Есептерді шешу және өз білімдерін жетілдіру үшін жаңа ақпараттық технологияларды қолдана алу; Берілген үлгіге сәйкес жобаны құру; Сапалы жоба құру; Критерий Е Жобаның мүмкін болатын бірнеше нұсқаларын құрастыру; Өз жобасын берілген үлгіге сәйкес бағалау; Критерий F Сәйкес терминдерді қолданып, ғылыми ақпаратты жеткізу; Өз мысалдарын келтіру және түсіндіру; Ақпаратты түсінікті түрде көрсету; Ақпаратты тиімді түрде көрстеу үшін сәйкес технологияларды қолдану; Тәжірибені өңдеу және қорытындылау тәсілдерін дұрыс қолдану; Критерий G Шешу әдістерін талдау, өз қорытындыларының дұрыстығын дәлелдеу; Шығармашылық авторлық ойларын түсіндіру,талқылауларға қатысу; Шығармашылықты талдау жәнебағалау; Критерий H Қойылған есепті шешу үшін стандартты емес тәсілдерді қолдану; Топ мүшелерінің ойларымен бөлісе отырып, команда мүшесі ретінде тиімді жұмыс істеу; Қызығушылықпен, тәуелсіз және позитивті түрде жұмыс істеу.
Қорытынды Бағалау жүйесінің негізгі мақсаты- білім сапасын арттыру болып табылады. Ал қазіргі заманғы білім сапасы дегеніміз ол білім алушының келешектегі өзінің әртүрлі жеке мәселелерін шешуге керекті, қажетті құзіреттіліктерін қалыптастыратын білім беру нәтижесі. Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз: 1. Оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау; 2. Тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу; 3. Білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген уақытта анықтау; 4. Әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды жекелеуге (дифференциалдауға) болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б); 5. Құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау; 6. Оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.