Елімізде химия саласының қарқынды дамуына қарамай, оқушылардың аталған пәннен білім деңгейін жоғары деп айта алмаймыз.
Оқу процесінде, айналамызда болып жатқан түрлі реформалар барсында – «Химия пәнінен нені оқытуым керек?», «Қалай, қай үлгіде оқыту керек?» деген сұрақ туындауы заңдылық. Осыған орай өз мақаламды «Химия пәні сабақтарында оқушы білімін бағалаудағы жаңа әдістер (немесе тәсілдер)» деп атасамда, бұл жаңа әдіс пе әлде басқа мұғалімдер баяғыдан қолданып жүрген ұстанымба деген сұрақ ойымда туындайды.
Химия пәні мұғалімдері назарына — мен оқытуда жаңалық ашып тұрған жоқпын, тек өз жұмыстарыммен әріптестеріммен пікір бөліскім келеді.
Қазіргі таңда оқытудың интерактивті әдіс-тәсілдері өте көп. Педагогикалық ғылым мен озық тәжірибенің бүгінгі даму деңгейінің ең тиімдісін таңдап алу және үйлесімді қолдану – сабақтың сәтті өтуінің кепілі .
өтілетін тақырыпқа сай сабақ жоспарын жасау; тақырыпқа тиімді болатын сабақ түрін, әдіс-тәсілін қарастыру; сабаққа тиімді болатын қосымша материалды іріктеп алу; дидактикалық электронды оқулықтарды мақсатқа сай пайдалану керек. Оқушы білімін бағалаудағы критерийлік бағалау жүйесімен таныса және өзім үшін талдай отырып бұл жүйенің мұғалім үшін ыңғайлы екенін түсіндім.
Бұл жүйе білім беру технологиясының педагогикалық тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді.
Критериалды бағалау жүйе қолданысында білім алушының оқудағы жетістіктерін тексеру үшін бағалаудың қалыптастырушы және қорытындылаушы формалары қарастырылған.
11-сыныпта «Органикалық химияға кіріспе», «Қаныққан көмірсутектер» тараулары бойынша тоқсан соңында оқушылардың жетістіктерін бағалау үшін бағалаудың қорытындылаушы формасымен жұмыс істедім. Тексеруді тест түрінде өткізіп, бағалауға мына тақырыптарды енгіздім: