Әдебиеттік оқу ІІ тоқсан 3 сынып 35 сабақ Бөлімі: Уақыт Тақырыбы: Күн тәртібі



Дата23.11.2022
өлшемі0,92 Mb.
#52000
түріСабақ
Байланысты:
7-сабақ Күн тәртібі

Әдебиеттік оқу ІІ тоқсан 3 сынып 35 сабақ Бөлімі: Уақыт Жолтай Әлмешев Тақырыбы: Күн тәртібі

Сен:


-Шығармадағы кейіпкерлердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне, ондағы оқиғаларға сүйеніп, сюжеттің дамуын болжайсың

Ой қозғау Уақытты дұрыс пайдаланып жүрсің бе?


https://youtu.be/j7tY9Qa8bSM
ЖАЗУШЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Мәтінді түсініп оқы

Күн тәртібі

Екінші сыныпта оқитын Досалы үйіне көңілсіз қайтты. Келді де, шай ішпестен жатып қалды. Апасы бәйек болып жүр.

  • Қарағым, бір жерің ауырып жатыр ма?
  • Жоқ.
  • Ендеше, неге жатырсың , шайыңды ішпей?
  • Ойланып жатырмын.
  • Ойланып!? – апасы аң –таң. Мынадай байсалды жауапты күтпеген.
  • Ақшыбық апа қайта мазаламады. “Ойланғысы келіпті, ойлансын, есеюдің басы. Есі кіріп қалған екен –ау қарашығымның....” Шайды жиыстырды да, жұмысына кетті.

    Ол ойланып жатыр.

    Сабақтан соң, босқа селтеңдемейді екен. Апасының неге ұрыспайтынын енді түсіне бастағандай. Басында миы болса, өзі ойлансы дегені ғой.

    Мына сабақ үстінде алғаш рет өзінің жалғыз екенін аңғарды. Сыныптастарының қайсысына қараса да, екі-екіден, үш – үштен топтасып алыпты. Бұнымен ешкімнің жұмысы жоқ. Жанында отыратын Нәзтайға үзіліс кезінде:

    -Екеуміз дос болайықшы, - деп еді, ол шошып кетті.

    - Сенімен бе?! Жоқ, дос болмаймын. Сен нашар оқушысың...

    Досалы ашуланды. Содан үйге қайтқанша томсырайып отырды. Ызадан жылағысы да келді. Бірақ ұялды.

Жиырма екі оқушының бәрінің бетіне үміттене қарап еді, аяушылық білдірген бірі болмады. Ешқайсысы көңіл аударар емес. Күйзелісін түсінер бір бала табылмады...

Жиырма екі оқушының бәрінің бетіне үміттене қарап еді, аяушылық білдірген бірі болмады. Ешқайсысы көңіл аударар емес. Күйзелісін түсінер бір бала табылмады...

...Жақсы оқу үшін не істеу керек? Оқушылардың бәрі де далада жүреді. Сабаққа қашан әзірленеді сонда?!

Есіктен апасы кіріп келе жатты. Ұшып түрегелді.

  • Апа, - деді сосын, , - менімен балалар неге дос болғысы келмейді?...
  • Үлгерімі нашар баламен кім дос болмақ?...
  • Жақсы оқу үшін не істеуім керек?
  • Ойынды азайтып, кітапқа бас қою қажет. Оқып қана қоймай, көңілге тоқыған жөн.
  • - Біздің сыныптың үздік оқушылары да ойыннан қалмайды, олар қалай үлгереді?

  • Ә-ә, ойлана бастадың ба! Үздік бала күнделікті жұмыс кестесін жасайды. Сонымен жұмыс істейді. Соған дағдыланып, сабақты да, жұмысты да тиянақты атқарады.
  • Досалының есіне кеше мұғалім айтқан бір әңгіме түсті. Біреу жас кезінен бастап өзін – өзі тәртіпке үйретіпті. Таңертеңнен ұйқыға жатарға дейін уақытты бөліп, әртүрлі жұмыс істептң. Соған бойы үйренген ол есейе келе атақты адам болыпты. Қартайған шағында да сол қалыптасқан тәртіптен айнымаған. “Оның достары орасан көп болған шығар” деп ойлады. Досалы. Қолына қалам алып, жазу үстеліне отырды. Күн тәртібін жасауға бел буды.

    Жолтай Әлмешев

Сөздікпен жұмыс

  • Бәйек болу- көңілін табу
  • есею- жасы үлкею
  • есі кіріп- ақыл тоқтатып
  • селтеңдеу- уақытты босқа кетіру күйзеліс- уайым
  • бел буды-шешімге келді.

1-тапсырма Күнделікті ісін жоспарламаған Досалы неге тап болды? Мәтінде аяқталмаған ойлар бар. Сондағы оқиға желісінің дамуына болжам жасап, жалғастырып көр.

2-тапсырма Берілген мақалдардың ішінен бүгінгі тақырыпқа сәйкес келетін мақалды анықтап, дәптеріңе жазып ал,Досалыға күн тәртібін жасауға көмектес. • Уақыт тас екеш тасты да тоздырады. • Адамды заманы билейді. • Уақыт керуеніне бөгет жоқ. • Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені. • Жан жарасына уақыт емші. • Уақыт алтыннан қымбат

2-тапсырма Берілген мақалдардың ішінен бүгінгі тақырыпқа сәйкес келетін мақалды анықтап, дәптеріңе жазып ал,Досалыға күн тәртібін жасауға көмектес. • Уақыт тас екеш тасты да тоздырады. • Адамды заманы билейді. • Уақыт керуеніне бөгет жоқ. • Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені. • Жан жарасына уақыт емші. • Уақыт алтыннан қымбат


Сабақтың соңы
Рефлексия.
Мен бүгін ... білдім.
Мен ... үйрендім.
Менің көңіл күйім қазір қандай? Бүгінгі мақсатымызға жеттік пе?
Жетсек, қалай жеттік, неістедік?
 

ЖЕКЕ ЖҰМЫС

-Күн тәртібін жазып алғаннан кейін Досалының өмірі қалай өзгереді деп ойлайсың? Мәтіндегі оқиға желісін өз бетінше жалғастырып әңгімеле.



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет