Әдіскері: Недирешова А. К. Тақырыбы: «Арайлы алтын күз»



Дата27.11.2022
өлшемі1,05 Mb.
#52943
Байланысты:
Куз




«Тексерілді»
Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің
Жедел басқару құқұғындағыМКҚК-ның
әдіскері: Недирешова А.К.___________

Тақырыбы:
«Арайлы алтын күз»

Тәрбиеші: Тажибаева М.М.




2020 жыл

«Тексерілді»
Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің
Жедел басқару құқұғындағыМКҚК-ның
әдіскері: Недирешова А.К.___________
Тақырыбы:
«Мерейлі күз, берекелі күз»




Тәрбиеші: Тажибаева М.М.



2020 жыл

Тақырыбы: Алтын күз


Әдемілеп безендірілген залаға балалар әуен ырғағымен кіреді.
Жүргізуші: Құртметті ата-аналар, балалар Алтын күз мерекесі құтты болсын. Бүгінгі «Гүлдәурен» тобының ертеңгілігіне қош келдіңіздер!.
Тақпақ:
Батырбек:
Жапырақ ұшты,
Суық та түсті.
Сонда да бізге,
Қызық көп күзде.


Санжар:
Көрініп еліме
Күндері мереке.
Келді ғой жеріме
Күз дейтін мереке.


Айлин:
Алтын, сары, қызыл, көк,
Алуан – алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.


Адиа:
Алқаптан бидайды
Қоймаға ел жинайды.
Тырнасы тізілген,
Ұнатамын күзді мен
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, «ұнатамыз күзді біз» – дей отырып
Ән: «Күз келгенде».
Жүргізуші: Жарайсыңдар, балалар, қуанышты көңілмен Алтын күзді ортаға шақырайық.
Ортаға Алтын күз шығады.
Алтын күз: Салеметсіңдерме балалар?
Мен Алтын күзбін
Жайдары жарқын жүзбін
Сәбіз, картоп, тәтті алма
Оған достым таң қалма
Сендерге келдім билеуге
Ән айтып, той тойлауға!
Балалар қараңдаршы айналаларың қандай әсем, күзгі жапырақтар не деген әдемі!

Алтын күз: Олай болса балалар сендермен қазір «Жапырақтарды жинау» ойынын ойнаймыз. Қыз балалар қызыл жапырақтарды қызыл қорапшаға салып жинайды, ұл балалар сары жапырақты сары қорапшаға салып жинайды.


Ойын: Жапырақтарды жинау
Жүргізуші: Алтын күз біздің балалардың ойыннан басқа сізге арнаған тақпақтары бар.
Тақпақтар.
Ән: Күз.
Жаңбырдың даусы сырттан естіліп ішке Жаңбыр кіреді.
Тәрбиеші: Бұл ненің даусы?! Бізге Жаңбыр келе жатыр. Салеметсізбе Жаңбыр?!
Жаңбыр: Салеметсізбе Алтын күз, балалар! Мен сендердің әуендеріңізді естіп қуанып қалдым, өте жақсы айтады екенсіңдер! Сендерге жаңбыр жауған ұнай ма балалар?
Балалар : Ия.
Жаңбыр: Ендеше , балалар! Менмен бірге әдемі ойын ойнасыңдарма?
Ойын: «Жаңбыр және әсем әуен» Сендер әсем әуеннің даусын естігенде әдемі билейсіңдер, ал жаңбырдың даусын естігенде менің қол шатырымның астына жиналасыңдар!
Тәрбиеші: Олай болса қолшатыр биін тамашалайық.
Би: Қолшатыр.
Жүргізуші. Жарайсыңдар балалар. Енді қыздарымыз ортаға шығып әнімізді айтайық.
Ән: Қыздар.
Жаңбыр: Рахмет Алтын күзге! Рахмет, балалар, мен басқа бақшаға барып жаңбыр жауып қайтайын. Оларда өсіп өнсін, сау болыңдар!
Алтын күз: Жаңбыр сағанда көпте көп рахмет!
Алтын күз: Жаңбыр жауып біздің жемістерде пісіп жетіліпті. Олай болса балалар «жемістер мен көкөністер» ойынын ойнайық.
Ойын: «жемістер мен көкөністер»
«Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»
Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.
Тәрбиеші: тақпақ.
Ойынның аты «Сұрақ-жауап». Қазір мен мына жапырақты сендерге беремін, сендер бір-біріңізге бересіз, әуен кімде тоқтайды сол кісіге сұрақ қоямыз.
1. Қазір жылдың қай мезгілі?
2. Күз туралы тақпақ білесізбе?
3. Күз мезгілінің айлары.
Алтын күз: Балалар, мен бүгін сендердің мерекелеріңе келгеніме өкінбеймін! Әндеріңде керемет, тақпақтарды да керемет айтады екенсіңдер. Шеттеріңнен
өнерлі екенсіңдер. Мен сендерге құр қол келген жоқпын, өзімнің күзгі бағымның сыйын ала келдім. Қазір бұл жемісті тәрбиеші апайларыңа беремін. Топқа барғаннан кейін сендерге таратып береді. Сау болыңдар балалар!
Тәрбиеші: Қош сау болың Алтын күз!
Тәрбиеші: Құрметті ата-аналар! Бүгінгі Алтын күз мерекесіне арнаған мерекелік ертеңгілігіміз аяқталды. Қош, сау болыңыздар!


чч



№4 топ «Гүлдәурен» тобы.



  1. Әуенмен залға кіру.

  2. Би: «Жапырақтар»

  3. Құттықтау.

  4. Алтын күз келеді.

  5. Ойын: «Жапырақтарды жинау»

  6. Тақпақтар.

  7. Ән: «Күз келді»

  8. Жаңбыр кіреді.

  9. Ойын: «жаңбыр»

  10. Би: «қолшатыр»

  11. Ән: 5 қыз

  12. Жаңбыр қоштасады

  13. Ойын: «көкөніс пен жемістер»

  14. Тақпақтар

  15. Ойын: «сұрақ-жауап»

  16. Ән

  17. Алтын күз қоштасады.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет