Әдістемелік нұСҚаулар бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған Ele 2214 «Электротехника»



бет6/9
Дата15.09.2022
өлшемі1,56 Mb.
#39224
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
МУ лабор раб каз НД

EWB программасында жұмыстың барысы:
1) Sources пиктограмма қатарынан айнымалы кернеу көзін таңдаймыз . Тышқанның сол жақ кнопкасын басу арқылы EWB жұмыс терезесіне алып шығарамыз.
2) Тышқанның сол жақ кнопкасын екі рет басып кернеу (Voltage) 220В және жиілік (Frequency) 50 Гц (сур. 5.12) орнатамыз.

Сурет 5.12 Еlectronics Workbench программасында айнымалы кернеу үшін параметрлерді орнату
3) Пиктограмма қатарынан резистор , конденсатор, катушкатаңдап алып, жұмыс терезесіне алып шығамыз.
4) Элементтерді өзара жалғап, номиналдарын қойып шығамыз.
Резистор, конденсатор және индуктивтілік катушка параметрлерін анықтаудың виртуальдік модельдері 5.13, 5.14 және 5.15 суреттерінде келтірілген.
Тапсырма 1. Резистормен тәжірибе

Сурет 5.13 Резистордың параметрлерін анықтаудың электр схемасының виртуальдік моделі


Тапсырма 2. Конденсатормен тәжірибе

Сурет 5.14 Резистордың параметрлерін анықтаудың электр схемасының виртуальдік моделі


Тапсырма 3. Индуктивтілік катушкамен тәжірибе



Сурет 5.15 Индуктивтілік катушка параметрлерін анықтаудың электр схемасының виртуальдік моделі


Барлық үш схема үшін тоқ пен кернеудің векторлық диаграммаларын құру.


Бақылау сұрақтары



  1. Синусоидалық тоқ қандай параметрлермен сипатталады?

  2. Кернеу мен тоқтың әсерлік мәніне анықтама беріңдер.

  3. Айнымалы тоқтың элементтерін ата?

  4. Идеалды элементтің реалды элементтен айырмашылығы?

  1. Сыйымдылық және индуктивтілік кедергінің физикалық мағынасы?

  2. Идеалды элементтредің активті қуаты неліктен нөлге тең?

  3. Синусоидалы тоқтың электр схемаларын есептеу үшін комплекстік сандарды қандай мақсатпен және қалай қолданады?

  4. Тоқтың әсерлік мәні тоқтың комплекстік әсерлік мәнінен қалай ерекшеленеді?

  5. Синусоидалы тоқтың тізбегін талдаған кезде векторлық диаграмманы қандай мақсатпен және қалай қолданады?

  6. Тоқ пен кернеудің әсерлік және комплекстік әсерлік мәндеріне резистор (индуктивтілік, сыйымдылық) бар тізбек үшін Ом заңын жаз. Ом заңының екі түрінің арасында қандай айырмашылық бар?



Негізгі әдебиеттер:



  1. Туғанбаев Ы. Т. Электротехниканың теориялық негіздірі: Оқулық. /Ы. Т. Туғанбаев Алматы: Экономика. 2012. 500 б.

  2. Ахметбаев Д.С. Электр техниканың теориялық негіздері : оқулық электроэнергетика бағытының студенттеріне, магистранттарына арналған, докторанттар мен инженер-техник мамандар үшін де пайдалы / Д. С. Ахметбаев ; Алматы энергетика және байланыс университеті. - Алматы : ЖШС "Лантар Трейд", 2019. - 329 б.

  3. Есимханов, С.Б. Электротехниканың теориялық негіздері (Айнымалы тоқтың электр тізбектері) [Текст] : оқу құралы студенттерге арналған / С. Б. Есимханов, 2014. - 64 б.

  4. Алимгазинова Н.Ш., Манапбаева А .Б. Электр техниканың теориялық негіздері: бaкaлaвриaт мaмaндықтaрының студенттеріне aрнaлғaн, ҚАЗАҚ УНИВЕРСИТЕТІ, 2017- 228б.



Қосымша әдебиеттер:

  1. Блохин, А. В. Б70 Электротехника : учебное пособие / А. В. Блохин. – 2-е изд., испр. – Екатеринбург : Изд-во Урал. ун-та, 2014. – 184 с.

  2. Электротехника и электроника: краткий курс лекций / Сост.: О.Н. Чурляева // ФГБОУ ВО Саратовский ГАУ. – Саратов, 2016. – 86с.

Макенова Н.А. Решебник по электротехнике: учебное пособие / Н.А. Макенова Хохлова Т.Е., Томский политехнический университет.-Томск. Из-во ТПУ,2015-165с
СӨЖ үшін бақылау тапсырмалар

  1. Жүктемелері параллель жалғанғантізбек үшін Кирхгоф заңдарының қолданылуын оқу.

  2. R, L, C жүктемелерінің параллель жалғану схемасын оқу.

Зертханалық жұмыс № 6


R, L, C элементтерін тізбектеп қосу (2 сағат)

Жұмыстың мақсаты: R, L, C элементтері тізбектеп қосылған тізбекке талдау жасау, кернеу резонансын зерттеу, векторлық диаграмманы құруды үйрену.


Жалпы мәліметтер
Синусоидалы тоқ тізбегін талдаудың негізгі тапсырмасы болып берілген кернеу мен тізбек элементтерінің параметрлері арқылы тоқты есептеу табылады. R, L және C элементтері тізбектеп жалғанған тізбек кернеумен (сур. 6.1) қоректендірілген. Тұйықталған тізбекте синусоидалы тоқ өтеді i.



Сурет 6.1 R, L, C элементтерінің тізбектей қосылуы

Кирхгофтың екінші заңы бойынша электр тізбегіне теңдеу жазамыз:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет