Т апсырма құрастыру кезінде мұғалім не туралы ойлайды?
Бағалау критерийлері оқу мақсаттарына сәйкес келе ме?
Ойлау дағдыларының деңгейлері бағалау критерийлеріне сәйкес келе ме?
Тапсырма бағалау критерийлеріне, ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келе ме?
Тапсырманың құрастырылуы түсінікті ме?
Тапсырма жас ерекшелігіне сәйкес келе ме?
Дескрипторлар / балл қою кестесі тапсырмаға сәйкес келе ме?
Тапсырма құрастыру кезінде неге сүйену қажет?
Оқу бағдарламасы және оқу жоспары;
Спецификация;
Құрастырылған бағалау критерийлері;
Кәсіби іс-тәжірибе/мұғалімнің шешімі;
Оқу материалын қамту көлемі мен деңгейі;
Оқушы деңгейі;
Оқушылардың ерекшеліктері мен қажеттіліктері.
Сонымен мұғалімнің сабаққа дайындығы дегеніміз – тек оқу материалының тиянақты талдауы, оны оқып білу кезеңдеріне сәйкес құрастыруы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың осы материалмен жұмысы кезінде пайда болуы мүмкін сұрақтары, ауаптары, пайымдаулары - оны қабылдауы, түсінуі, т.б. Сабақтың осындай алдын ала талдамасы неғұрлым тиянақты жасалса, сабақ өткізу барысында кездейсоқ жағдайларға тап болу мүмкіндігі біртұтас педагогикалық үдерісте, бағалау кезінде солғұрлым аз болады.
2.2. Бағалау құралдарын құрастыру үдерісі
Мұғалімдер оқушыларды оқытудың нақты критерийлеріне және мақсаттарына сәйкес өзіне де, сондай-ақ сыныптастарына да баға қоя алады. Бұл критерийлерді сабақ барысында тапсырма ретінде беруге болады. Бұл тапсырма мұғалімнің оқушылардан не күтетінін айқындап, оқушыларды өздерінің жұмыстарының осы өлшемге сәйкестігі туралы ойлануға итермелейді. Сыныптастары бағалайтын оқушының жұмысын жақсартудың амалдарын одан әрі дамытуға арналған бағыттарды анықтау тапсырманың мақсаты болып табылады. Сабақтағы жетістіктерді бағалау үшін сабақтың міндетін анықтап алып, критерийлерді қоя білу керек. Критерийлермен бағалау түрі әртүрлі: ишаралар арқылы және сабақтың міндетіне сәйкес нәтижелер қою арқылы бағаланады (5-кесте)[7].
5-кесте. Қалыптастырушы бағалауға арналған ұсыныстар
Достарыңызбен бөлісу: |