Әдістемелік нұСҚаулар бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған Ele 2214 «Электротехника»



бет3/9
Дата15.09.2022
өлшемі1,56 Mb.
#39224
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
EWB жұмыс қадамы:
1) Basic пиктограммасынан резистор таңдаймыз (зерт. жұм. № 1 қара). Тышқанның сол жақ кнопкасын басу арқылы EWB жұмыс терезесіне алып шығарамыз.
2) Жұмыс терезесіне кезекпен екі резистор алып шығамыз (сур 2.4).



Сурет 2.4 Еlectronics Workbench программасында резисторларды таңдау


3) Ортаңғы резистордың үстінен тышқанның оң жақ кнопкасын басамыз. Пайда болған менюдегі Rotate (ауытқу) пунктінің сол жақ кнопкасын басамыз.


4) Sources пиктограмма қатарынан тұрақты кернеу көзін таңдаймыз (зерт.жұм № 1 қара). Тышқанның сол жақ кнопкасын басу арқылы жұмыс терезесіне алып шығамыз.
5) Жұмыс терезесіне тағы да бір тұрақты кернеу көзін алып шығамыз (сур 2.5).

Сурет 2.5 Еlectronics Workbench программасында резисторлар мен көздерді таңдау
6) Тапсырмаға сәйкес элементтерді бір-бірімен жалғаймыз (сур. 2.6).

Сурет 2.6 Еlectronics Workbench программасында элементтерді жалғау схемасы


7) Керек элементтің тышқанды екі рет басу арқылы номиналын өзгертеміз (сур. 2.7).
- Тапсырмаға сәйкес резисторлар номиналын 50…500 Ом өзгертеміз.

Сурет 2.7 Еlectronics Workbench программасында резисторлар параметрлерін белгілеу
- Тапсырмаға сәйкес тұрақты кернеу көздерінің номиналын 100..1000 В өзгертеміз (сур. 2.8).

Сурет 2.8 Еlectronics Workbench программасында көздер параметрлерін белгілеу

Алынған тізбек келесідей болады (сур. 2.9):



Сурет 2.9 Еlectronics Workbench программасында элементтерді қосу схемасы


8) Тармақтағы тоқты өлшеу үшін Indicators пиктограмма қатарынан амперметр таңдаймыз. Тышқанның сол жақ кнопкасын үстінен басып EWB жұмыс терезесіне алып шығамыз. Rotate пайдаланып айналдырып қоямыз. Тармақтың ажыратылған жеріне тізбектей жалғаймыз.
9) Жұмыс терезесіне кезекпен тағы екі амперметр алып шығып 8 пунктіне сәйкес тізбекке жалғаймыз (сур. 2.10).



Сурет 2.10 Еlectronics Workbench программасында схемаға амперметр жалғау


10) Потенциалды өлшеу үшін нүктенің біреуін жерлестіреміз, мысалы, a нүктесін. Ол үшін Sources пиктограммасынан жерлестіруді таңдаймыз. Тышқанның сол жақ кнопкасын басып EWB жұмыс терезесіне алып шығып, a нүктесімен жалғаймыз (сур. 2.11).

Сурет 2.11 Еlectronics Workbench программасында а нүктесін жерлестіру


11) Потенциалдарды өлшеу үшін Indicators пиктограммасынан вольтметр таңдаймыз. Тышқанның сол жақ кнопкасын басып EWB жұмыс терезесіне алып шығамыз. Вольтметрдің бір жақ соңын а нүктесіне жалғап, басқа соңын b,c,d,e нүктелерінің біреуіне жалғаймыз. Мәселен, d нүктесімен (сур. 2.12).

Сурет 2.12 Еlectronics Workbench программасында потенциалдар есептерінің тәжірибелік тексеруі


12) Тізбекті қосу үшін кнопкасын басамыз, ол экранның оң жақ үстіңде орналасқан. Басқа нүктелердің потенциалын есептеу үшін вольтметрдің екінші соңын кезек-кезек басқа нүктелерге жалғап шығамыз. Өлшеулерді кестеге енгіземіз.

Бақылау сұрақтары


1. Кирхгофтың бірінші заңын тұжырымда?
2. Кирхгофтың екінші заңын тұжырымда?
3. Қуат балансы деп нені айтады?
4. Потенциалдық диаграмма не үшін қажет?
5. Резистордағы тоққа қосылған кернеуді екі есе арттырса тоқ қалай өзгереді?
6. Үш резистор параллель жалғанған тізбектегі жалпы тоқ саны егер резистордағы тоқты екі есе төмендетсе қалай өзгереді?
7. Қоректендіру көзінің теріс қуаты нені білдіреді?
8. Қуат балансын құрғанда резистивті элементте теріс қуат бола алады ма?
9. Потенциал нүктелерінің бір э.қ.к. көзінен екіншіге ауысқандағы өзгеріп отыруы немен түсіндіріледі?


Негізгі әдебиеттер:



  1. Туғанбаев Ы. Т. Электротехниканың теориялық негіздірі: Оқулық. /Ы. Т. Туғанбаев Алматы: Экономика. 2012. 500 б.

  2. Ахметбаев Д.С. Электр техниканың теориялық негіздері : оқулық электроэнергетика бағытының студенттеріне, магистранттарына арналған, докторанттар мен инженер-техник мамандар үшін де пайдалы / Д. С. Ахметбаев ; Алматы энергетика және байланыс университеті. - Алматы : ЖШС "Лантар Трейд", 2019. - 329 б.

  3. Есимханов, С.Б. Электротехниканың теориялық негіздері (Айнымалы тоқтың электр тізбектері) [Текст] : оқу құралы студенттерге арналған / С. Б. Есимханов, 2014. - 64 б.

  4. Алимгазинова Н.Ш., Манапбаева А .Б. Электр техниканың теориялық негіздері: бaкaлaвриaт мaмaндықтaрының студенттеріне aрнaлғaн, ҚАЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІ, 2017- 228б.



Қосымша әдебиеттер:

  1. Блохин, А. В. Б70 Электротехника : учебное пособие / А. В. Блохин. – 2-е изд., испр. – Екатеринбург : Изд-во Урал. ун-та, 2014. – 184 с.

  2. Электротехника и электроника: краткий курс лекций / Сост.: О.Н. Чурляева // ФГБОУ ВО Саратовский ГАУ. – Саратов, 2016. – 86с.

Макенова Н.А. Решебник по электротехнике: учебное пособие / Н.А. Макенова Хохлова Т.Е., Томский политехнический университет.-Томск. Из-во ТПУ,2015-165с
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары [1, 2, 3]

  1. Тарамдалған сызықтық тұрақты тоқ электр тізбегінің кернеуі мен тоғының арасындағы қатынасқа сарап жасау.

  2. Кезекпе-кезек әдісі мен суперпозиция әдісін түсіну.

  3. [3] сәйкес зертханалық жұмыс бойынша отчет дайындау.

Зертханалық жұмыс № 3


Тұрақты кернеу кезінде сызықты пассивті элементтері бар тізбектердің электрлік күйін зерттеу (3 сағат)
Жұмыстың мақсаты: тоқ қабылдауыштарының тізбектей, параллель және аралас қосылысындағы электр тізбегінің жұмыс принципін талдау.

Жалпы мәліметтер


Жүктемелердің тізбектей қосылуы
3.1 суреті бойынша схемада тізбектей жалғанған үш резистор (олар арқылы бір ғана тоқ өтеді), U кернеуі мен энергияға қосылған.

Сурет 3.1. Кедергілердің тізбектей қосылуы

Кирхгофтың екінші заңы бойынша тізбек үшін:



мұндағы - барлық тізбектің жалпы кедергісі.
Тізбектің жалпы қуаты:

.
Жүктемелердің параллель қосылуы
Схемада (сур. 3.2) резисторлар R1, R2, R3 параллель жалғанған (бір кернеудің астында) және U кернеу көзіне қосылған.
Кирхгофтың бірінші заңы бойынша қарастырылатын тізбек үшін:


Сурет 3.2. Кедергілердің параллель қосылуы


,
мұндағы - тармақ өткізгіштігіне тең тізбектің жалпы өткізгіштігі.
Тізбектің жалпы қуаты:
,
.
Егер тізбекте параллель жалғанған екі кедергі болса, онда
немесе
, ,
. (3.1)
Екінші тармақтың тоғы үшін де:
. (3.2)
(3.1) және (3.2) формулалары жалпы тоқ белгілі болса, ажырасқан жерде тоқты оңай анықтауға мүмкіндік туғызады.
Жүктемелердің аралас қосылуы
Тізбекте (сур. 3.3 (а)) кейбір кедергілер параллель кейбіреулері тізбектей жалғанған. Мұндай тізбектегі тоқтар 3.3 суретінде көрсетілгендей тізбекті кезектеп жинақтау әдісімен есептелінеді:
,




Uab

Ι4



U

в)

б)

а)

а

R4

Сурет 3.3 Эквивалентті кедергіні есептеу схемасы

Онда тізбектегі жалпы тоқ: .


Кернеу (сур. 3.3 в). Қалған тоқтар:




, .
Қуатттар балансы
Кез-келген электр тізбегінде қуат балансы болады. Энергия көздерінен алынатын қуат қосындысы әрқашан пайдаланылатын қуат қосындысына тең болады.

немесе
.

Егер Еk көзінің бағыты мен Ik тоқ сәйкес келмесе, онда қозғалтқыш режимінде істеп, қуаты теріс мәнмен алынады.


Жұмыстың мазмұны
1. Тармақталған және тармақталмаған электр тізбектерінің схемаларын жинау.
2. Тұрақты кернеу желісіне кернеу және тоқ мәндерін қосып, тік және жанама әдіспен өлшеулер жүргізу. Реостат тұтынатын қуатты өлшеу.
3. Тәжірибелік берілгендермен қуат балансын тексеру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет