Әдістеме туралы ұғымды сипаттаңыз


Сауат ашудың дайындық кезеңін түсіндіріңіз



бет45/89
Дата10.05.2022
өлшемі341,08 Kb.
#33856
түріСабақ
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89
Байланысты:
?дістеме туралы ??ымды сипатта?ыз

2 2 6 Сауат ашудың дайындық кезеңін түсіндіріңіз.

Сауат ашу кезеңі негізінен 3 кезеңге бөлінеді:

  1. Дайындық кезең. Балалардың тілін дамытуға байланысты зерттеу жүргізген Сағира Рахметова осы кезеңде төмендегідей жұмыстарға көңіл бөлу керектігін айтқан.

  1. балалардың сөздік қорын анықтау;

  2. балаларға сөйлемдер құратып, өз ойларын айтып беруге дағдыландыру;

  3. балалардың сөйлеу мәнеріне көңіл аудару, олардың тіл кемістігін түзету;

  4. тәрбиешінің және жолдастарының сөзін тыңдай білуге дағдыландыру;

2. Әліппе кезеңі. Бұл кезеңде дыбыс пен әріпті таныстыру, үйрету дауысты дыбыстардан басталады. Өйткені дауысты дыбыстар созып айтуға келеді. Мысалы: Әліппенің алғашқы төрт сабағында балалар А, О сияқты жуан, ашық дауыстылармен танысады. Сондай-ақ дауыссыз “Л” дыбысын, бірде дауысты бірде дауыссыз “У” дыбысын, қысқа “Й” дыбысын оқып танысады.

Сөйтіп әріп үйрету кезеңдерінің алғашқы он сабақтарында балалар сөз ішінен бөліп алуға жеңіл дыбыстарды меңгереді. Егер балалар сөзді буын жігімен оқи білуге төселсе, олардың сөйлемдерді құрастыруы да жеңіл болады. Әліппе кезеңдеріңдегі қиындық келтіретін жұмыс балаларға жіңішке буынды сөздерді үйрету. Өйткені жіңішке дауыстылар өздерінің қасындағы басқа дыбыстарды жіңішкертіп жібереді. Сондықтан жіңішке буынды сөздерді буындарға бұрыннан таныс жуан буынды сөздермен салыстырып оқыту керек. Мысалы, бір буынды сөздер өр-ор, сан-сән, тор-төр т.б.



3. Әліппеден кейінгі кезен. Бұл кезеңде балалардың оқу, жазу дағдылары жетіле түседі және балаларға айтылатын көркем мәтіндер тек қана сауат ашу мақсатын көздемейді, сонымен бірге тәрбиелік те мақсатқа оқылады және бұл кезеңде оқылатын шығармалар жанр жағынан түрліше болып келеді. Яғни өлеңдер, ертегілер, әңгіме, жұмбақтар. Бұл кезеңдегі оқу сабақтарында үйретілгелі отырған жаңа дыбыстардан басталатын немесе аяқталатын немесе сол дыбыс ортасында келген сөзі бар сөйлемдерді бөліп алып, оған балалардың назарын аудару қажет. Содан соң сол дыбыстардың баспа немесе кеспе әріп түрі көрсетіледі және сол дыбысқа балалардың өздері сөздер, сөйлемдер құрастыру қажет. Мәтіндегі негізгі айтылатын ой анықталып, сол ойды дәлелдейтін сөйлемдер балалардың өздеріне таптырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   89




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет