Мағынаны тану
«Түсіндір» айдары
«Асығың алшысынан түссін!» – деген тілектің мағынасын түсіндіріңдер.
«Түсініп оқы» айдары
ТЖ. «Дәстүрлі әңгіме» әдісі. Кейіпкердің іс-әрекетіне баға беруде, әңгіме мазмұнын тексергенде тиімді.
Оқушылар «Жеті түсті желбір гүл» әңгімесін тізбектей оқи отырып, кейіпкерлер мен олардың іс-әрекеттерін анықтайды. Олар кейіпкерлердің іс-әрекетін саралап, бағалайды. Олар сондай-ақ басқа топқа әңгіменің мазмұны бойынша сұрақ құрулары керек. Әр топ әңгіме мазмұны мен кейіпкерлер туралы идеяларымен алмасады:
–Оқиға қалай басталды?
Женя Солтүстік полюс туралы алдын ала білді ме?
Ертегіде кейіптеу кейіпкері бар ма?
Дескрипторы:
-Мәтінді мұқият тыңдайды.
-Сұрақтардың жауабын табады.
-Топта диалогке түсу арқылы сұрақ жауабын талқылайды.
|