Әдебиеттік оқУ Әдістемелік нұсқау



бет281/290
Дата06.01.2022
өлшемі2,54 Mb.
#11312
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   290
Байланысты:
Adeb Oku Metodika 4 kl Kaz basic-конвертирован

Сабақ бойынша рефлексия Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен сабақ жоспарымды орындап үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?







Мектеп:

95-сабақ. Жеті түсті желбір гүл

Күні

Мұғалімнің есімі

Сынып

Қатысқандар саны

Қатыспағандар саны










Сабаққа негізделген оқу мақсаты

4.1.5.1 Өз ойын, сезімін, көзқарасын өмірде болған өзге шығармадағы ұқсас оқиғалармен салыстыра отырып білдіру

4.3.1.1 Оқылған шығармадағы оқиға жүйесін анықтап, оны бөліктерге бөлу, әр бөлікке ат қойып, жоспар құру



Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Тыңдаған мәтін бойынша пікір білдіре алады. Оқиға барысын болжай алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Кейіпкерге мінездеме бере алады. Кейбір оқушылар: Тақырыпқа қатысты қорытынды ойларын жеткізе алады.

Бағалау критерийлері:

Тыңдаған мәтін бойынша пікір білдіреді.

Оқиға барысын болжайды.



Құндылықтарды дарыту

Ақпараттық-коммуникациялық құралдарды қолдана отырып,

кез келген ортада, ұжымдық жұмыста коммуникативті болу



Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Қажетті деректер іздеу үшін ғаламтор желісі

Алдыңғы оқу/ Бастапқы білім

Мәтіннің түйінді ойын өмірмен байланыстыра алады.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурс- тар

Басталуы

Қызығушылықты ояту

Үйге тапсырмасын тексеру: Ертегі мазмұны бойынша жоспар құрып жаз.

ҚБ: оқушылар бірін-бірі бағалайды

Ширату: «Сен жалғастыр» ойыны. Ойынның мақсаты: Басталған ойға ой қосып, сөз құрауға, зейінділікке баулу. Мұғалім (оқушы) алғашқы сөзді айтады, ал оқушылар оны

аяқтайды. Мысалы, «Мен қалаймын, ....», «Менің арманым, ....». Оқушылардың ойын еркін жеткізуіне мүмкіндік берген дұрыс.






Ортасы

Мағынаны тану

«Түсініп оқы» айдары

«Аялдамамен оқу» әдісі бойынша «Жеті түсті желбір гүл» мәтіні оқылып, оқу барысында аялдамалар жасау арқылы мәтінді бөлімдерге бөлуге әзірлік жүргізіледі.

(Мұғалім өзі оқуына немесе оқушыларға оқытуына да болады.

«Оңай, қиын сұрақтар» қою арқылы мәтін мазмұнына талдау жасатады)

(Т) «Болжау» әдісі арқылы төмендегі сұрақтарды талдау ұсынылады:


  1. Женя енді қандай тілек айтуы мүмкін?

  2. Оқиға қалай аяқталуы мүмкін?

(Мәселе оқушылардың болжауының нақты жауаппен дөп келуі емес, ең бастысы, олардың тақырып бойынша белсенді түрде ой қозғауы екендігін естен шығармай, оқушылардың өз пікірі сынға түспейтіндігіне кепіл болуға тырысыңыз)

Дескрипторы:

Сұрақтарға белсенді жауап береді.



ҚБ: Мұғалімнің қолдау сөздері арқылы жүзеге асады.

«ПОПС» формуласы. Айтылған пікір қайталанбауы керек,

Оқулық


Жұмыс дәптер- лері





дәлелмен сөйлей білу керек. Ойын тұжырымдап, нақты жеткізуге бағыттайды.

Бірінші сөйлем: «Біздің ойымша, ... »

Екінші сөйлем: «Себебі біз оны былай түсіндіреміз… » Үшінші сөйлем: «Оны біз мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламыз… »

Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты біз мынадай қорытынды шешімге келдік ...».

Оқушылар топ болып өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді:


  • Автордың «Алты күлтешесін мағынасыз ұстап қойыпты» деген пікіріне келісесің бе?

  • Женя Витяның өмірін қалай өзгертті?

Саралау : Барлығы сұрақтарға жауап бере алады. Кейбірі ойын тұжырымдап, нақты жеткізеді. Кейбірі қайталанбайтын пікір айтып, дәлелмен сөйлейді.

Тиімділігі: Оқушылар бірін-бірі тыңдауға дағдыланады. ҚБ: «Бағдаршам»






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   277   278   279   280   281   282   283   284   ...   290




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет