Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Сауат ашу әдістерін атаңыз



бет44/89
Дата10.05.2022
өлшемі341,08 Kb.
#33856
түріСабақ
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89
Байланысты:
?дістеме туралы ??ымды сипатта?ыз

2 2 5 Сауат ашу әдістерін атаңыз.

Жалпы сауат ашу тарихында түрлі тәсілдер қолданылған. Олар мыналар:



  1. Әріп теріп оқыту.

  2. Буынға бөліп оқыту.

  3. Сөзді оқыту.

  4. Дыбысты талдай оқыту.

  5. Дыбыстық жинақтау

  6. Талдау-жинақтау әдістері.



Талдау әдісі

Сауат ашу кезеңінде оқушыларға жеке дыбыстар таныстырылады да, әріптер сол дыбыстардың шартты белгісі ретінде дыбыстан кейін көрсетіледі.

Дыбыстармен таныстыру үшін әуелі оларды сөз ішінен бөліп, жеке дыбыстау қажет. Ал сөзді дыбысқа бөліп, тұтас дыбыстан машықтанған балалар алғашқы кезде сөздің жекеленген дыбыстардан құралатынын тез меңгере қоймайды. Сондықтан сөз ішінен жеке дыбыстарды ерекшелеп бөлудің түрлі жолын іздестіру қажет. Әрбір сөздің өзіндік буындық және дыбыстық ерекшелігіне байланысты талдау жолы да түрліше болады. Сол жолдардың барлығын сарқа баяндап, мұғалімдерге дайын нұсқау береміз деген пікірден аулақпыз.

Жинақтау әдісі.

Жоғарыда біз сөз ішінен жеке дыбыстарды ажыратып алу жолдарына тоқталдық. Бұл мақсат жүзеге асып, жеке дыбыс сөз ішінен бөлініп алынғаннан кейін, сол дыбыстың таңбасы - әріп көрсетіледі. Қазақ тілінде оқушылар екі әріпті танығаннан кейін-ақ, білімдерін тәжірибе жүзінде бекіту мүмкіндігі туады. Яғни, екі әріптің өзінен-ақ сөз құрай алады. Бұл арада талдау процесі жинақтау процессіне ауысады. Талдау әдісінің өзінше қиындығы болса, жинақтаудың да өзіне тән қиындығы бар. Мұнда бұрын жеке дыбыстап оқып, үйренген әріптерден сөз құрап, ол сөзді тұтас әріптерін бір-бірімен үзбей оқу үшін арнаулы машықтану қажет. Түрлі әдістер арқылы, біртіндеп машықтанатын болады1



Дыбыстық талдау – жинақтау әдісі.

Бұл әдістің негізгі талдаудан және жинақтаудан тұрады. Талдау мен жинақтау әдістерін жеке сөз етуге болғанымен, сауат ашу жұмысында екеуі де қолданылады, бірін-бірі ауыстырып, бірін-бірі толықтырып отырады. Көбіне алдымен талдау, содан кейін жинақтау әдісі қолданылады. Бірақ "Әліппе" кезеңіне байланысты жинақтау әдісі бұрын, талдау әдісі аралығында ғана қолданылуы мүмкін. Тек осы екі әдісті ұштастыру арқылы ғана сауат ашу жұмысын ойдағыдай жүргізуге болатынын мектептер тәжірибесі көрсетуде.

Талдау тәсілі бойынша сөйлеуден – сөйлемді, сөйлемнен – сөзді, сөзден – буынды, буыннан – дыбысты бөліп алуға, жеке дыбыстарды әріппен таңбалауға мүмкіндік жасалып, оқуға негіз қаланады.

Жинақтау тәсілі бойынша дыбыстардан – буын, буындардан – сөз, сөздерден – сөйлем, сөйлемдерден – сөйлеу құрастырылып, оқу машығы қалыптастырылады. Оқушылар сөзді алдымен – буындап, соңынан тұтас оқу ға үйренеді, сол сияқты, әуелі жеке жазу элементтерінен әріптерді шығарып, одан кейін тұтас сөздерді жаза білуге машықтанады. Соның нәтижесінде, сөйлемді, мәтінді оқуға, көшіріп не тыңдап жазуға, сондай – ақ өз ойын байланыстырып, сөйлеуге, жазуға біртіндеп төселеді.

Талдау тәсілінің негізгі түрлеріне сөзді дыбысқа ажырату, яғни «дыбыстық талдау» жатады. Дыбыстық талдау буыннан, сөздің жеке дыбыстарды бөліп алу және олардың сөздегі орын ретін айқындау арқылы жүргізіледі. Дыбысты сөзден бөліп алудағы басты бір мақсат әрбір дыбыстың әріптік таібасын меңгерту болса, дыбыстың сөздегі орын ретін анықтаудағы

негізгі мақсат – бөлініп алынған дыбыстарды буын жігімен қайта біріктіріп, олардан сөз құрастырып оқуға даярлау.

Сауат ашу тәжірибесінде жиі қолданылатын дыбыстық талдау тәсілдері мыналар:

1. Сөздегі өздігінен жеке буын жасайтын дауысты дыбысты бөліп алу (а-та, ә-же, о-рақ, ө-рік).

2. Сөздің ең соңғы дыбысын бөлу.

3. Бір дыбыстан басталатын сөздерді тізіп айтады, әр сөздегі бірінші дыбысты көтеріңкі дауыспен ерекшелеп айту арқылы бекіту;

4. Сөздегі дыбыстардың саны мен орын ретін анықтау;

5. Бір дыбысы ғана – өзгеше, басқа дыбыстары бірдей сөздерді өзара салыстырып талдау;

Дыбыстық жинақтау тәсілімен жүргізілетін жұмыс нәтижесінде сөзді – алдымен буындап, соңынан тұтас оқуға мүмкіндік жасалады. Басқаша айтқанда, сөзді оқу дегеніміз – жинақтау. Сауат ашу тәжірибесінде жиі қолданылатын дыбыстық жинақтау тәсілдері мыналар:

1. Бір дауыстыға аяқталған буындар мен сөздерді оқу;

2. Әртүрлі дауыстыға аяқталған буындар мен сөздерді оқу;

3. Бір дыбысы бөлек сөздерді оқу;

4. Басқа дыбыс қосып не алып, сөзді өзгертіп оқу;

5. Талданған сөздегі буындарды көтеріңкі дауыспен ерекшелеп айту арқылы есте сақтап, одан сөз құрастырып айту;

Дыбыстық талдау мен дыбыстық жинақтау бір – бірінен ажыратылмай, өзара тығыз бірлікте жүргізіледі (алдымен – талдау, соңынан - жинақтау).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет