Әдістеме ғылымының дамуына өзіндік үлес қосқан ғалым – Ғали Бегалиев Жәнгірова Н.Қ 7М01701 – «Қазақ тілі мен әдебиетінің педагогтерін даярлау»



бет2/3
Дата26.12.2023
өлшемі10,16 Mb.
#144205
1   2   3

Ғали Бегалиевтің әдістемелік құралында қыстырма сөздерге мынадай анықтама беріледі: “Өздері сөйлем мүшесі болмай, тек сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздерді я сондай бүтін сөйлем түріндегі тізбекті қыстырма сөз дейміз”[3, 94].

Ғали Бегалиевтің әдістемелік құралында қыстырма сөздерге мынадай анықтама беріледі: “Өздері сөйлем мүшесі болмай, тек сөйлемде айтылған ойға сөйлеушінің түрліше көзқарасын білдіретін сөздерді я сондай бүтін сөйлем түріндегі тізбекті қыстырма сөз дейміз”[3, 94].

Оқулықта қыстырма сөздердің сөйлеушінің эмоциясына байланысты қуаныш пен аяушылықты (бақытына қарай, соры қайнағанда, байғұс-ай және т.б.), сенушілікті мақұлдауды (сөз жоқ, әлбетте, әрине, дау жоқ және т.б.), ойдың кімнен, қайдан шыққанын көрсетуді (меніңше, оларша, оның пікірінше және т.б.), ойдың долбармен айтылғанын білдіруді (сірә, мүмкін, бәлкім және т.б.), алдыңғы оймен байланысын қорытуды (олай болса, сөйтіп және т.б.), ой тәртібін білдіруді (біріншіден, екіншіден, бір жағынан және т.б.), наразылықты білдіруді (маған барып, тәйір-ай және т.б.) мақсат тұтатын түрлері болатыны атап өтілген және мысалдармен дәйектелген


Оқулықтар берілген ереже үлгісі

Жаңартылған білім бағдарламасында тыңдалым және айтылым дағдылары бойынша 7.1.6.1– коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды- экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу және әдеби тіл нормаларын меңгеру бойынша 7.4.4.4– одағай түрлерін ажырата білу, қолдану берілген. Бұл оқу мақсаттары оқушының академиялық білім көкжиегімен шектелмей, тұлғалық дамуының негізі болатын эмоционалды интеллектісі мен әлеуетін қалыптастыруға әсер етеді. Ал аталған оқу мақсатына жету үшін оқулықтарда одағайларды орынды қолдануға бағытталған ауызша тапсырмалардың көп екенін атап өтуге болады.

  • Жаңартылған білім бағдарламасында тыңдалым және айтылым дағдылары бойынша 7.1.6.1– коммуникативтік жағдаятқа сай көркем бейнелеуіш, эмоционалды- экспрессивті сөздерді және мақал-мәтелдер мен тұрақты тіркестерді еркін қолданып, диалогке қатысу, пікірталаста тез және дұрыс шешім қабылдай білу және әдеби тіл нормаларын меңгеру бойынша 7.4.4.4– одағай түрлерін ажырата білу, қолдану берілген. Бұл оқу мақсаттары оқушының академиялық білім көкжиегімен шектелмей, тұлғалық дамуының негізі болатын эмоционалды интеллектісі мен әлеуетін қалыптастыруға әсер етеді. Ал аталған оқу мақсатына жету үшін оқулықтарда одағайларды орынды қолдануға бағытталған ауызша тапсырмалардың көп екенін атап өтуге болады.

Фильм үзінділерінің үлгісі
Оқушылардың тақырыпқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында “Дыбыссыз фильм” әдісін қолдануға болады. Ол үшін арнайы алдын-ала әртүрлі эмоция бейнеленген кино үзінділерін дайындау керек. Ал оқушылар үзіндіні қарап, кейіпкердің эмоциясы мен фильм сюжетіне логикалық түрде сай келетін одағайды қолданып, сөйлем құрап, дыбыстауы яғни дубляждауы керек. Бұл шығармашылық тапсырма оқушылардың креативті ойлауын шыңдайды әрі актерлік шеберліктерін, сөйлеу мәнері мен дикцияның, интонацияның дұрыс болуына да жаттығу болмақ. Мультимедиалық тапсырманың бір бөлігі ретінде қолдануға әртүрлі жанрдағы фильмдерді таңдау ұсынылады, себебі осылайша одағайлардың алуантүрлігін ашуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет