Мектептің тақырыбы: Білім беру мазмұнын оқытуды үлгі бола отырып басқару және көшбасшылық
Мақсаты: 1. Мұғалімдердің үздіксіз кәсіби даму мәдениетін құру
2. Алған білімі мен тәжірибелерін қажетті өмірлік жағдайларда жүзеге асыра алатын жеке тұлғаның дамуы үшін қолайлы психологиялық – педагогикалық және ұйымдастырушылық – басқарушылық жағдайларды жасау.
Мықты жақтары 2021-2022 оқу жылында білім беру ұйымында 18 бірлестік жұмыс жасады. Әдістемелік жоспарға сай барлық жұмыстар атқарылды. 18 бірлестіктегі пән апталықтары кесте бойынша өтіліп, ашық сабақтар бұйрықпен рәсімделді. Жыл бойы шығармашылық топ мүшелері мектеп мұғалімдеріне семинар-коучтар өтті. Қазан айында «Білім беру мазмұнын жаңарту үдерісінде жас мамандармен тиімді жұмыс үйлестіру» тақырыбында қалалық семинар, қараша айында «Оқытудың жаңа әдістері мен ақпараттық-коммуникативті технологияны жаратылыстану және математикалық бағыттағы пәндерді оқытуда тиімді пайдалану жолдары» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар, желтоқсан айында «Ағылшын тілін оқытуда коммуникативті технологияларды қолдану арқылы тілдік дағдыларды дамыту» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар, сәуір айында «Пәндік дағдыларды қалыптастыру арқылы білім алушылардың оқу-ақпараттық құзыреттілігін дамыту» тақырыбында қалалық тәжірибелік семинар өтіліп, ұстаздар өз тәжірибелерімен бөлісті. 31 мұғалім облыстық «Ең үздік педагаог-2020» байқауының жүлдегері атанса, 6 мұғалім қалалық пәндік олимпиада жүлдегері, 2 мұғалім облыстық пәндік олимпиада жүлдегері, 10 мұғалім түрлі республикалық марапаттарға ие болса, 47 мұғалім облыстық марапаттарға ие болды. Бастауыш сыныптарда 1 мұғалімнің іс-тәжірибесі республикаға таратылып, 4 мұғалім әдістемелік құрал шығарса ,жоғарғы сыныптарда 6 мұғалім әдістемелік құрал , 1 мұғалім авторлық бағдарлама шығарды.34 мұғалім түрлі басылымдарға мақала, сабақтарын жариялады. 3 жас маман қалалық, облыстық «Жас маман» байқауында жүлдегер атанды. Кәсіби бағдар бойынша барлық жұмыстар жоспар бойынша жүргізілді.Мектеп оқушылары биылғы оқу жылында қалалық, облыстық пәндік олимпиада мен ғылыми жобалардан, зияткерлік байқаулардан жүлделі орындарға ие болды
Мүмкіндіктері Мұғалімдердің сапалы жұмысының нәтижесінде пәндік олимпиададан , ғылыми жобалардан республикалық жетістіктерге қол жеткізуге мүмкіндік бар.
Білім сапасының көтерілуіне мүмкіндік бар