талайлар артын ашып, күліп кеткен.
ауғанмен әр нәрсеге аңсарымыз,
Бітпейді екеуміздің дау-шарамыз.
Бабалар салып кеткен ғимаратты,
Жөндеуге жетпей жатыр қауқарымыз.
Шығарма кемшілікті өзің де естен,
азаматқа аманаттай елім дескен.
Қасқайып тұр аты ауыспай ауданыңда,
екі бірдей елді мекен темір дескен.
түсірмей ұлыларды нала күйге,
Біреуін бермейсің бе Фарабиге.
майлықожа, ергөбекке жараспас па?
танылған алашыма дара күйде.
тақиясына кімдердің тар келеді,
Көнуі қиын бірақ қазақ иге.
Әселхан:
Безді ғой бұл Әбекең ұлықбектен,
заман ғой жақсылардан ырық кеткен.
Кім екен ол шіркінді бастық қылып,
Жаманның қалпағындай іліп кеткен.
деп едім әріптес деп үкілейін.
Қорықпа ұшамын деп үкідейін,
Кетпесе тілім өтіп, көзім өтпес,
дегенмен саудаңызды бітірейін.

361
Айтыс 4 ТОМ
ауылға келмейді ғой кесел түзден,
тәуір сөз күтіп отыр осы ел бізден.
обцеводты Фараби атаймыз деп,
Келеміз үміт етіп әсерлі ізбен.
темірге ұлылырдың атын бер деп,
Қойшыдаймыз отарын кеш өргізген.
Қолында билігі бар шенеуніктер,
Бұл жайды сұрар ма екен екеумізден.
осы ма менен кінә тапқан жерің,
ақын деп Әбдікерім мақтанды елің.
су шығарған моторың от шығарып,
өртенді жеті жарым гектар жерің.
орнына мұны қалай келтіресің,
осыған жауап берші ақтангерім..
Әбдікерім:
досым-ең арқа сүйер жар секілді,
Қосалқы бір өнерің бар секілді.
Жеңгенің түкірігі қайын үшін,
алуа, шекер менен бал секілді.
түкіретін қожа, молда аз болып па,
не қыласың әуре боп шал секілді.
түспеспін төңкеріліп ауаныңа,
Қарасаңшы обал мен сауабына.
Cу шығарар моторым от шығарса,
Құдайдың берген ол да зауалы да.
ақынсың інжу-маржан өлең терер,
үлгіні алдымен жұрт сенен көрер.
Көгертсең көк шыбықты қайда қалдың,
аулыңда бір тал да жоқ көлеңкелер.
ел үшін жоқ болса да аянарың,
өзіңді қу бейнеттен аямадың.
үш сағат автобуста селкілдейсің,
Шымқаланың сағынғанда саябағын.
аттың басын ағытқын ірке бермей,
Қайныңның қалжыңынан үрке бермей.

362
Қазақ өнерінің антологиясы
Жетістік те жетеді, кемістік те,
Бәрі жақсы дегенге кім сенердей.
Басшыларың бір «икарус» әпермей ме,
ауыздарын қу шөппен сүрте бермей.
Әселхан:
Шымкентке келесің деп көлеңкелеп,
Қайнымыз кеткен жоқ па көп еркелеп.
талды да аз екпейміз жеріміз сор,
сол сорды шаятұғын шебер керек.
сол сордан мал да тапқан, бақ та тапқан,
ұлыспыз ұлық алла берер көмек.
ұстазы Ясауидің арыстанбаб,
атағы кеткен оның алыс самғап.
мен саған ұстаз емес әріптеспін,
ойың жоқ мына менен қарыс қалмақ.
ел-жұртқа сырымызды жайып жатыр,
өлең боп екеумізге жабысқан бақ.
Жиналдық облыстың сарайына,
Көрермен толып кетті маңайына.
Шалынсын періштенің құлағына
мінерміз икарустың талайына,
тыңдаған пәлен сағат тапжылмастан,
рақмет, қошеметшіл ағайынға.
манаптың баласы едік қос құлындай,
өлеңмен өнер қудық бос қыдырмай.
Біріміз бірімізге сүйеу болдық,
өрілген арқадағы қос бұрымдай.
Жастарға сыйластықты біз тілейік,
Әселхан, Әбдікәрім достығындай.
                                                                       1990 жыл.

363
Айтыс 4 ТОМ
ҒЫЛЫМИ 
ҚОСЫМШАЛАР

364
Қазақ өнерінің антологиясы
Файзолла Омаров – ақын, ұстаз. Шораяқтың омары мен Қарасақал ерімбеттің 
ұрпағы.  текті  ортадан  шыққан  Файзолла  он  жасынан  өлең  жаза  бастайды. 
Ә.тәжібаев,  з.Шүкіров  секілді  белгілі  қаламгерлерді  ұстаз  тұтып,  дәріс  алады. 
«оңтүстіктен ескен жел» (1963), «сыр бойында» (1965), «Қазағым менің осындай» 
(2000) жыр жинақтарының авторы.
Әбілахат Жанәбілов – Қармақшы аудандық «Коммунизм шамшырағы» газетінің 
мәдениет бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған. Басқа дерек табылмады. 
Хамидолла  Қыдыров  –  1927  жылы  Батыс  Қазақстан  облысы,  ақжайық 
ауданының  Шалқар  ауылында  дүниеге  келген.  1947  жылы  орал  педагогикалық 
училищесін бітіріп, облыстық «екпінді құрылыс», «орал өңірі» газеттерінде көп 
жылдар  бойы  жемісті  еңбек  еткен.  «лениншіл  жас»  газетінің  Батыс  Қазақстан 
өлкесіндегі меншікті тілшісі болып істеген. 1958 жылғы облыстық айтыста жүлделі 
орынға ие болып, бұл айтыс ақындар айтысының ііі томына (1966) енген. Әр жыл-
дары  «Қанатты  жылдар»,  «алаулы  атырап»  атты  жыр  жинақтары  жарық  көрген. 
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі.
Хамит  Әбілов  –  Батыс  Қазақстан  облысының  (бұрынғы  орал)  ақыны.  Басқа 
мәліметтер сақталмаған.
Аманжол Әлжанов (1902-1981) – ақмола облысы, ерейментау ауданы, елтай 
ауылында туған. ақын. «Жер бөлісі», «Конфиске», «Байдың келініне», «екпінді мен 
жалқаудың айтысы» деген өлеңдерінің авторы. екінші дүниежүзілік соғысы жыл-
дары Жезқазғанда жұмысшы болған. Көркемөнерпаздар үйірмесіне басшылық ет-
кен, патриоттық өлең-жырлар шығарып айтты. соғыстан кейін ақындар айтысына 
қатысқан. Бекболат меркемелиденовпен (1958), таубай Қирабаевпен (1961), Болман 
Қожабаевпен (1962), Желеу Жақыповпен (1965), темірболат Байділдинмен (1966) 
айтысқан. «Құдіретті елім бар», «елу жылда ел жаңа», «ұлы жеңіс», «сәкенді еске 
алу», «Әл-Фараби жерінде», «сабан той» т.б. өлең-жырлары «тың өлкесі», «Қызыл 
ту» газеттерінде жарияланды. 
Бекболат  Меркемелиденов  (1891-1963)  –  Павлодар  облысы,  Баянауыл  ау-
даны,  ерейментау  станциясында  туған.  Халық  ақыны.  Бала  кезінен  Шығыс 
АҚЫНДАР 
ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

365
Айтыс 4 ТОМ
классиктерінің шығармалары мен халық фольклорына қызығып өседі. 1916 жылы 
қазіргі ерейментау ауданы аумағында өткен ұлт-азаттық көтеріліске қатысады. 1923 
жылы Петропавлдағы мұғалімдер курсында оқып, 1924-1956 жылдары Қарағанды, 
Павлодар, ақмола облыстарының мектептерінде сабақ берді. айтыстарға қатысып, 
өлең  жазып,  терме  шығарады.  Қ.төрегелдинов,  а.Әлжанов  секілді  ақындармен 
айтысқан.  республика  ақындар  мәжілісінде  (1961)  өзінің  арнау-өлеңін  оқып,  сөз 
сөйлеген. Бұл арнау-өлең «ақындар жыры» (1963) жинағына енді. «ереймен» атты 
өлеңі «Пернедегі термелер» (1965) жинағында жарияланды.
Бикен Сембаев пен Әкпар Жүсіпов – ақмола  облысы, Жарқайың (бұрынғы 
Баранкөл) ауданының ақындары. Басқа дерек табылмады.
 
Теміртек  Мұқышев  пен  Жұмабай  Сейдахметов  –  Қостанай  облысының 
ақындары.  Әулиекөл  (бұрынғы  семиозер)  және  алтынсарин  (бұрынғы  обаған) 
аудандарының атынан сайысқа түскен. Басқа мәліметтер табылмады.
Мұса мен Құдыкен – ақмола өңірінің ақындары болған. Басқа дерек кездеспеді. 
Баймұқаш  Қалабаев  пен  Шабал  Бітебаев  солтүстік  Қазақстан  облысының 
ақындары. Басқа дерек табылмады.
Ержан  Ахметов  (1879-1967)  –  Шығыс  Қазақстан  облысы,  тарбағатай  ау-
даны,  Шілікті  ауылында  туған.  ақын,  жыршы.  атақты  ақын,  әнші  Әсет 
найманбайұлынан тәлім алып, өз жанынан өлең, ән шығарған. 1920-1956 жылдары 
Қытайдың тарбағатай өңірінде болып, туған жеріне оралған соң жыршылық өнерін 
жалғастырып,  ел  аузындағы  жыр,  дастандар  мен  қиссаларды,  аңыз,  әңгімелерді 
жинаумен  айналысқан.  Әсет,  Жанұзақ  ақындардың  шығармаларын  насихаттады. 
“мырзаш батыр” атты елінің бостандығы үшін күрескен қаһарман туралы көлемді 
дастан жазды. ақын Әзмұхамбет терлікбаевпен айтысы “айтыс” жинағының 3-то-
мында (1966) жарияланған. Батырлар жыры мен ақындар айтысын жинап қазіргі 
ұрпаққа жеткізуде көп еңбек сіңірді. ол жырлаған “арқалық батыр”, “Бердіқожа ба-
тыр”, “Қабанбай батыр”, “Бозжігіт”, “Бақтияр” және т.б. көптеген көлемді жырлар 
мен дастандар, Әсет пен ырысжанның айтысы жинақтарға еніп, ғылыми айналымға 
түскен. 
Әзмұхамбет Терлікбаев жайында деректер табылмады. 
Кенен  Әзірбаев  (1884-1976)  –  қазақтың  әйгілі  халық  ақыны,  компози-
тор.  Қазақстанның  еңбек  сіңірген  өнер  қайраткері.  туып-өскен  жері  –  Жамбыл 
облысының Қордай ауданындағы мәтібұлақ деген өңір.
ғасырға  жуық  ғұмыр  кешкен  Кененнің  әнші,  ақын,  жырау,  күйші  ретіндегі  алу-
ан  арналы  шығармаларын  өзі  өмір  сүрген  заманының  жанды  шежіресі  деуге  бола-
ды. ол өз ғұмырында жүзден аса ән шығарып, оның өлеңін де өзі туындатып, бұған 
қоса  асқан  шеберлікпен  өзі  орындаған  біртуар  дарын  иесі.  сондай-ақ,  екі  жүздей 
лирикалық,  дидактикалық  арнаулар  мен  толғаулардың  авторы.  оның  репертуарында 
ондаған эпикалық жыр-дастан болған. сол жыр-дастандарды таңды-таңға ұрып жыр-
лап, тыңдаушысының құлақ құрышын қандырып, халықтың рухани ұйытқысы болған 

366
Қазақ өнерінің антологиясы
тұлға. ол ән мен жырдың кеніші атанған Жетісудың ғана емес, исі қазақтың әншілік-
күйшілік, ақындық-жыршылық, сал-серілік дәстүрін терең игерген өнер тарланы.
Халима Өтеғалиева (1889-1984) – Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданын-
да туған. Жастайынан той-жиында өлең айтып, «ақын келіншек» атанған. өлеңдері 
1938 жылдан бастап аудандық, облыстық баспасөз беттерінде жарияланған. Кенен, 
есдәулет,  Болман  ақындармен  өнер  жарысына  түскен.  «ақындар  жыры»  (1963), 
«мақтанышым  –  өз  елім»  (1961),  «ана  жыры»  (1969),  «Әже  әлдиі»  (1974)  атты 
өлеңдер жинақтары шыққан. «өзен тынысы», «айтылмаған ән», «даладағы шырақ», 
«маңғыстау – мың жолдың торабы», «Құм-шағыл», «Бұлтты күндер», «теңіз түбіндегі 
маржандар», «Жолдар мен адамдар», «рақмет» секілді кітаптары жарық көрді. Қазақ 
Кср-нің  еңбек  сіңірген  мұнайшысы,  Ксро-нің  құрметті  мұнайшысы.  «Құрмет», 
«Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, «ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.
Болман  Қожабайұлы  (1880-1972)  –  Қарағанды  облысы,  ұлытау  ауданында 
туған.  Белгілі  айтыс  ақыны.  1961  жылы  м.Әуезов  атындағы  Әдебиет  және  өнер 
институты  ұйымдастырған  халық  ақындарының  конференция  негізінде  өткен 
ақындар  айтысында  Болман  жеңімпаз  атанған.  ақынның  өлендері  «айтыс»  (3  т, 
1966), «Қаһарлы сөз қамал бұзады» (1955) жинақтарында жарияланған.
Желеу  Жақыпов  (1904-1970)  –  ақын,  әнші,  жыршы.  оңтүстік  Қазақстан  об-
лысы,  ащысай  ауылында  туған.  Қаратаудың  теріскейі  мен  күнгейін,  сыр  бойын 
көп аралап, ел аузындағы жыр-дастандарды көп жырлаған. нұралы нысанбайұлы, 
мұса  Байзақов  (молда  мұса),  сұлтанбек  аққожаевтан  көптеген  эпостық 
шығармалар үйреніп, оны кейін қағазға түсіріп, м.Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институтының қолжазба қорына өткізген. ол өткізген “алпамыс батыр” жыры 
көптеген ғылыми жұмысқа негіз болды. 
сонымен қатар Болман Қожабаевпен (1961), Құлжабай төлеуовпен (1949), ай-
набек нысановпен (1946, 1951), мыңбай сұлтанбековпен (1947) айтысқан.
Қалихан Алтынбаев (1927-2002) – айтыс ақыны. республикалық айтыстардың 
жеңімпазы. «дала-бесік» (1973), «Қиял қанатында» (1985), «Қалбатау» (1997) жыр 
жинақтары жарық көрген. «Қойбағар», «тепек», «мамай батыр», «Барақ шыққан 
бауырында», «ақырғы айқас» т.б. тарихи дастандары бар.
оның ұлттық мәдениет тарихы, абай мен мұхтар, белгілі ақындар мен жыра-
улар туралы, атбегілік, балуандық өнері туралы ғылыми-көпшілік, этнографиялық 
мақалалары  облыстық,  республикалық  баспасөз  бетінде  жарияланған. 
Қ.алтынбаевтың  суырып  салма  ақындық  өнеріне  с.мұқанов,  ғ.мүсірепов, 
е.ысмайылов, м.Қаратаевтар жоғары баға берген.  
1961  жылы  тамыз  айының  3-5  күндерінде  ұйымдастырылған  Халық 
ақындарының  республикалық  Кеңесіндегі  Қазақ  сср  ғылым  академиясының 
корреспондент мүшесі е.ысмайыловтың пікіріне ден қойсақ, Қалихан «жазып та 
шығаратын, қолма-қол суырып салып та (импровизациямен) айтатын», оның үстіне 
«ақындық өнер үлгісі исаны еске түсіретін» талант деп жазады. (ақындар жыры. 
Қазіргі халық поэзиясы. – алматы, 1963, 42-бет).

367
Айтыс 4 ТОМ
Әбікен Сарыбаев – 1926 жылы алматы облысы, гвардия ауданы, Балғалы стан-
циясында туған. ақын. Жастайынан өлеңге құмартып, «Біржан мен сара айтысын», 
ілияс  Жансүгіровтің  «Құлагер»  поэмасын  жатқа  айтқан.  1958  жылдан  аудандық, 
облыстық, республикалық айтыстарға қатысқан. Қ.алтынбаевпен («ақындар жыры», 
1963).  К.Шәкеевпен  («Жамбыл  және  қазіргі  халық  поэзиясы»,  1975)  айтысары 
жарияланған.
Таубай Қирабаев (1896-1967) – Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, авангард 
ауылында туған. ақын. сыр бойы ақындарының (Бұдабай, Базар жырау, Кете Жүсіп, 
т.б.) өлең-жырларын жаттап, таратушы. Бейбітшілік, еңбек тақырыбына арнап жыр-
толғауларын шығарған. Әлжанов аманжолмен, Шалқарбаев дулатпен айтыстары 
сақталған. айтыстары «ақындар шықты айтысқа» (1960), «ақындар жыры» (1963) 
кітаптарына енген.
Қалқа  Жапсарбайұлы  (1886-1976)  –  Ксро  Жазушылар  одағының  мүшесі, 
Қазақ  сср-інің  халық  ақыны.  Жергілікті  театрда,  мәдени-үгіт  бригадаларында 
қызмет  істеген.  Кенен,  үмбетәлі,  есдәулет,  иманжандармен  өнер  жарыстырған. 
«орақ  батыр»,  «Қарлығаш  пен  дәуіт»,  «тұрымбет  туралы  аңыз»,  «мұсабек 
сеңгірбаев» дейтін дастандарды туындатқан, сонымен қатар әндер шығарған. 
Есдәулет Қандеков (1887-1971) – ақын, жырау. алматы облысы, Жамбыл ауда-
ны, ақтерек ауылында туған. есдәулет – Кенен Әзірбаев, үмбетәлі Кәрібаев, Қалқа 
Жапсарбаев,  Әбділдә  Жүргенбаев,  рахмет  мәзқожаев  тәрізді  жүйріктермен  сөз 
жарыстырған. 1916 жылы Жетісу өлкесінде Әли нұрқожаұлы бастаған ұлт-азаттық 
көтерілісте жасақ жыршысы болған. Бұған «1916 жыл», «тауда» деген дастандары 
айғақ. Патша жандармы есдәулетті тұтқындап, жиырма жылға жер аударады. 
Кеңес  дәуірінің  тынысын  арқау  еткен  «заманың  туды,  кедейлер»  (1928),  т.б. 
өлең-жырларын шығарды. ұлы отан соғысы жылдары ұстазы Жамбылға үн қосып, 
«Жеңіс үшін», «Жауынгерлер», «Жылы киім береміз», «ерлер естен шыға ма», «Күн 
бүгін»  деген  өлең-толғауларын  жырлап,  елді  жеңіске  шақырады.  Халық  батыр-
лары  жайында  «Жетіген  батыр»,  «Күреңбай  батыр»,  «Шаян  батыр»  дастандарын 
шамырқанып жырласа, екі мәрте социалистік еңбек ері Жазылбек Қуанышбаевтың 
ерен еңбегі мен өнегелі өмір жолы хақында «Қос жұлдызды Жазылбек» дейтін да-
станы бар. 
ақынның  шығармалары  жергілікті  баспасөзде,  жинақтарда  жарияланған. 
өлеңдер жинағы 1964 жылы жеке кітап болып шықты. 1982 жылы «Жазушы» ба-
спасынан «тұлпар тұяғы» атты өлеңдері мен дастандары, айтыстары жеке кітап бо-
лып басылған. 
Көкен Шәкеев (1924-2000) – ақмола облысы, Целиноград ауданы, сарыадыр ау-
ылында туған. Қазақстанның халық ақыны (1987), Қазақстанның ақын және жыршы-
лар қоғамының президенті (1990), көптеген республикалық айтыстардың жүлдегері. 
13 жасынан лирикалық және поэтикалық шығармашылықпен айналысып, айтыстарға 
қатысқан. Жергілікті Көкшетау ақындары мектебін басқарды. «Қабанбай батыр» және 
«Бөгембай батыр» эпосын айтып, таратушы, насихаттаушы, сақтаушы.

368
Қазақ өнерінің антологиясы
Мұқаш Байбатыров (1899-1980) – Жетісу өңірінде туып-өскен. 1936-61 жыл-
дары қазіргі абай атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет 
театрында қызмет істеді. ол көптеген ауыз әдебиеті мұраларын хатқа түсіріп, арнау-
лы қорларға тапсырған. Әнші ақынның орындауында 50 шақты халық әндері нотаға 
түсірілді. «алпамыс» жыры грампластинкаға жазылды.
Молдабай  Жолдыбаев  (1900-1973)  –  Жамбылдың  жыраулық-жыршылық, 
ақындық мектебінің өкілі. Жүнісбек Жолдиновпен айтысқан. 
Манап  Көкенов  (1928-1992)    –  айтыс  ақыны,  Қазақстанның  халық  ақыны. 
Қызылорда  облысы,  Жаңақорған  ауданы,  талап  ауылында  туған.  сыр  өңірінің 
ақын-жыраулары Құлан, нартай Бекежанов, Балқы Базар, тұрмағамбет, Қ.төлеуов 
шығармаларымен  жасынан  таныс  болған.  ө.Қалдыбаев  (1964),  Қ.төлеуов  (1970), 
Ә.Қосбасаров (1972), а.Бұрбаев (1974) секілді ақындармен айтысқан. 1980 жылы 
өткен  республикалық  айтыстың  бас  жүлдегері.  Көкеновтің  орындауымен  «Күріш 
алабына»,  «еңбек  ордендері»,  «Көктау  шахтерлеріне»,  «ақындарға»  деген  өз 
шығармалары,  сондай-ақ,  Балқы  Базар,  Құлан  ақындардың  термелері  күйтабаққа 
жазылған. Көкенов туралы «манап аға» атты деректі фильм түсірілген. ол сонымен 
қатар, 10 мың жолдан астам өлең-жыр жазған ақын. оның толғау, терме, арнау, мы-
сал, шымшымалары ел арасына кең тараған.
Әсімхан Қосбасаров (1916-2005) – Қазақстанның халық ақыны. алматы облы-
сы, Жамбыл ауданы, Шолақ Қарғалы ауылында туған. Жамбыл, Кенен, үмбетәлі 
сияқты  белгілі  өнер  тарландарынан  тәлім  алған.  Ә.Қосбасаровтың  айтыстары 
«еңбек күйі» (1972), «Жамбыл және қазіргі халық поэзиясы» (1975), «Халық по-
эзиясы және бүгінгі өмір» (1976), «Шашу» (1977), т.б. жинақтарға енді. «азамат» 
(1981),  «алатау  аясында»  (1989),  «ақсеңгірдің  ақиығы»  (1991),  «Жамбылдан 
алып батаны» (1991), «ақиық» (2000) деп аталатын жеке жинақтары жарық көрді. 
«ақжамал», «Қалипа-Жамал» атты бірнеше әні бар.
Мүтәліп  Қыраубаев  (1921-1987)  –  ақын,  жыршы.  Қызылорда  облысы, 
Жаңақорған  ауданы,  төменарық  ауылында  туған.  Белгілі  әнші-ақындар  нартай 
Бекежанов, Құтбай дүрбаевтан тәлім алған. 1979 жылы облыстық ақындар айты-
сында  бірінші,  1980  жылы  республика  айтыста  үшінші  орын  алған.  Қ.Әліқұлов, 
а.Бүрбаев, н.лушникова, м.Көкеновпен айтыстары жинақтарда басылған.
«Шаһнама», «Кеншімбай мен ақсұлу», «мансұр мен дәме қыз» айтыстарын, 
нартай, тұрмағамбет, т.б. ақындардың жыр-дастандарын жатқа айтып, жыршылық-
жыраулық  дәстүрді  дамытқан.  м.Қыраубаевтың  «өмір  туралы»,  «Балаларға», 
«сақтанғанның майданнан хаты» т.б. туындылары «Жыр шашу» (1982), «өсиет» 
(1989) кітаптарында жарияланған.
Қалдыбек Әліқұлов – оңтүстік Қазақстан өңірінің ақыны. Басқа дерек табыл-
мады.
Қасымхан  Алдабергенов  (1925)  –  әнші,  ақын.  Қостанай  облысы,  Камы-
шин  ауданы,  талдыкөл  ауылында  туған.  Қостанай  облыстық  «Коммунизм  таңы» 

369
Айтыс 4 ТОМ
газетінің меншікті тілшісі болған. сәлімжан өмірзақов, Жүнісбек салықов, тұрсын 
тасқожин т.б. ақындармен айтысқан. Халық ақыны нұрхан ахметбековтың шәкірті. 
Ғалия Сейдеғалиева  (1945 ж. т.) – айтыс ақыны. Қостанай облысы, Жанкелдин 
ауданы, Шилі ауылында туған. облыста Балғабай ақышев, еренғайып Әбдіхалықов 
тәрізді ақындармен айтысқан.
Абай  Асылбаев  (1925)  –  жыршы,  ақын.  алматы  облысы,  ескелді  ауданын-
да  туған.  облыстық,  республикалық  айтыстарға  қатысқан.  Халық  ақыны  Қалқа 
Жапсарбаевтың шәкірті.
Тілеумұрат  Қожабеков  (1948-2000)  –  журналист,  ақын.  маңғыстау  облысы, 
Форт-Шевченко қаласында туған. 1967-1972 жылдары  Қазму-нің журналистика 
факультетінде  оқып,  университеттің  ұлт  аспатар  оркестрін  басқарған.  1972-2000 
жылдары маңғыстауда аудандық газетте тілші, Форт-Шевченко қалалық мәдениет 
бөлімінде  нұсқаушы,  музыка  мектебінің  директоры,  аудан  әкімінің  орынбасары 
қызметтерін атқарған. Халықтық ән-күйлерді жинап насихаттаушы. республикалық 
ақындар айтысының жеңімпазы.
Қалидолла Зекенов (1951 ж. т. атырау облысының Қызылқоға ауданы). Қазақ 
мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. ұстаз болып қызмет 
атқарған.
Жұмаш Оспанбекова (1947 ж. т. ҚХр, Құлжа қаласы) – айтыскер ақын. 1977 
жылы Қазму-нің журналистика факультетін бітірген. алматы облысының Қапал 
ауданындағы абай атындағы ұжымшарда клуб меңгерушісі, Қапал ауданы радиоха-
барын тарату редакциясында, республика теле-радио хабарлар тарату комитетінде, 
«Қазгидромет»  орталығында  қызмет  атқарған.  а.Шәйімов,  Ә.Керімбаев, 
т.Жарбасов, е.асқаров және т.б. ақындармен айтысқан.
Айтуған Шәйімов (1947 ж. т. алматы облысының Күрті ауданы) – айтыс ақыны. 
Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген. н. лушникова, 
Ж.оспанбекова, Б.Құрашева, н.нәкеева секілді ақындармен айтысқан.
Шолпан Қыдырниязова (1949 ж. т. Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, 
Қаракөл ауылы) – айтыс ақыны. Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері 
(1980).  алғаш  рет  17  жасында  айтысқа  түскен.  1971  жылы  орал  педагогикалық 
институтының  филология  факультетін  бітірген.  1972  жылы  Ж.Жабаевтың  125 
жылдығына арналған республикалық айтыста т.рақымовпен айтысқан. 1980 жылы 
Қазақ Кср-інің 60 жылдық тойында белгілі халық ақыны манап Көкеновпен сайысқа 
түсіп,  1-орынды  жеңіп  алды.  Қаратөбе  ауданында  оның  ақындық  тәжірибесінен 
сабақ алған жас ақындар тобы қалыптасты. 
Елеусіз  Кенебаев  (1942-2000)  –  ақын,  журналист.  Қызылорда  облысы,  арал 
қаласында  туған.  Қазму-нің  журналистика  факультетін  бітірген  (1967).  арал 

370
Қазақ өнерінің антологиясы
аудандық мәдениет бөлімінде аға инспектор, аудандық «толқын» газетінде әдеби 
қызметкер,  радио  ұйымдастырушы  болып  істеген.  1973  жылы  ақтөбе  облысы-
на  қоныс  аударып,  «октябрь  туы»,  «дала  таңы»,  «Жұмысшы  туы»  газеттерінде 
басшылық қызметтер атқарған.
1972  жылы  «ақ  айдын»  өлеңдер  жинағы  шыққан.  1980  жылғы  облыстық 
айтыстың жүлдегері. Көпшілікке танымал «арал жастарының вальсі» әнінің сөзін 
жазған.
Надежда Лушникова (1940 ж. т. алматы облысы, Қарасай ауданы, Шамалған 
ауылы) – ақын. Жастайынан домбыра тартып, жазба әрі суырып салма ақындығымен 
танылған. 
ҚазұПу-ін  бітірген  (1969).  1962-1984  жылдары  Қызылорда  облысы,  сырда-
рия ауданы комсомол комитетінің хатшысы, Қызылорда облыстық «ленин жолы» 
газетінде  әдеби  қызметкер,  «Жазушы»  баспасында  редактор,  ауыл  мектептерінде 
мұғалім  болды.  1985  жылдан  алматы  облысы,  Жамбыл  ауданындағы  үмбетәлі 
Кәрібаев мұражайының директоры. 
ақынның «елім менің» (1962), «Көңіл қошы» (1970) атты жеке жыр жинақтары 
шыққан.  айтыстары  «Жыр  шашу»,  «мәңгі  көктем»  (1988)  жинақтарына  енген. 
республикалық айтыстарда м. Көкеновпен (1980), Ә. манаповпен (1985) т.б. болған 
жыр сайыстарында дәстүрлі айтыс өнерінің жаңаша дамуына елеулі үлес қосты.
Қазақстан  Жастар  одағы  сыйлығының  лауреаты,  Қр  еңбек  сіңірген  мәдениет 
қызметкері. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет