Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Сауат ашу кезіндегі тіл дамыту жұмыстарына мысал келтіріңіз



бет46/89
Дата10.05.2022
өлшемі341,08 Kb.
#33856
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89
Байланысты:
?дістеме туралы ??ымды сипатта?ыз

2 2 7 Сауат ашу кезіндегі тіл дамыту жұмыстарына мысал келтіріңіз.

Сауат ашу кезінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының бастауыш мектептің басқа сыныптарындағы тіл дамыту жұмыстарынан өзгешелігі – оқыту ісіндегі талдау және жинақтау процесінің бірлігінде.

Тіл дамыту үш түрлі салада жүргізіледі: сөздік жұмысы; сөйлем құрастыру; байланыстырып сөйлеуге үйрету. Сөздік жұмысын жүргізуде екі түрлі мақсат алға қойлады: бірі оқылған сөздің мағынасын түсіндіру, сол арқылы оқушыларды саналы оқуға баулу, олардың ойлау қабілетін жетілдіру, екңншісі – жаңа сөздер үйрету барысында, яғни жаңа сөздер үйрету арқылы оқушылардың сөздік қорын дамыту, сөйлем құрастыруға үйрету. Сөйлем құрастырудың мынадай түрлерін пайдалануға болады.

1. Үлгі бойынша сөйлемдер құрастыру. Баяндауыштары зат есімнен, етістіктен, сын есімнен, жіктік жалғаулы сөздерден жасалған екі-үш сөзді сөйлемдер: “Айдос - оқушы”, ”Күн ашық”.

2. Сұраққа толық жауап алу арқылы сөйлемдер құрастыру.

- Бұл не? - Қарға қайда қонды?

- Бұл дәптер. - Қарға сымға қонды.

- Сенің атың кім? - Айдос не істейді?

- Менің атым – Айдос. - Айдос кітап оқиды.

Байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары сауат ашу кезінде әрбір сабақ сайын жүзеге асырылып отырылуға тиіс.

Байланыстырып сөйлеу дегеніміз – оқиға мазмұнын жүйелі түрде баяндап шығу, яғни әңгімеге қатысты сөйлемдер арасындағы ой байланысын сақтап, оларды рет-ретімен айтып беру. Байланыстырып сөйлеуді дамыту оқулықтағы суреттер бойынша, сондай-ақ экскурсиядан, күнделікті өмірден көрген білгендері бойынша және ойын, т.б. туралы әңгімелер құрастыру арқылы жүзеге асырылады.

Тіл дамытуға байланысты логикалық жаттығулар жүргізудің мәне зор. Логикалық жаттығулар айналадағы заттар мен құбылыстарды таныту арқылы оқушылардың жалпы ой-өрісін кеңейтіп, тілін дамытады. Мұндай жаттығулар әр топтағы заттар мен жануарлардың атын, сипаты мен қимыл-әрекетін білдіретін сөздерді талдап, жинақтап түсіндіріп, оқушылардың сөздік қорын байытуға мүмкіндік береді.

Мысалы: “құстар: үйрек, қаз, қарға; аңдар: түлкі, қоян, аю”, т.б. сияқты сөйлемдер құрастыру нәтижесінде заттардың тобы, тегі туралы жалпы ұғымдар қалыптастырылып, алуан түрлі жеке сөздер үйретіледі. Одан әрі әр топтың өзіне тән жеке ерекшеліктеріне тоқталу керек. Мысалы: құстың екі қанаты, екі аяғы бар. Ол үшады. Осылайша логикалық жаттығу тақырыптарын әрі қарай жалғастыра беруге болады.

Мысалы: жиһаздарды, ыдыс-аяқ, киім-кешек, өзендер, теңіздер, газет-журналдар, т.б.

Логикалық жаттығулардың басқа бір түрі – хабарламақ ойдың логикалық жүйесін сақтап, әңгімені жоспар бойынша айтуға және жазуға үйрету. Мысалы: “Қоңырау соғылды. Балалар сыныпқа кірді. Мұғалім келді. Сабақ басталды” деген әңгімедегі сөйлемдердің орнын ауыстырып; “Сабақ басталды. Мұғалім келді. Балалар сыныпқа кірді. Қоңырау соғылды” деп құрауға болады.

Сауат ашу сабақтарында сөйлеу мәдениетіне баса назар аударылды. Сабақтағы сөйлеу мәдениетінің талаптары мүлтіксіз орындалып отыруға тиіс. Мұғалімнің сөзі мазмұнды, дәлелді, мәнерлі, бейнелі болуы керек. Өйткені, оқушы сөйлеуді мұғалімнен үйренеді. Оқушыға сөйлеу ортасының да әсері мол. Сондықтан қабырғаға ілінген, тақтаған жазылған жазулар мен көрнекі құралдар – мазмұнды, сауатты әрі көркем болу керек.

Оқушылардың тілін дамыту мақсатында өткізілген сабақтарда олардың үйренген, меңгерген сөздерін үнемі қайталап, еске түсіріп, сол сөздерді кірістіріп, ауызша да жазбаша да сөйлем құратып жаттықтыру тиімді. Сонымен бірге бұл кезеңде тіл дамыту жұмысы оқушылардың ауызекі байланыстырып сөйлеуін жаңа сапаға көтеру арқылы жалғастырылып, олардың жазба тілінің негіздерін қалау міндеті жүзеге асырыла бастайды. Сөз тіркесі және сөйлем туралы ұғымдар да осы кезеңде меңгертіледі.

Дауыс ырғағын, сөйлеу қарқынын тәрбиелеуге байланысты жұмыстарда ұмыт қалмайды.

Әліппеден кейінгі кезеңдегі тіл дамыту жұмыстарында оқушылардың байланыстырып сөйлеуі қайтадан бірінші кезекке шығарылады. Бұл кезеңдегі тіл дамыту – оқушылардың байланыстырып сөйлеуге бағытталған жұмыстар сипаты әліппеге дейінгі кезеңмен салыстырғанда мүлдем өзгеше. Оқушылардың сөз тіркесі мен сөйлемді саналы түрде түсініп, ойларын жүйелі баяндау тәсілдерін меңгерту көзделеді.

Ең бастысы – олардың жазба тілінің негіздері қаланып, өз ойларын баяу болса да баяндап жазу машықтарына жаттығады.


Сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының жүйесі

1. Әліппеге дейінгі кезең

1. Балалардың байланыстырып сөйлеу дағдысын байқау.

2. Сөйлем, сөз, дыбыс туралы түсініктер беру.

3. Сөздік қорларын анықтау.

2. Әліппе кезеңі

1. Жаңа сөздердің мағыналарын түсіндіру, сөздік қорларына енгізу.

2. Оқушылардың жазба тілінің негізін қалыптастыру.

3. Ауызекі байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

4. Оқушылардың сөйлеу дағдыларындағы кемшіліктерді (сөйлеу мәнеріндегі, сөз қолданыстарындағы, т.б.) бірте-бірте жою бағытындағы жұмыстар жүргізу.

3. Әліппеден кейінгі кезең

1. Оқушылардың ауызекі және байланыстырып сөйлеу дағдыларын жетілдіру.

2. Шағын сөйлемдерден құралған мазмұндама, шығарма жаза білуге дағдыландыру.

3. Сөздерді орынды қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

4. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру жұмыстарын ұйымдастыру.

Оқушылардың сөздік қорын, сөйлеу дағдысын анықтау үшін берілетін тапсырма түрлері

1. Ойыншықтар арқылы ауызша әңгімелесу.

2. Сурет бойынша әңгімелесу.

Оқушылардың сөздік қорын тексеру үшін берілетін тапсырма түрлері.

1. Заттардың дара және жалпы белгілерін анықтау.

2. Мағынасы қарама-қарсы (антоним) сөздерді қолдану деңгейі.

3. Мағыналары ұқсас (синоним) сөздердің қолдану деңгейі.

4. Дыбысталуы бірдей, беретін мағыналары әр басқа (омоним) сөздердің қолдану деңгейі.

Әліппе кезеңі аяқталған соң жүргізілетін тәжірибелік тексеру оқушылардың тек сөздік қорлары мен сөйлеу дағдыларының деңгейі өсіп қоймай, олардың оқу қарқынының, жазу тілінің , жалпы дүние танымының бақылау сыныбындағы құрдастарымен салыстырғанда елеулі түрде ілгерілгенін байқатады. [9-14]

Оқушылардың байланыстырып сөйлеу дағдысына берілетін тапсырма түрлері:

1. Оқылған шығарма мазмұнын әңгімелеу.

2. Тірек суреттер арқылы әңгімені мазмұндау.

3. Бір тақырып төңірегіндегі тірек сөздері арқылы шығарма жазу.

4. “Ұйқасын тауып” ойнау.

5. Сөйлемдерді мәтін шығатындай етіп, ретімен жазу.

6. Орны ауысқан сөздерден сөйлем құрау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет