Әдіс-тәсілдер тізбесі: «А Ә б в»


Менікі.  -  Ауыр ма?  -  Жеңіл



Pdf көрінісі
бет14/77
Дата15.11.2022
өлшемі1,72 Mb.
#50200
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77
Менікі. 

Ауыр ма? 

Жеңіл. 
 
Практикасы: 
«ҚОЛДАНУ» қарапайым үлгідегі тапсырмалары орындалады. 
Мына сөйлемді толымды сөйлемге айналдыр, сөйлемдерді құрылысына қарай 
талдап, ерекшелігіне тоқтал. 
Оңаша қоштасты. Абай Ділдәмен оңаша қоштасты.
Талдау үлгісі: қоштасты – етістіктен болған баяндауыш; 
Абай – атау тұлғалы зат есім; 
Ділдәмен – зат есімнен болған толықтауыш; 
Оңаша – үстеуден болған пысықтауыш. 
Теориясы: 
«ТҮСІНУ» Неліктен? Себебі? He үшін? Неге? т.с.с. сұрақтар оқушының 
жоғарыда берген жауаптарына қойылады. Сол арқылы ол тақырыпты тереңірек 
меңгереді. 
1. 
Жай сөйлемдер неліктен толымды, толымсыз болып екіге бөлінеді? 
Себебі: 
а) Толымды сөйлемде ойды жеткізуде айтушыға керекті сөйлем мүшелері 
түгел қатысады. Мысалы: Ол кешке дейін барлық жұмысын түгел аяқтады. 
 ә) Толымсыз сөйлемде ойға қатысты сөйлем мүшелерінің бірі түсіп қалады. 


24 
Мысалы: Шараны сайладьқ. 
2. 
Диалогта неге толымсыз сөйлемдерді жиі қолданамыз? 
Себебі: Екі не бірнеше адамның сөйлесуі кезінде ойға қатысты 
сөйлемдерді қайталап айта бермеу үшін, ол сөздердің алдыңғы сөйлемде 
айтылғандығына байланысты жиі қолданамыз. 
Теориясы: 
«ТАЛДАУ» 1. Салыстыр. 2. Айырмашылығы неде? 3. Ұқсастығы неде? 4. 
Тақырыптың басты идеясын жаз сияқты тапсырмалар болу керек. Немесе, 1-3 
тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады. 
Мысалы, жаттығудағы берілген мәтіннен бір шешендік сөзді алып, сөйлемдерін 
толымсыз сөйлемге айналдыр. 
Үлгі: Үргеніш шешені: 

Сөз анасы не? 

Су анасы не? 
- Жол анасы не? - деп сұрайды. 
Сонда Сырым батыр: 

Сөз анасы – құлақ, 

Су анасы бұлақ, 

Жол анасы тұяқ! - деп жауап береді. 
Толымсыз сөйлем: Үргеніш шешені: Сөздің, судың, жолдың анасы не? – деп 
сұрайды. 
Сырым батыр: Сөздікі – құлақ, судікі – бұлақ, жолдікі – тұяқ! – деп жауап 
береді. 
1. 
Шешендік сөздің көркемдігіне нұқсан келе ме, жоқ па? Себебін айт. 
Толымды сөйлемді толымсыз сөйлемге айналдырғанда, шешендік сөздің 
көркемдік нұсқасына нұқсан келеді. Ссбебі: ырғақ, ұйқас өзгереді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет