3.Биологиялық диктант. Берілген тұжырымдамаға тиісті жауапты толтырыңыз
Жатырға эмбрионды енгізу 1-3 күннен кейін катетер арқылы эмбрион қуысына жеткізіледі.
Даун ауруының гені болатын эмбриондаржарамсыз болады.
Ооциттерді (жұмыртқа жасушаларды ) бөліп алу-лапараскопиялық әдістің көмегімен жүзеге асады.
Бедеулік кезінде тиімді және өте жиі пайдаланылатын қосалқы технология әдісі- ЭКҰ.
Қажетті сөздер: Жарамсыз, 1-3,ЭКҰ,лапараскопиялық әдіс.
4.Тест
1.Экстракорпоральды ұрықтандыруды жүргізу себебі
А)Егіздер санын көбейту
В)Бедеуліктің алдын-алу
С)Үшемдер санын көбейту
2. Экстракорпоральды ұрықтандыруда алғашқы 2-3 күнде ұрық дамуының орны
А)жатыр түтігі
В)Қағанақ
С)Құты
3.Елімізде 1996 жылы 31 шілдеде алғашқы «құтыдағы» сәбиді дүниеге әкелген автор
А)С.Байқошқарова
В)Ж.Доскалиев
С)Т.Шарманов
4. Экстракорпоральды ұрықтандыруда көбіне егіз не үшемдердің туылу себебі
А)Тұқым қуалауға байланысты
В)Ұрықта жүретін мутация
С)Жатырға енгізілген эмбриондар саны
5.1978 жылы алғаш рет экстракорпоральды ұрықтандыру жүргізілді
А)Казахстан В)Франция С)Англия
17-Бөлім
Биотехнология
1. a) Бактерия ұғымына түсініктеме беріңіз:
Бактериялар – экожүйенің барлық бөлігінде кездесетін, микроскоппен ғана көрінетін ұсақ ағзалар
b) микроағзалардың тамақ өндірісіндегі қызметін жазыңыз:
Бактериялар – нан, сыра, шарап (ашытқы ), сүт, айран (лактобактерия), ірімшік өндіруде қолданылады.
c) Бактериялардың қатысуымен алынған ең алғашқы антибиотикті сипаттаңыз
Бактериялардың көмегімен алынған ең алғашқы антибиотик – пенициллин.
2. “Шындық” және “Жалған”
____Ш___Клон- тірі ағзаның дәл генетикалық көшірмесі
Достарыңызбен бөлісу: |