Əдібай Табылды



Pdf көрінісі
бет4/25
Дата28.12.2016
өлшемі1,4 Mb.
#671
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25

  
 
СЫҚАҚ ӨЛЕҢДЕР 
 
НЕ  ЖАМАН
                      
Жала жапқан, 
                      «
Кіна» таққан, 
                       
Күнде шапқан – жаулаған, 
                       
Өсектескен, 

                       
Есек сеспен 
                       
Есептескен – даулаған 
                       
Жамандық істі аулаған 
                      «
Жақыннан шыққан жау жаман». 
 
              
ƏСЕМ ƏЖЕНІҢ  ƏЛДИІ 
 
Елемей қарт боп шөккенін,  
Жуатып  əже шөпшегін  
Ұмытып ұйқы, күлкіні  
«
Əндетіп» отыр  күн түні:  
«
Əлди-ау, əлди, əлдиім,  
Жұбаншы, бір  сəт қалғиын.  
Əзірлеп  саған емізік,  
Əр минөт сайын емізіп, 
Ұйықтар  десем  бырқырап, -  
Жылайсың  неге шырқырап?!  
Емізік-мамаң,  еме ғой,  
Еме ғой, жаным,  көне ғой,  
Жуаншы, болмай жылауық, 
Тынықсын əжең бірауық. 
Емізші десем,ерініп, 
Есінеп, əрі керіліп,  
Ұйықтап  жатыр  мамашың,   
Ұйқысын  бұзып  аларсың.  
«
Көкең» де ұйқы қандырып,  
Көшеге кеткен қаңғырып.  
Ертерек жуан  тез  енді,  
Естісе көкең безеді. 
Естісе шешең үніңді,  
Етеді қараң күнімді ...  
Бөпешімнің,  жалған-ай,  
Тірі жетім болғаны-ай!  
Əлди-əлди-əлди-ай!  
Əлди бөпем, қалғы жай»...  
 
Күтпесе күнде баласын, 
Кім дейміз бейқам анасын? 
 
СЕИТТІҢ СЕРТІ 
 
Айтайын бір жан сырым:  
«
Біреудің  қаңсығы - 

Біреуге таңсық»  екен.   
Ұнатса сол «таңсығын»,  
Ұяттан  мансұқ  екен. 
Кем болса да бір жасым, 
«
Керемет» досым - құрдасым  
Оқаңның жарын – Айгүлін  
Ойласам,  жеңіп қайғы - мұң  
Жүрегімді езіп,  
Жүрдім  үйден  безіп,  
Кешке асынан  қалмай,  
Күндіз  қасынан  қалмай,  
Көлеңкесіндей жақын  болдым.  
Көп «сертіне» мақұл болдым.  
Ол  да мендей «өрге»,  
Ойламаған  жерде  
Адам деп, сенді:  
Айтқаныма көнді...  
Батылданып, оңаша  
Баққа келдік:  тамаша! 
 
Əсемді мен еппен 
Сүймек болдым...Кенеттен 
Ишаратпен сіресіп,  
Иық  тіресіп  
Отырғанымызды көріп  қалып,  
Оқас досым  ойран салып,  
Қанатты мұрынды, 
Ернім жырылды... 
Ақындар айтқан  ғажап  тым  
Ғашықтық  деген  осы ма?  
Жау болдым досыма... 
Ақылдан айнып, 
Берілдім сезімге: 
Өзімде айып, 
Обал жоқ өзіме.  
 
 
ШЫНАР МЕН ШЫЛЫМ 
 
Кербез  біздің қара қыз,  
Кесікініне қараңыз:  
Түтінімен  шылымның,  
«
Түрлендірді» тұлымын.  
Аузы мұрнын ыстады:  

Ыста деп кім  қыстады?  
Ерні көн  боп  кезерді.  
Аш  ішегі  шұрқырап,  
Ащы түтін  бұрқырып,  
Шынар  мұрнын шүйірді:  
Түтін  үріп үйірді.  
Ұу ыс қауіп  өкпесін,  
Шылым  табы өткесін,  
Өз  ғашығы сүйіскен  
Өппей қашып  иістен  
Жуымайтын  боп  алды:  
Жуыса, дерт,  обал-ды!  
 
Əдеп, намыс, талғам жоқ...  
Шынарда сəн қалған  жоқ.  
 
 
 
МАСКҮНЕМНІҢ ҚАЛТАСЫ 
 
Маскүнем əкімге 
Сұрақ қойды əңкілдеп:  
- «
Ме-ме-мені  ішіп  кетті  
Жа-жа-жа-ман  жолға түсіп  кетті» -   
Деп өсектепіз,  ағай,   
Мұ-мұ-мұ мұныңыз қалай?  
Өсек  жаман  емес пе?. 
Деді.  
Əкім  қатыспай егеске  
Маскүнемге қарап  еді,  
Ол  кепкасын  ала берді:  
Басы айналып,   
Тілі байланып, 
Шалқасынан сұлап түсті.  
Ар – құлығы: 
«
Жартылығы»   
Қалтасынан құлап түсті  
 
Маскүнем сөзін жөн дейді,  
«
Кінəсіз жанмын мен», - дейді  
 
«
ДОМАЛАҚ» 
 

Шағым, күңкіл, домалақ...  
Шартарапқа домалап  
Тарап жатса, арызқой  
Тасып жүрер соған ақ.  
 
Əдебі жоқ сұрқайы 
Əрбір  сөзі тұрпайы.  
Мұқалтса бір адамды,  
Мұқаттым деп «шырқайды».   
 
Жоқ нəрсеге кектеніп,  
Жортақ жүріп,  шеттеніп,  
Ағайыннан безеді  
Арызымен  шектеліп.  
 
Өз жақынын күндес қып,  
Өрт  салады күнде өстіп.  
Өкінеді соттаса,  
«
Өтіпті, - деп, - білместік!»  
 
Өлер даумен «домалақ», -  
Өзгелерге обал-ақ!  
 
«
ЖЫМҚЫРМА» 
 
«
Жымқырмамен» басынан  
Əуес болдым жасымнан:  
Ойламаппын, өзім де,  
Оқушылық  кезімде  
«
Ілдебай» деп қолға алдым,  
Ілкіден-ақ қолдандым.  
Баға бар да, - білім  жоқ,  
Бақсам оның құны жоқ...  
«
Шпар» жазып ұзына,  
Түстім зорға ВУЗыма.  
Студенттік  кезімде  
Іс қадірін сездім бе?  
Басталғанда сессия,  
Бір  сілкініп ес жия:  
«
Шпар! Шпар! Шпар!» деп,  
«
Достар зəру іс бар!» -деп,  
Жымқырманың «көкесін»  
Жымқырды ғой көкешің  

Ақылгөйсіп, мақтана 
Алдым диплом – «қаттама».  
Істе нені «тындырдым?»  
Іштім-жедім, «жымқырдым»  
«
Майым» шығып сыртыма,  
Аян болдым жұртыма.  
Бар сыр жұртқа білінді  
Басым сотқа ілінді.  
Сот алдында не дермін?!  
Əй, осы мен түбінде  
Жымқырмадан өлермін.  
 
ƏУЕЙ СТУДЕНТ 
 
Лекция кезінде  
«
От жағып сезімге»  
Он қызға хат жазды  
«
Сүйгенім - өзің!» деп.  
 
Сессия кезінде  
Сенім жоқ өзіне.  
Қыздарға жалынды  
«
Шпар!»деп, безілдеп.  
 
«
Қызғаншақ, ез мүлде!»  
Деп, қыздар безді де,  
Опық жеп, «кеш қалып»  
«
Ойланды» өзі де.  
 
ҰРЫСҚАҚ  ҰСТАЗ 
 
-
Сенен түк те шықпайды! 
Басың дым да ұқпайды!- 
Деп,шəкіртін қорқытып, 
Демеу сөзін нықтайды. 
 
Көк езуі көпіріп, 
Көп сөйлейді лепіріп. 
Сансыз кіна тағады, 
Сабақ сиқын кетіріп. 
 
Салтанатсыз ұстаз болмас,- 
Сабыры жоқ ұтаз оңбас. 

                                       
ТІЛЕНШЕК 
 
Өлер болдым, ағайын,  
Басқа түсті қиындық!  
Мен  садағаң болайын,  
Көмек көрсет жиылып.  
Аман болсам өтермін 
Берген қолың алаған.  
Мақсатыма жетермін. 
Құтқарыңдар жаладан...  
Сөйтіп алдап халықты  
Тіленген ол кеше де  
Бүгін жайрап қалыпты  
Мас боп жатыр көшеде. 
 
Тілер «көмек» əманда, 
Тіленшек жан адам ба?  
 
СӨЗ БЕН ІС 
 

Ромштекс,  
Бифштекс  
Етті салат,  
Май, мармелад... 
Маған ұнар, -  
Дейді Шынар.  
Өзі бірақ  
Дəмді тамақ  
Дайындауға,  
Аспаз ісін  пайымдауға  
Зерігеді,  
Ісі көп  деп  
Ерінеді.  
 
Ісі жоқ ездің 
Тыңдама сөзін. 
 
 
 
 
ЖАН ҚҰРБЫМ 
 

Сүйдің де, жан құрбым,  
Есімнен тандырдың 
Дір  еттім балқыдым,  
Жүректі жандырдың.  
 
Тез бірақ жаңғырдың:  
Сөз сынып, таң қылдың.  
Сөзіңнен  ілезде  
Өзгердің, жан құрбым.  
 
Тынбастан даң қылдың  
Тыңдасам, мəңгірдім.  
«
Көрінді» мінезің,  
Көңілді қалдырдың.   
 
Есірген жан құрбым,  
Кесірмен салдың мұң.  
Қасірет сор болдың,  
Қайғыға қалдырдың. 
 
Мінің көп мінезде: 
Мен бездім ілезде.  
 
ШАТАҚ 
Бірінші жатақханада  
Білінді шатақ жаңа да:  
Арланбай шуды тасыр қып,  
Арандай аузы ашылып,  
Əңкілдей тартып гитарын,  
Əн  салды Сəлмен қиқарың.  
Сақалы мұртсыз салпаңдап,  
Саңқылдап, көзі шалқаңдап,  
Қиқайған аяқ тепсінді:  
«
Қызық» боп кетті кескіні.  
Құрсағы Сəттің қампайып,  
Құлағы  тершіп, қалқайып,  
Дем беріп Сəлмен досына  
Барабан  етіп,  қосыла  
Ұрғылап  отыр столды  
Ұсқынсыз бұл бір іс болды.  
Көрсетіп «өнер» асыра,  
Көтеріп үйді басына  
Мазасын жұрттың  алып тұр,  

Оларға жұрты налып тұр,  

Əн емес, «жын» ғой бұл өзі!..  
Əн  айтар жерді біл өзің!.. 
  
Берсең де сөгіс, сан жаза, -  
Бітетін емес даңғаза  
Міне – шатақ!  
 
ТОЗАҚ 
 
Қалбайдың үйіне  
Қараймыз  күйіне  
Дауласу – гу де гу  
Даңғаза бұл не шу?  

Тұрғанша сенімен  
Тынамын өліммен!  
Түңілдім,  кетемін,  
Түбіңе жетемін! 

Тарынтпай анамды,  
Тастап  кет  баламды!  
Баламмен жаным бір,  
Басынба! Ары жүр!  

Ойбай-ай! Өлтірді!...  
Құрт  анау кемпірді!  
Шешеңнің тілі бар!  
Мен десе жыны бар!..  

Ау, топас, безерме!  
Анамнан безем бе?  
Он қаштың жеті айда,  
Жетіссең, кет  айда!..    
 
Қос жұбай керісіп,  
Бір-бірін азаптар:  
Тұрмаса келісіп,  
Өмір жоқ тозақ бар. 
  
ИЕМБЕКТІҢ ИЕЛІГІ 
 
Иембек ер елпілдеп,  
Иемденер  жер  тілеп  
Мекемені шарлады:  
«
Əкеледі» шаруаны 
«
Сыйлығымен» жақынның  

Бұйрығымен  əкімнің  
Иеленіп жер шөбін,  

Ие – мен – деп, жер  шегін 
Белгіледі сайланып, -  
Ел біледі жайды анық: 
Баптанып, күн жай өтті  
Апта бітіп, ай өтті.  
Таусылғанмен  елпеңі, -  
Таусылмады «ертеңі».  
Санап  күткен  міндетті,  
Салақтықпен жыл өтті.  
Татыр жері «тыңайып»,  
Жатыр  енді мұңайып:  

Ием, білмей парықты,  
Түсінбедің нарықты:  
Жерді игере алмасаң,  
Бос сөзің – құр далбаса?!  
 
ƏКІМНІҢ ЗАУАЛЫ 
 
Бір  ауданды басқарып,  
Ел  байлығын  жастанып,  
Жүрген сөзі «тас жарып»  
Керекеңе бас салып,  
Кенет тергеу басталып,  
Қиғылықты  салғанда,  
Аяғын «іс» шалғанда,  
Елемейтін  əмəнда  
Хат  жазыпты маған  да:  

Ау,  ағайын  аман ба?  
Əкім  болған  заманда  
Сен  қоғадай иіліп,   
Сөз  айта алмай қиылып.   
Сырттай маған  сиынып,  
Тұрар едің үйріліп.  
Енді мынау неткенің?  
«
Бəрімізді жек көрдің,  
Күнімізді көп көрдің,  
Қыс  еттің ел көктемін!» -  
Деп, осынша сөккенің?!  
Ол  озбырлық  жойылар,  
Тордан  шықсам, тойым бар!..  
Менің  айтар  жауабым:  


Тарта бер  өмір  зауалын.  
 
МЕНІҢ «СЫНШЫМ» БАР 
 
Қасым  деген  сыншым  бар,  
Қастекілік  мінезі.  
Білте қойып сымпылдар,  
Білгішсініп  бір  өзі.  
 
Айтсам,  достар, шынымды:  
Ақтарып ол «мінімді»,  
Төндіреді түнімді,  
Төңкереді күнімді.  
 
Жарау іздеп  жатпайды:  
Жақсымды ол «таппайды».  
Жалынымды жақпайды,  
Жамандығы қаптайды.  
 
Жарық  көрсе өлеңім, -  
Жақтырмайды «көлемін».  
Салып маған «өнерін»,  
Сарнағанын  көремін.  
 
Ізет тұтам сын десе,  
Ізгілікті мирас деп, -  
«
Сыншыл» мені күндесе,  
Жақтамаңдар «рас» деп.  
 
 
АЙБАРЛЫ ХАТШЫ 
 
Бір əкімнің  хатшысы 
Қуырып  жұрттың апшысын,  
Созатын болды өңешін  
Жарлық  беріп өзінше,  
Бастығының  көзінше  
Айтатын болды «кеңесін».  
Жұрт айтты: Мұның сыры бар...  
Жөні жоқ бізге ұрынар.  
Бұл іске қалай килікті?  
Парадан құлқын  тиды кім?  
Хатшыдан  алып «сыйлығын»,  

Беріпті əкім билігін.  
 
КЕРІ КЕҢЕС 
 
Ел өсиет демесін, -  
Обырға айтар «кеңесім»:  
Шорқақ болмай есепке  
Сомнан тиын  түсіріп,  
Содан  кейін кесекте.  
Ақша же де аянбай,  
Ал  машина,  саяжай.  
Ебі келіп тұрғанда,  
Елді де же,  аямай.  
Еңбегіңе  сиынба,  
Сиын  əрбір  тиынға.  
Ар  ұяттан безінсең,  
Байып  кету қиын ба?!  
Арамдыққа бойла да,  
Адамдықты ойлама.  
Ақ  арақты «дəрім» де,  
«
Ақша да тұр  арым», - де.  
Ағайын, дос, жарың не?  
Ақшаға сат  бəрін де.  
 
Кесім  емес қанағат:  
Кесірлі бол қабақат.  
 
     
ШАРУАҒА  
 (
ескі жыр ізімен
 
Қожалықтың бастығы  
Бардай сенде қастығы  
Жұмсап қойып əр  іске  
Өзі тұрып  тал түсте,  
Діңкілдесе, сол жаман!  
 
Аға басшы мастанып  
Бір бөтелке жастанып,  
Апта бойы көрінбей,  
Арланып  іске берілмей  
Жатып алған күйінде,  
Шақырып ап үйіне,  
Шіңкілдесе сол жаман!  

 
Шыққан күннің батысы,  
Шыр-шыр етіп ат үсті,  
Ақ қар, көк мұз дауылда,  
Ала құйын жауында  
Бір тынбаған малшыға  
Қожаң келіп қоқаңдап:  

Шығын етсең малымды,  
Шығарам, - деп, - жыныңды!  
Сілкілесе сол жаман! 
Ажал  жақын  жеткенде,  
Дəрігер жөнді қарамай, 
Дəрі таппай қараңдай,  
Күңкілдесе сол жаман!  
Байлық, бақыт, болса да,  
Қамбаға дəн толса да, 
Ұстағанның қолында,  
Ұстамаса жолында,  
Көбейтіп жұрт ұрлықты,  
Көрінеу бар тірлікті  
Берекесіз  етуге, 
Бір қылмысқа жетуге  
Іркілмесе,  сол  жаман!  
Нарықты бұл  заманда  
Намыс жоғы жаман да! 
  
ЕСІРУДІҢ КЕСІРІ 
 
Еркүл, Есен  
Ерінбестен  
Жиды малды, 
Үй де салды. 
«
Жас ұйада»       
Машина да  
Бəрі де бар,- 
Тек намыс, ар 
Келісім жоқ: 
Керіс, мін көп. 
Есірудің 
Кесірі- мың. 
Кею – күнде: 
Кең үй мүлде 
Тар боп кетті. 

Зар көп кекті. 
Бүлік қозып, 
Мүлік тозып, 
Неше құнды 
Заттар сынды. 
Бірлік болмай, 
Тірлік оңбай, 
Басып қайғы, 
Бақыт тайды. 
 
Бақыт, құт та – 
Татулықта. 
 
КƏРІМНІҢ КƏСІБІ 
 
Кəсіптің нəсібі көп: 
Кəрім де кəсіп іздеп, 
Оқуға зорға түсті,- 
«
Тоқуға» болмай місі, 
Ақшасын төлеп «мықты», 
Оқуды зорға бітті. 
«
Диплом» алған күні, 
Біткендей арман- мұңы 
Елпеңдеп əкесіне: 
-
Енді епшіл балаң!-деді, 
-
Еңбекшіл болам! –деді. 
Адамдық, пайымдамақ, 
Мамандық жайында қап, 
-
Жақсы, игі, дөп іс табам! 
«
Бақсиі» көп іс табам!- 
Деді де: -Сөзім-істі! 
Деміне өзі пісті. 
Ай өтті...жыл...-іс қайда? 
Ол жатыр , жұмыс қайда? 
Таптасаң кəсібіңді,  
Таптайсың нəсібіңді 
 
 
 
ЖАҒЫМПАЗДЫҢ ЖАЛҒАНЫ 
 
Басшымыздың  басына  
Шатыр  ұстап, қасында  

Күн көзінен əрдайым  
«
Көлеңке» боп, қорғайды.  
Күлімдесе  бастығы,  
Байқайды да қас-қыбын  
Арақ  шарап  іздейді, -  
Арам ойды «тізбейді».  
Көп ішкенде бастығы,  
«
Көтереді мастығын».  
Қызметін асырып.  
Қорласа да мазалап,  
Етігін де тазалап,  
«
Менің жаным, жүрегім –  
Сіздікі!» - деп жүреді.  
Бағы жанса бастығының  
Бастығының  жастығы.  
Бастық түссе орнынан,  
«
Басып мені қор қылған  
Көрсін, - деп, - өз сорынан»  
Құм шашады соңынан. 
  
Жағымпаздың  жалғанын  
Шын  екен  деп қалмағын. 
 
ДАТБАЙДЫҢ  ДАТЫ 
 
Датбай деген інімнің 
«
Қотыры» бар тлінің: 
Жиналыстың кезінде, 
Сөз тимей-ақ өзіне, 
Інім ұшып тұрады, 
«
Тілі қышып» тұрады: 
«
Менменсімей айтыңдар, 
Менен артық қайсың бар?!... 
Мен – бір момын қазақпын, 
Мен! Ақылды..ғажаппын... 
Ағайынға ашығын 
Айта-айта жасыдым: 
Ақыл айтсам,Есағам 
Аңғармай жүр есалаң. 
Шікең – шибұт,қаңғалақ, 
Бүкең – мимырт,жаңғалақ. 
Тоқбас ағам тыңқиған: 
Топас адам мыңқиған. 

Жалқау - Жақан жақыным, 
Аңқау - Оқас əкімім... 
Оңып жатқан бірі жоқ: 
Түзелетін түрі жоқ.... 
Сөзбен Датбай «қауып» жүр: 
Сөзден пəле тауып жүр. 
Сондықтан да Датбайды 
«
Сойқан!» деп жұрт даттайды. 
                             
                             
КЕРДІҢ  КЕСІРІ 
 
Кер өзінің күшімен, 
Кергімейтін ісімен 
Тілін алып еңбектің, 
Білім алып,ерлеп тым 
Күнде тасып байлығы, 
Білмей өті қайғыны. 
Байлық,өнер…бəрі бар, 
Айлық,үйі жары бар… 
Алласының қосқаны – 
Адал болды дос-жары. 
Туды бағы – ұл-қызы, 
Туды оңынан жұлдызы. 
Мол бақытқа мастанып, 
Ол арақты жастанып, 
Ішіп көпті төс қағып, 

Түсіп кетті” бос лағып. 
Байлығы да,ары да, 
Бақыты да – бары да 
Қалды арақтың астында. 
Қасиеті қашты да: 

Басынуың жетед!” –деп, 
Балаларын жетектеп, 
Əйел кетті “төркіндеп”… 
Əумесер жүр “еркіндеп”. 
Машақат боп мінезі, 

Майдан” болып бір өзі, 

Көшемыжың” боп алды. 
Көптен ұят! Обал-ды! 
Күтім,еңбек,тиын жоқ, 
Күнкөруі қиын боп, 

Қайттым жолдан!” десе де,- 

Қаңғып қалды көшеде. 
 

Тірі өлгенше” мұң артып, 
Ішпей өлген мың артық. 
                          . 
  
ҚҰБЫЛМА  ЖАР 
 
«
Жаным» деп келіп, 
Жалын боп еніп жүрекке,- 
Қалпынан тайқып, 
Қапыстан айтып бір өкпе... 
Сылқылдап күліп, 
Былқылдап жүріп,назданды,- 
Кенеттен суып, 
Ажалға жуық аз қалды 
 
Құдайым бақты қақпасын: 
Құбылма жардан сақтасын. 
                                                        
 
      
ӨКІНЕСІҢ 
 
Үйренуден жалықпай, 
Үш тіл білу – аманат. 
Ана тілге қанықпай, 
Арсыз болу – жаман-ақ! 
 
Шет тіліне «құныққан» 
Шедірді жұрт кім дейді? 
«
Абайламай» ұмытқан: 
Ана тілін білмейді.  
 
Ана тілін білмесең, 
Ақымақсың мүлде сен: 
Өз тіліңді күрмесең, 
Өкінесің күнде сен. 
 
 
 
 
ҚЫЗҒАНЫШТЫҢ  ҚЫРСЫҒЫ 
 
Əр адамның ішінде 
«
Қызғаныштың иті» бар: 

Білдірмейді «түсін» де, 
Ілдірмейді құйтылар. 
 
Түйіледі толғанып, 
Күйінеді даналар: 
Қызғаныштан қорланып, 
Ызбар құсқан аналар. 
 
Бірлік бұзып,қызғанып, 
Тірлік «сызып» адастық. 
Қырындасып,сызданып, 
Ырылдасып,таластық. 
 
Ар –аманат,бұзбай «іш», 
Бар адамзат ойласын: 
Елді құртып қызғаныш 
Жерді жұтып қоймасын. 
                         
                          
    
ЗАЯ  ЛƏЗЗАТ 
 
Жарым деп алғаш сүйгенде, 
Жалын-өрт  жүрек күйгенде, 
Шымырлап тəнің,бой еріп, 
Шырылдап жаның,ой,ерік, 
Балқыдың жардың төсінде: 
Шалқыдың сонда көсіле. 
Қызуы жардың басылды: 
Қызығы «жарды басыңды». 
Басынған жардың тасыры: 
Басыңнан сөзін асырды. 
Қожырап текті сыйласым, 
Ажырап кетті «қимасың». 
 
Татулық берік болмаса, 
«
Тартымдық»,көрік далбаса. 
 
 
                                                                               
БИЛІК КІМДЕ
(
отбасылық драма
Əсем есінеперініп отыр
Оған Əлен келіп, «бас иелік» айтады

 
ƏЛЕН:  
Əсемжан-ау, бұл қалай?  
Болдым ба мен құл, малай?!  
Үй тірлігін  істеуге  
Кіріссеңші бұлданбай...  
 
ƏСЕМ:  
Сен «істеп» не тындырдың?  
Икемсіздік білдірдің:  
Ыдыстарды жуам деп,  
Хрустальды сындырдың.  
 
Қайтіп əйел сыйлайсың? 
Төсекті де жимайсың?!  
Киіміңді тазала, 
Неге мені қинайсың?!  
 
ƏЛЕН:  
Сөзің-қырсық, бақас тым!  
Істен қалып  жатасың...  
Айта-айта таусылып,  
Ақылымнан шатастым!..  
 
ƏСЕМ:  
Не  дейсің, ей тасырым?!  
Мен бе сенің масылың?  
Құртасың ғой сен өстіп 
Құнын білмей асылдың!..  
 
Елдің пысық еркегі:  
Ойлай білер ертеңді.  
Ісің тұйық майдасың! 
Ішім күйіп, өртенді!  
 
Мен мəз болып тұрғам жоқ:  
Гауһар тасты сырғам жоқ!..  
Қамқор болса еркегім,  
Өлер  едім құрбан боп!  
 
ƏЛЕН:  
Болмас гауһар тас мұра,  
Көңіліңді пəс қылма!  

Жанымыз қор болмасын  
Жалқаулықтың  астында.  
 
Бақыт  еңбек, бірлікте,  
Басқаша ойлап, сыр бүкпе.  
Кір іздемей көңілге,  
Кірісейік тірлікке!  
 
ƏСЕМ:  
«
Тірлік» дейді, ой алла-ай!  
Тырбан сен де аянбай:  
Көрмейсің бе Кемелді  
Дүниеге кенелді...  
 
Машинасы, үйі бар, 
Ол жігіттің миы бар,  
Бассейн бар, балық бар...  
Ал бізде ше? «Тамұқ» бар!  
 
ƏЛЕН:  
Жоқты жұрттан іздеме,  
Болады ғой бізде де...  
 
Арамдықты көп ойлап,  
Адамдықты бұз деме.  
 
Безілдеме, күйінбе,  
Стенкада, киім де,  
Кілем, айна, хрусталь  
Бəрі бар ғой үйінде...  
 
ƏСЕМ:  
Тыңда жағың таянбай,  
Бізге керек, сая жай... 
Шорқақтығың белгілі,  
Қорқақтығың қояндай.  
 
ƏЛЕН:  
Азаматты қор қылма:  
Өзіңді өзің зор қылма.  
Билік етем, еркекпін,  
Билігімді орында!  
 
ƏСЕМ:  

Үйдің менде билігі:  
Күйкіленбе килігіп!  
Қағайын ба жыныңды?  
Салайын ба қиғылық?!  
 

Билік-менде» деп  екеуі таласады)  
 
ƏЛЕН:  
Ұят бар ма өзіңде?  
Болмас бұған төзуге!  
Көп  істеген қызметім  
Көрінбеді-ау көзіңе!  
 
ƏСЕМ:  
Кеудең керім, өр  екен...  
Мен бе сенің келекең?!.. 
Еңбегім-еш, тұзым-сор,  
Ең бақытсыз -  мен екем!  
 
ƏЛЕН:  
Менде тірлік бар дер ем,  
Есептеуді ар көрем...  
Ақылы асса ер сыйлар,  
Ақыласпас жар деген. 
  
ƏСЕМ:  
Сені талай сыйлағам!  
Сендей болмас сыйлы адам!  
Ұятсызсың, сөзімді  
Ұқтыра алмай қиналам!..  
 
ƏЛЕН:  
Қайнап  қаның  тасып тұр...  
Қашан жаның  ашып жүр?!  
Жолдас болғың келмесе,  
Жолың-анау ашық тұр!  
ƏСЕМ:  
Не  дейсің, əй, мəнжубас,  
Есті жан сөз аңдымас!  
Ерегескен  сендей пес  
Ерім болып мандымас!  
 
Сөз  айтысу не теңің? 

Келіспесең, нетемін?...  
Күйбеңдеп-ақ құрыдым,  
Үйден мен-ақ  кетемін!..  
 
ƏЛЕН:  
Əсем, бердім  келісім!  
Керегі не керістің?  
Жарым болсаң мəңгілік,  
Жаным пида сен үшін!  
 
ƏСЕМ:  
Тұрлауы жоқ  сөзіңнің:  
Тұрақтамас төзімің!  
Сау бол! Менсіз... көрермін...  
Сиқың кетер өзіңнің.  
(
Кетеді)  
 
ƏЛЕН:  
(
көремендерге қарап)  
Өз  еріне «би-мен» деп,  
Өстіп өршіп, күйбеңдеп,  
Өрмінезбен ашудың  
Өртін қозғап, күйген көп.  
 
 
БЕКЕН МЕН БЕКТАСТЫҢ ҚАҒЫТПАСЫ 
 
БЕКЕН  
Досым Бектас, аман ба?  
Ашық  сөзді заманда  
Ашық айтып, кеміспен  
Күресейік əманда.  
 
Кемістік-жау саған да,  
Кесір  болар маған да:  
Айт кемісін  жарымның,  
Ақын болсаң, жаманда.  
 
БЕКТАС  
Əзілдеймін теңсініп  
Əркімде бар  кемшілік...  
Керек те ғой ақынға  
Кешіру мен  кеңшілік.  

 
 
БЕКЕН  
Сыннан қорқып басылма, 
Сын айтсам мен, жасыма.  
Кемшілікті байқасаң, 
Кешірме де, жасырма. 
 
БЕКТАС 
Айт деген соң,айтайын,  
Ашық  сынап байқайын:  
Жүр өрт іздеп əйелің- 
«
Курорт» іздеп ай сайын...  
 
Қиқуласқан  түнімен,  
Ұйқы басқан күнімен  
Əйеліңнің міндерін  
Білмейсің бе шынымен? 
 
БЕКЕН  
Кеюлісің тым бүгін...  
Кей қылмысын  білді кім?  
Өз əйелің мінсіз бе?  
Өзің айтшы шындығын.  
 
БЕКТАС  
Сөз кеспе сен, тасыма!  
Кездескем мен  асылға.  
Сының болса  ашық  айт,  
Міні болса, жасырма.  
 
БЕКЕН  
Жарың жимай төсегін,  
Айту үшін өсегін,  
Телефонға мініп  ап,  
Түспей қояр неше күн. 
 
БЕКТАС  
Сөз-жалыным  атылар:  
Өз  жарыңның даты бар!  
Тарпау мінез – тартыншақ,  
«
Жалқау» деген  аты бар... 
 

БЕКЕН     
Əділетті жақындар  
Əділ  сынды мақұлдар:  
Оңып тұрған  жарың жоқ,  
«
Олақ» деген  аты бар.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет