«Тәй-тәй» технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тиімділігі
«Тәй-тәй» технологиясын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану тиімділігі өте зор. «Тәй-тәй» технологиясының негізгі мақсаты әр баланың жеке қабылдауы мен даму кезеңдерін есепке ала отырып білім беру.
Технологияның балаларға іс-әрекеттерді таңдау мүмкіндігіне, зерттеу ісімен шұғылдануына, іскер және тапқыр болуына жағдай жасайды. Сонымен қатар оқу-тәрбие үдерісіне отбасы белсенді қатысады. Ата-аналар жалпы ашық есік күндері өнер орталығына қатысып, өткізілген әртүрлі тақырыпқа сай табиғи материалдардан заттық мазмұнды және сәндік сурет салу,немесе сәндік бұйымдар жасауға жетекшілік етеді. Алдын ала дайындық жұмыстар жүргізіліп табиғи материал қалдықтарын жинауға көмектеседі. Ата-аналарға түсінік жұмыстары жүргізіледі. Өнер орталығында балалардың қабылдауын, көрнекі-бейнелі ойлауын, зейінін дамытуға,дербестігімен жауапкершілігін қалыптастыру, ұсақ саусақ қозғалыстарын, ептіліктерін дамыту арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелейді. Алтын күз апталығына орай ұйымдастырылған «Ертегі ата-ана көзімен» атты тәрбиелік шарада ата-ана мен балалар бірлесе күзгі өнім әртүрлі көкөністерден ертегі кейіпкерлерін жасады. Ата-аналар өз балаларының алғашқы ұстаздары мен адвокаттары. Балабақшадағы балалардан коммуникативтік тілдік құзіреттілікті меңгерген, ана тілі мен ұлтаралық тілді меңгеруге мүмкіндігі бар, ересектермен және құрдастарымен еркін қатынас жасайтын мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын қалыптастыруда ата-анамен тәрбиешілердің бірлесе жұмыстануының маңызы зор.
«Тәй-тәй» технологиясы бойынша ата-аналар берілген білімді үйде бекітіп, толықтыруға көмектеседі; тәрбиешілер балалардың үйдегі үйренгенін оқу бағдарламасын игертуге пайдаланады. Мұнда ата-аналардың қатысы қандай түрде болмасын қолдау табады: олар тәрбиешіге сабақ үстінде көмектесуі мүмкін; ата-аналар алқасы салмақты шешімдер қабылдауға белсенді қатысады; олар балаларының жақсы жақтары мен көмек қажет ететін әлсіз жақтары туралы мәліметтер бере алады. Балабақша мен отбасының байланысы тәрбиешілер мен ата-аналардың өзара құрметі мен сеніміне және әріптестік қарым-қатынас орнату үшін бірлесе күш жұмсауда.
.
Оқу іс –әрекеттеріне қолайлы көркем әдебиет, құм және су, ғылым , өнер, ойын және оқу- жазу орталықтары жұмыс жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |