3 2 3 Грамматика сабақтарының міндеті мен мақсатын анықтаңыз.
Бастауыш мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің басты бөлімінің бірі – грамматика. Грамматика сабақтары оқушыларға тілдің грамматикалық құрылысын меңгерту, грамматикалық заңдарды білгізу мүддесіне бағындырылады. Өйткені оқушылардың жалпы білімін, ой-өрісін, сауаттылығын, тіл мәдениетін арттыруда грамматиканы жүйелі оқытудың маңызы ерекше болып табылады. Жалпы білім беретін бастауыш мектептердегі грамматика курсының алға қоятын ең басты мақсаты – оқушыларға ана тілінің заңдылықтарын, грамматикалық құрылу ерекшеліктерін білгізу, оның байланыстарын меңгерту болып табылады. Әрине, бұл мақсат толығымен бастауыш мектепте орындала қоймайды, өйткені грамматика бастауыш мектептерде ғана оқытылып қоймайды. Оның өрісі кең, жоғары сыныптарда да, жоғары оқу орындарының арнаулы факультеттерінде де оқылады. Морфология саласынан сөздердің жасалуын, морфологиялық құрылысын, сөз таптары мен олардың негізгі формаларын айыра алады. Синтаксистен сөздердің арасындағы байланыстарды, жай сөйлемдерді ажыратып, өздері де сөйлем құрастырады. Бағдарламаның «Түсінік хатында» грамматика мен жазу сабақтарының міндеті мен жалпы әдістемелік принциптері белгіленген. Бағдарламаны талдап қарағанда бастауыш
Достарыңызбен бөлісу: |