Әдістеме ғылымындағы ізденістер. Әдістемелік басылымдардың рөлі Жоспары



Дата15.10.2022
өлшемі23,05 Kb.
#43226

Әдістеме ғылымындағы ізденістер. Әдістемелік басылымдардың рөлі
Жоспары:

  1. Әдістеме ғылымындағы ізденістер

  2. Әдебиетті оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері

  3. Әдебиет пәнін оқытуда мұғалімнің міндеттері.

  4. Әдістемелік басылымдардың рөлі .Әдеби білім кезеңдері.

  5. Әдеби білім кезеңдеріне сәйкес білім мазмұнының жіктелісі.



Әдебиетті оқыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктері. Барлық ғылыми пәндер дүние тануға, адамның таным білігін қалыптастырудағы әсер-ықпалымен белгіленеді. Әр ғылым бұл міндетті өзінің материалының көлеміне, зерттеу тәсіліне байланысты шешеді. Ал әдебиеттің әдістемесі үлкен материалмен, яғни адамға қатысты жұмыс істейді. Адамды оқыту және тәрбиелеу - қай ғасырда болсын ең маңызды міндеттің бірі. Сабақ үдерісі өте күрделі құрылым болып есептеледі. Ол синкретті білім мен еңбекті талап етеді. Педагогика, психология, таным теориясы, педагогикалық шеберлік, коммуникативті құзіреттілік, эмпатиялық қарымқатынас, жобалау мен жоспарлау құзіреттілігі т.б. көптеген қабілет – қарымды қажет етеді. Мұғалім сабақтың әрбір сәттеріндегі әдіс-тәсілдермен қаруланған, теориялық жағынан терең білімге ие болуы сабақ үдерісінің дұрыс бағытталуына үлкен септігін тигізеді. Әдебиет мұғалімі жұмысының мазмұны, мақсаты мен міндеттері негізінен әдебиет пәніне арналған бағдарламаларда белгіленген. Әр ұстаз өз пәнінен сабақ беруді бастамас бұрын бағдарламаның түсінік хатын оқып, әдебиетті оқыту міндеттерімен, бағдарламаның құрылысы және негізгі мазмұнымен, кейбір әдістемелік нұсқаулармен, әдебиетке байланысты сыныптан тыс жүргізілетін жұмыс түрлерімен жалпы айтқанда жүргізгелі отырған курстың барлық мақсат, міндеттерімен жете танысып, өз ісіне сауатты дайындықпен келуі тиіс. Алайда әдебиетті оқыту әдістемесінің ішкі мазмұнында қамтылатын негізгі мәселелерді айқын әрі терең ұғыну үшін бағдарлама мазмұны жеткіліксіз болады. Яғни ұстаз әдебиеттің бағдарламасымен үстірт танысып, мойындап қана қоймай, әдістеме мазмұнының талаптілектеріне сай сын көзімен тексеріп, зерттеп, шығармашылықпен меңгеруге міндетті. Тек сонда ғана ол әрбір сыныпта оқып үйретуге тиісті әдеби материалдардың ауыр, жеңілдігі, берілген сағат мөлшеріне сәйкестігі, оқушыларға берілетін әдеби-теориялық білімнің көлемі мен мазмұны, жүйелілігі, ауызша және жазбаша тіл дамыту жұмыстарының түрлері т.б. көптеген мәселелер туралы ғылыми-әдістемелік қорытындыға келе алады. Әдебиет пәнін оқытуда мұғалімнің міндеттері. Әдебиет әдістемесінің мазмұнын белгілеудегі басты мәселелердің біріне мұғалімнің әдебиет пәнін оқытуда қолданатын әдіс-амалдары, тәсілдері жатады. Бағдарламадағы материалды өтуде көзделетін қорытынды нәтиже бір болғанымен әрбір мұғалім бұл мақсатқа әртүрлі әдіс-тәсілмен жетеді. Негізгі мақсатқа қызмет 5 ететін жол мен әдіс-амалды таңдап алу мұғалімнен аса жауапкершілік пен шеберлікті талап етеді. Себебі әдеби материалдың ерекшелігіне қарай әрбір сабақтың өзіне тән тақырыбы, мақсаты, құрал - жабдықтары, әдіс-тәсілдері, құрылысы мен сабақтың жүйесі, мазмұны болады. Сабақ өтілетін материалдың өзгешелігіне қарай, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне байланысты, оқушыларға берілетін білім-дағдылардың түрлеріне сай әр алуан құбылып, түрленіп отыратын құбылысқа, күрделі оқу-тәрбиелік үдеріске жатады. Әрбір сабақтың жақсы немесе сәтсіз өткенін дұрыс бағалау үшін, оған ғылыми жолмен талдау жасалады. Талдауда барлық факторлар есепке алынады. Сол факторлардың нәтижесінде ғана әрбір сабақтың сапалы және сапасыз жақтарын ажыратуға мүмкіндік туады. Сөйтіп, әдебиет әдістемесінің негізгі міндеті: мұғалім жұмысының әдістері мен тәсілдерін ұстанымдық жолмен негіздеп беру. Бұл әдебиет әдістемесінің ең басты мәнмазмұны болып табылады. Әдеби білім кезеңдері. Жалпы білім беретін орта мектептердегі әдеби білім бағдарламасы екі кезеңге бағытталған: 5-9 және 10-11 сыныптар. Бұлай бөлінуі психологтардың еңбектеріндегі оқушылардың даму кезеңдерінің сипатына байланысты. Бағдарламада әдеби білім компоненті және орташа білімнің уақытша стандартының мазмұны көрсетіледі. В.В.Давыдовтың «Дамыта оқыту теориясы» 1 еңбегінде «жетекші қызмет» термині қолданылады, ол баланың психикалық даму кезеңінде негізгі өзгерістерді көрсетеді. Соның ішінде қоғамдық мәндегі қабілет балаларда 10-15 жасында қалыптаса бастайды. Оған қоса еңбекқорлық, қоғамдық-ұжымшылдық, спорттық және көркемөнер бағытындағы қызметтерді де жатқызады. Жасөспірімдерде әртүрлі топ мүшесімен қарым-қатынас жасай алуы, өзінің мүмкіншіліктерін бағалай алуы, яғни іс-тәжірибе нәтижесінен туындайтын сана қалыптасатынын атап өтеді. Оқу-кәсіби қызмет жоғарғы сынып оқушыларында 15-тен 17-18 жаста пайда болады. Оларда кәсіби қызығушылықтары, өмірлік жоспарларын құру қабілеті дамиды, тұлғаның адамдық және азаматтық ұстанымдары, дүниетаным туралы негіздері қалыптасады. Психологияның даму аймағында әртүрлі ғалымдардың пікірлерін келтіре отырып, В.В.Давыдов А.Н.Леонтьева мен Д.Б.Эльконина адамның тұлғалық және психикалық дамуының негізі оның қызметінің дамуында деген ой білдіреді. Соған орай қызметтің сипаты және адамның психикасы тұлға деп түсіндіріледі. А.В.Петровский үшін психика тұлғаның құрамына кіреді, ал оның дамуы адамның қоршаған ортамен арақатынасының өзгеруімен анықталады. Әр түрлі жастағы оқушылардың әдеби дамуы мен оқу қызметі әдістеме ғылымда да зерттелген (Н.Д.Молдавскаяның, Н.И.Кудряшевтың, В.Г.Маранцманның, О. Ю. Богдановтың еңбектері т.б.). Әдеби білімнің басты мақсаты отандық және әлемдік классикалық әдебиетті, рухани байлықты қабылдау, көркем мәдени түйсік және тәрбие, оның негізінде адамшылық, эстетикалық талғам, сөйлеудің мәдениеті қалыптасады. Әдеби білімнің мазмұнының негізі көркем мәтіндерді әдеби, 1 Давыдов В.В. Теория развивающего обучения. М., 1996. 6 этико-философиялық және тарихи-мәдениетті компонеттер түрінде оқу және зерттеу болып саналады. Қазіргі бағдарламалар әр тақырып бойынша бөлінетін уақыт мөлшері жөніндегі нұсқаулардан ғана тұрмайтыны белгілі. 11 сынып түлектері өз таным-түсінігі мен пайымына қарай шығарманың тақырыбын, жетекші ойын тұжырымдайды және көркем мәтіндердің ішкі құрылымдық жүйесін талдайды. Әдеби білім кезеңдеріне сәйкес білім мазмұнының жіктелісі. Бастауыш сыныптарда негізінен оқу мәдениетінің бастапқы білімі қалыптасады, мәтінді жүргізіп оқу, мәнерлеп оқудың алғашқы дағды, машығы және көркем шығарманы түсініп оқу, ішінара (элементтік) талдаулар жүргізіледі. Көркем мәтін негізгі білім беру көзі ретінде танылады. Көркем мәтін айналасында көптеген оқу әрекеттері жүзеге асырылады: дүниетанымдық, шығарманы эмоциялық қабылдау, сөйлеу тілі дағдылары – барлығы мәтін оқу әрекеті төңірегінде іске асады. Мектеп оқушысы мектепке дейінгі тәжірибесіне сүйене отырып көркем шығарманы тұтас құрылым ретінде таниды әрі жеке автордың туындысы ретінде қабылдай бастайды. Әдеби білім негізі орта буын сыныптарда қаланады. Алғаш көркем шығарма әлемін тануға күш салынады. Әдебиет пәні көркем мәтіндерді негізгі құрал ретінде пайдалана отырып, алғаш өнердің үлкен саласының бірі әдебиеттану сабақтарын бастайды. Әдебиет теориялық білімнің де бастапқы негізі осы орта буын сыныптардан қаланады. Шығарманы мақамына келтіріп оқу дағдылары орта буында толық қалануы тиіс. Шығарма композициясын таныту мақсатындағы мәтінге жасалатын жоспар түрлері, оқушының жазба тілі мен сөйлеу тілін дамыту әрекеттері, сөз образы мен көркем кейіпкер образына талдау жұмыстары, шығарманың тілдік ерекшеліктерін ажыратып тану, шығарманың жанрлық ерекшеліктерін ажырату, шығарманың көтерген басты мәселесі, қосалқы тарырыптар, шығарма өзегіндегі авторлық көзқарас, автор поэтикасы, шығарма идеясын таныту жұмыстары 7-9 сыныптарда белсенді жүргізіледі. Оқушылардың сөйлеу мәдениеті, ойлау мәдениеті және, авторға, көркем шығарма кейіпкеріне эмпатиялық қарым-қатынас, эмоционалды қайырымдылық, өз басынан кешкендей сезіну қабілеттері де осы орта буын сыныптарда қалыптасады. 5-9 сыныптардағы әдебиет пәні бағдарламалары қазақ әдебиетінің үздік шығармаларын шоғырландыру ұстанымы және хронологиялық жүйе бойынша құрылған. Сонымен қатар әлем әдебиеті үлгілері де ұсынылған. Әдетте орта буын сыныптарда қаламгердің өмірбаяндық деректері беріледі. Орта буын (5-9) сыныптарда қаламгер өмірбаянын дербес сағат көлемінде оқыту жоспарланбаған. Өмірбаяндық деректер оқылатын мәтін мазмұнын ашуға қызмет жасайды. Әдеби-теориялық білім мен әдебиеттің тарихи курсын оқуға даярлық та орта буында жүргізіледі. Ал автор өмірбаянын жеке сағат көлемінде оқыту әдебиеттің тарихи курсын, автор шығармашылығын монографиялы түрде оқитын 10-11 сыныптарға тән. 7 5-9 сыныптарда әдебиет теориясынан түсініктерді мақсатты түрде игеруге және көркем шығарманың поэтикасын қарастыруға зер салынады. 5-6 сыныптарда оқушылар мәтіндегі көркем сөз айшықтарын (теңеу, метафора, эпитет, метонимия т.б.) тауып қана қоймай, олардың мәнін, көркем мәтіннің табиғи ажарын келтірудегі қызметін ажыратып тануға ден қояды. Әртүрлі суреттерді сөзбен бейнелеуді үйренеді, жанр ұғымын ашады, белгілі бір сөздердің мағынасын, композиция мағынасын және оны құрайтын компоненттерін түсінеді. Осыған әңгімелесудің нәтижесі, мазмұндау, іскерлік ойындар жазбаша шығармашылық жұмыстар арқылы қол жеткізеді. 5-6 сыныптарда ауыз әдебиетін оқып үйрену арқылы оқушылар халықтың ұлттық рухын, дүниетанымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін мәдени мұра ретінде танып біледі. Халық ауыз әдебиетін оқып-үйрену оқушының рухани жетілген әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына, халқының өткені мен бүгінін салыстырып, ой елегінен өткізе алуына жәрдемдеседі. Орта буын сыныптарда әдебиет пәнін оқытуда оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін, қызығушылықтарын дамыту, оқушының танымдық ойөрісін, эстетикалық талғамын қалыптастыру, шығармашылық ойлауын жетілдіру, коммуникативті құзірет жетілдіру басты назарға алынады. Оқушының ізденімпаздығын, белсенділігін, өз бетімен жұмыс істеу қабілетін, шығармашылық ойлауын қалыптастыруда олардың өзіндік ерекшеліктері, қабілетқарымдары ескеріледі. 10-сыныпқа арналған білім мазмұны ХІХ ғасыр әдебиетіндегі қазақ елінің болашағын ағартушылық идеясымен байланыстыратын, саяси және рухани тәуелсіздік рухы біріктіретін ақын-жазушылар топтамасынан құрылған. Тәуелсіз елдің өз мұраларын жаңа заман идеяларына сәйкес танып білу мақсатынан әдеби білім мазмұны толыға түсті. Осыған орай әдебиеттің көрнекті өкілдерінің мұраларын дербес сипатта оқыту жоспарланған. Қазақтың сөз өнері мен музыкалық мұрасының дамуына елеулі үлес қосқан сал, сері, әнші, сазгер ақындар шығармашылығы қамтылған. Ал 11 сыныпта берілетін білім мазмұны ХХ ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейінгі уақытты қамтиды. Осы орайда Х.Есенжолов, І.Есенберлин, Қ.Аманжолов, Ж.Молдағалиев, Ә.Тәжібаев, Ә.Нұрпейісов, Ө.Бөкей, Ш.Мұртаза, М.Мақатаев, Қ.Мырзалиев, С.Жүнісов, Ә.Кекілбаев, Т.Молдағалиев, С.Мауленов, Т.Ахтанов, М.Шаханов, т.б. қаламгерлердің шығармалары оқытылады. 11 сыныпта ХХ ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейінгі қазақ әдебиеті туралы білім қалыптастыру көзделген. Бағдарлы сыныптарда тақырыптық жүйеге орай әдебиет теориясы мен әдебиеттану ғылымынан түсініктер беріледі. Орта буында басталған әдебитеориялық ұғымдар тереңдетіле отырып, әдебиеттiң тектерi мен жанрлары, авторлық стиль, туындының композициясы, тiлдік ерекшелігі, әдеби ағым туралы ұғым тереңдетіледі. 10-11 сыныптарда әдеби мәтінді оқыту әдістемесі орта буын сыныптарға қарағанда өзгеше. Орта буын сыныптарда көлемі шағын әдеби мәтіндер сыныпта не үйде оқытыла отырып, тұтастай талдауға бағытталса, жоғары сыныпта ұсынылатын әдеби шығармалар үзінділер емес, бұл сыныптардағы 8 ақын-жазушылар шығармашылығы монографиялық тұрғыда оқытылады. 10- 11 сыныптарда шығарманы мүмкіндігінше тұтастай оқыту көзделген. Әдеби талдау жоғары сыныптарда да жүзеге асырылады. Дегенмен, орта буын сыныптарға қарағанда әлдеқайда күрделі құрылыммен, белгілі бір өзекті мәселеге орайластыра талданады. Қаламгер шығармашылығы монографиялы түрде оқытылуына байланысты қаламгердің белгілі бір әдеби жанрдағы ерекшелігі (егер шағын көлемдегі эпикалық түр болса) бірнеше шығармасымен не осы саладағы өзге қаламгер шығармашылығымен салыстырыла талдануы мүмкін. Сондай-ақ талдауға нысан болатын көлемді туындысы (роман, роман-эпопея т.б.) әр тарапты проблемалық ұстанымда талдануы қажет. Орта буында бір ғана шағын шығарманың ішкі құрылым жүйесі, образдары талданса, жоғары сыныпта талдау нысанына көлемді шығарманың тұтас құрылымы, әлеуметтік, саяси мәселенің көрінісі, образдар галереясы, әдеби үдерістегі орны т.б. ауқымды мәселелері алынады. Көбіне белгілі бір көтеріліп отырған мәселе төңірегінде оқушының өзіндік көзқарастары, дәйектемелері, жеке ұстанымдары есепке алынуы керек. Жасыратыны жоқ көбіне, бүгінгі мектеп практикасында жоғары сынып оқушыларының өзі шығарма төңірегіндегі баяндаумен шектеліп жүр. Оқушы тарапынан оқиға желісін баяндау ағаттық емес, тек бұл тәсіл орта буынның 5-6 алғашқы сыныптарына тән оқу әрекеті. Оқушының сөйлеу тілін дамыту мақсатында жүзеге асырылатын тәсілдің бірі. Ал жоғары сыныпта оқырман ретінде, әдеби мәтінді өнердің бір перзенті ретінде танып, талғаммен қарау, шығармадағы көтерілген мәселеге азаматтық ұстанымын білдіру, шығармадағы кейіпкерлер әлемін тануда типтік бейне, шынайы өмірмен байланыс тұрғысында баға беру басым болғаны абзал. Сол себепті жоғары сынып оқушыларына әдебиеттің сыны, оқулыққа енген шығармалар жайлы әдебиеттанушылардың пікірлері де қоса ұсынылған. Тәуелсіздік жылдарда жарық көрген қазақ әдебиеті бағдарламасынан бері (1997 жылы 5-9 сыныптарға арналған қазақ әдебиеті бағдарламасының жобасы)1 орта буын болып етептелетін 5-9 сыныптар екі салаға жіктеліп беріліп жүр. Авторларымыз әдебиеттік оқудың ұстанымдарын 5-7 сыныптарға топтастырып, 8-9 сыныптан бастап ежелгі дәуір әдебиеті, ХІХ-ХХ ғасыр әдебиетін ұсынып келеді. Ал 9 сыныптан басталатын әдебиеттің тарихи курсында ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап ежелгі дәуір әдебиеті кезеңіндегі мұралар, хандық дәуір әдебиеті, ХІХ-ХХ ғасыр әдебиет өкілдері қайта ұсынылып келеді. Психолог мамандардың оқушы дамуының кезеңдеріне қатысты зерттеулері негізінде қалыптастырылған әдеби білімнің екі кезеңі: 5-9, 10-11 сыныптардағы әдеби білім мазмұны сақталғаны дұрыс деген пікірдеміз. Себебі әдебиеттің тарихи курсын белгілі бір әдеби білім кезеңіне ғана (10-11сыныптар) топтастырмау салдарынан, оқу материалының қайталануына жол берілген.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет