Барлық оқушы үшін: Слайдтар арасында ауысуларқолдануды үйренеді
Сабақтың барысы:
Сабақтыңкезеңі/уақыты
Педагогтің ісәрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Бағалау
Ресурстар
(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі: 1-7 мин.
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу І. Қызығушылықты ояту: «Бірлік» әдісі Оқушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады. Мақсат: оқушылардың барлығы да бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады. Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек.
/Бұл оқушыларға психологиялықжағымды ахуал туғызады, ынтымаққа баулиды/.
Топтастыру:
Топтастыру Оқушылар шеңбер бойымен тұрып, үштікке саналып үш топқа бірігеді.
І топ: «Бірінші», ІІ топ: «Екінші», ІІІ топ: «Үшінші»
Мақсаты: Белсенді оқу, оқушының мұғалімді мұқият тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту мен оқу әдістерінің бірі болғандықтан оқу мақсаттарына қол жеткізуде оқушылардың қажеттіліктерін, қабілет деңгейлері мен қызығушылығын ескере отырып топтастыру жоспарланды.
Тиімділігі: Топтық жұмыста – бір-бірімен ой бөлісіп, пікірлесуге, өз ойын ортаға салуға; жұптық жұмыста – ақылдасып, келісімге келуге, өзгенің пікірін тыңдап, құрметтеуге; жеке жұмыста – өзіндік пікір қалыптастырып, сын тұрғысынан ойлануына мүмкіндік болады.
Саралау:Оқытудың қажеттілігінеқарай топ құруда саралаудың «Жіктеу»тәсілі
қолданылады.
(МК, Ұ) Ой қозғау. «Миға шабуыл» әдісі.
Мұғалім төмендегі сұрақтарды оқушыларға қойып, суреттерді интерактивті тақтадан көрсетеді. Оқушылар ұжымдық үлгіде білгендері бойынша өз ойларын айтып, жауап береді.
Елімізде орналасқан қандай су қоймаларын білесің?
Бұлсу қоймалары не үшін салынады?
(1-сурет)
Осы тақырыпта қандай презентацияжасау идеясын ұсынар едің?