1.Когнитивті(танымдық) сала. Бұның құрамына зерделенген материалды есте сақтау мен қайта жаңғыртудан бастап проблемаларды шешуге дейінгі мақсаттар енеді.Оның барысында жаңа нәрсе құруды енгізе отырып, бар білімді қайта ойлап (басқаша ойлау) оның алдын-ала зерделенген идеялармен, әдістермен, тәсілдермен жаңа байланысын құру қажет болады. Танымдық салаға бағдарламалардағы, оқулықтардағы, мұғалімдердің күнделікті тәжірибесіндегі оқыту мақсаттарының басым бөлігі қатысты болады.
2.Аффективті (эмоциялық-құндылықтық) сала.Оған қоршаған ортаның құбылыстарын қарапайым қабылдаудан бастап құндылықтық бағдарлану мен белсенділік танытуды қалыптастыру мақсаттары енеді.Бұл салаға қызығушылық пен қабілеттерді қалыптастыру, басқа да бір сезімге алаңдау, оны әрекеттің барысында ұғыну мен көрсетуі сияқты мақсаттар кіреді.
3.Психомоторлық сала.Бұнда қимыл-қозғалыс (моторлық), манипулятивті әрекет, жүйке-бұлшық ет үйлесімділігін қалыптастырумен байланысты мақсаттар қамтылады.Бұл жазу дағдысы, тілдік дағдылар, дене тәрбиесі мен еңбекке баулу ұсынатын мақсаттар [3].
Блум таксономиясы негізіндегі оқу пәнінің мақсаттарын нақтылау екі кезең бойынша жүреді:алғашқысында курстың мақсаты анықталады да, екіншісінде күнделікті іс-әрекеттің мақсаты анықталады. Мақсаттарды толық өлшемдіетіп, ал оқытуды қалпына келтіру үшін әр мақсатқа қол жеткізудің критерийлерін ұсыну керек. Басқаша айтқанда, оқу мақсаты мен оның жетістігі және бір мағыналылығы жөнінде кесіп-пішіп айтатындай болып сипатталуы тиіс.
Блум таксономиясындағытанымдық деңгейдің алты қадамы бойынша мақсатты айқындау мұғалімдер үшін қиындық туғызары анық. Сондықтан төмендегі кестелердемұғалімдер үшін мақсаттарды айқындаудың шартты түрдегі талаптары келтіріледі(1, 2-кестелер).
1-кесте. Когнитивті саладағы оқу мақсаттарының категориялары