-Оқушының жұмысы дұрыс орындалған жұмыс үлгісімен (эталон) салыстырылады; -Үлгісі оқушыларға алдын-ала белгілі; -Оқушыға бағалау алгоритмі алдын-ала белгілі; -Білім берудің сапасы артады; Критериалды бағалау: Мұғалімдерге: -Сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құрастыруға; -Өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; -Оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; -Әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқушы үшін оқытудың жеке траекториясын алуға; -Бағалаудың әр түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; -Оқу бағдарламасының мазмұнын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді. Оқушыларға: -Нәтижені талдау үшін бағалау критерийлерін білу және түсінуге; -Рефлексияға қатысу, яғни өзін және өз достарын бағалауға; -Нақты есептерді шешуде білімдерін қолдану, өз ойларын еркін жеткізе білуі, сын тұрғысынан ойлай білуге. Ата-аналарға: -Баласының білім деңгейлерін бақылай алуға; -Баласының оқу үрдісін бақылай алуға; -Баласына оқу үрдісі кезінде қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Критериалды бағалау жүйесінде қолданылатын жалпы ұғымдар: Критериалдық жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың келесі түрлері мен формалары қарастырылған: Қалыптастырушы және жиынтық бағалау: -Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқу үрдісінде оқушылардың ағымдағы білім деңгейлерін анықтау үшін және мұғалім мен оқушы арасында өзара байланысты орнату үшін қолданылады. -Жиынтық бағалау бұл білімді жалпылау, қорытындылау кезінде, тараудың немесе модульдің соңында, немесе таным үрдісінің қандай да бір сатысында оқушының жетістіктерін бағалау үшін қолданылады. Қалыптастырушы бағалау: -Күнделікті оқу үрдісі кезінде жүргізіледі (өздік жұмыстар, тесттер т.с.с.)