Әдістемелік нұсқаулық Қ арағанды, 2018 ббк


Критериалды бағалау бойынша нормативтік құжаттардағы



бет3/26
Дата25.04.2023
өлшемі0,74 Mb.
#86642
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
Бағалау критерийлерін құрастыру Әдіст нұсқау

Критериалды бағалау бойынша нормативтік құжаттардағы
өзгерістер мен толықтырулар:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 18 наурыздағы «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» N 125 Бұйрығы (2018 жылдың 14 маусымындағы №272 өзгерістермен);
2. 2018 жылғы 26 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдарының жеке санаттағы педагог қызметкерлері жүргізу үшін ұсынылатын құжаттардың тізбесін анықтау туралы» № 32 бұйрығы.

Аталмыш құжаттар аясында бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Соған сай оқытудың технологиялық тәсіліне төмендегідей талаптар қойылады:



  1. Мақсаттар қою және оны мүмкіндігінше нақтылау, оқу мақсаттарын оның нәтижеге жетуі бағдарланатындай етіп анықтау;

  2. Оқу материалдарын дайындау мен барлық оқытудың барысын оқу мақсаттарына сай ұйымдастыру;

  3. Қойылған мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған күнделікті нәтижені бағамдау, оқытуды түзету;

  4. Нәтижені қорытынды бағамдау.

Мұғалім оқытудың берік нәтижелеріне технологиялық тәсілмен қол жеткізу арқылы өзінің педагогикалық шығармашылығына, оқушылардың дамуына көбірек көңіл бөле алады.
Оқу үрдісін технологиялық құрылымдауды түсінудің кілті нақты қойылған мақсаттарға жүйелі түрде бірізділікпен бағдарлану болып табылады. Педагогикалық технологияда мақсаттар қою тәсілдері нәтижелілігімен ерекшеленеді. Оқыту мақсаттары оқушылардың әрекеті арқылы көрсетілген оқыту нәтижелері арқылы тұжырымдалады, әрі мұғалім немесе кез-келген сарапшы нақты тани алатын болу керек.
Айтарлықтай табысты идеяны жүзеге асыруда әдетте келесідей негізгі қиындықтармен кезігеді:оқыту нәтижелерін әрекет тіліне қандай тәсілдермен ауыстыруға болады және бұл ауысудың бір мағыналылығына қалай қол жеткізуге болады? Бұл проблемалар екі түрлі жолмен шешіледі:біріншісі, педагогикалық таксономия жүйесі арқылы мақсаттар жүйесін нақтылау, екіншісі, таксономия арқылы мұғалім анықтығы жеткіліксіз ойларды оқыту мақсаттарының мейлінше анық, нақты тіліне ауыстыра алады.Таксономия- белгілі бір критерийлер мен ұстанымдар бойынша объектіні жүйелеу, топтастыру немесе жіктеуді, жүйелеу және нақты құрылым бойынша реттілікпен орналастыру.
Иерархиялық жіктелген, ретке келтірілген мақсаттарды қолдану ең алдымен, мұғалім үшін төмендегідей жайттармен маңызды:мұғалім назарының негізгі ойға шоғырлануы,таксономияны қолдана отырып мұғалім мақсаттарды бөліп, құрастырып қана қоймай, ең бірінші кезектегі міндеттерді, әрі қарайғы жұмыстың реті мен келешегін нақтылай отырып, оларды ретке келтіреді;мұғалім мен оқушының бірлескен әрекетіндегі ашықтық пен жариялылықты әкеледі; нақты оқу мақсаттары мұғалімге олардың ортақ оқу жұмысын түсіндіруге, талқылауға, кез-келген қызығушылық танытатын тұлғалардың анық түсінуіне мүмкіндік береді.Оқыту нәтижелерін бағалаудың өлшемін жасау ол – мақсаттардың дәл анықтамасына жүгіну; неғұрлым сенімді және әділ бағаға қол жеткізеді.Қалай болғанда да, мақсатты анықтау мен тұжырымдау үдерісі аяқтала салмайды.Біз бағалау критерийлерін іріктеу мен дәл анықтаудың, мақсатқа жеткеннің ақиқатын бағалау тәсілін анықтаудың маңыздылығына мән беруіміз керек. Ондай критерийлер мақсаттың анықтамасынан келіп шығады, ал тәсілдері – сабақ үшін таңдалған критерийлер бойынша қол жеткен нәтижелерді азды-көпті сенімді бағалау мүмкіндігін береді.Критерийлер мақсатты тұжырымдау кезінде, сабақ басталғанға дейін анықталады.Сабақ соңында қол жеткен нәтижені жоспардағы нәтижемен салыстыра отырып, сіз әрі қарайғы іс-әрекетіңізді кәсіби түрде, нәтижелі жүргізуге қол жеткізесіз.
Критериалды бағалау жүйесін енгізудегі оқытуда бағалау критерийлерін құрастыруда нені басшылыққа алу қажет? Пәннің ерекшелігіне сай бағалау мазмұны және рәсімдері қалай орындалады? Бағалаудағы критериалды тәсілдер қандай? Ұсынылып отырған әдістемелік нұсқаулық жауап бере алады. Бұл нұсқаулық мұғалімдерге бағалау критерийлеріне сай американдық ғалым Б.Блумның басшылығымен жасалған таксономия негізінде оқудың мақсаттарын нақтылау, нәтижеге қол жеткізуге бағдарланған мақсаттар қоюдың алгоритмі және жетістік критерийлерін іріктеу мен дәл анықтаудың тәсілдері арқылы дайындалған әдістемелік көмек көрсетеді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет