Қорытынды........................................................................................................26
Глоссарий...........................................................................................................27
Қосымшалар.....................................................................................................29
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................35
Кіріспе
Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі – әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден–бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау жүйесі бойынша сараптау . Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықтары мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінеді, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны , қалай ойланғаны бағаланады.
Бағалау бойынша нормативтік құжаттар:
1.Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2017 жылғы 18 қаңтардағы № 18 бұйрығымен енгізілген өзгертулер ескерілген Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 95 бұйрығымен бекітілген педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарын жүргізу және ұйымдастыру Ережесі;
2.ҚР БжҒМ Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар департаметінің № 11-4/744 13.04.2017ж. күнгі хаты;
3.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқармасының 19.04.2017ж. (№ 17 хаттама) шешімімен бекітілген Орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде педагог кадрлардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламалары бойынша бағалау рәсімдерін ұйымдастыру және өткізу Ережесі.
Достарыңызбен бөлісу: |