«Ғаламшарларға саяхат» атты ойын-сабағымызды бастаймыз. Саяхат барысында әр аялдамаға аялдап, кедергілерді еңсереміз де, мәреге бірге жетеміз, – деп саяхат маршрутын оқушылармен талдап, нақтылап алған соң, тарау бойынша бекіту
жасалатындығын хабарлау.
Карта
Ортасы
Мағынаны тану
1-ғаламшар: «Сұрақтар» ғаламшары Сұрақтың орнына тиісті сөзді қойып оқы.
Осылайша, қанатты, бірақ қозғалтқышсыз ұшу аппараты - (не?) пайда болды.
Алғашқы планердің үлгісін (кім?) жасағаны белгілі.
2-ғаламшар: «Еске түсір» ғаламшары
– «Ғарыш дәуірі Байқоңырдан басталды» деген сөйлемнің мағынасын түсіндір.
3-ғаламшар: «Жауаптар» ғаламшары Оқып, кестемен жұмыс істе.
...Оған әлі ат қойылмапты. Ғарышқа аты жоқ жолаушы жіберуге бола ма? Болмайды ғой. Ат табуымыз керек болды.
«Өз миыңды сал» әдісі. Оқушыларға мидың суреті салынған қағаздар беріледі де, оқушылар сабақ кезінде меңгерген білімдерін білдіретін сөздермен мидың ішін толтырады. Қағаздарын сынып қабырғасына іледі.
Қосымша ақпарат
Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?
Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым күрделі дереккөздермен жұмыс істей алады.
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау парақтары
Сабақ бойынша рефлексияСабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?