Барлық оқушы үшін: Word пен WordPad – мәтіндік редакторларының жұмысындағы айырмашылықтарды біледі. Оқушылардың көбі үшін: Берілген суретке сөйлем құрап, мәтіндік редакторда теріп, сақтайды.
Кейбір оқушылар үшін: Мәтін теру ережесін сақтай отырып, мәтінді өңдеуді үйренеді.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту. «Өзіңізге тілегенді басқаларға тілеңіз» ойыны Әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінде өзіне бір немесе бірнеше ізгі тілек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бірігіп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айтуы керек. Мұғалімнің де бұл іске қатысқаны дұрыс. Тілектерді бір-біріне топ ішінде де айтуға болады. /Бұл ойын оқушыларға психологиялық жағымды көңіл күй сыйлайды/.
Топтастыру:
Топтастыру. «Достармен кездесу уақыты» әдісі
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып,
суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
1-суретке назар аудар, әңгімеле. Берілген суреттерге қандай ортақ тақырып ұсынар едің?