Әдістемелік құрал



бет4/10
Дата11.10.2023
өлшемі42,53 Kb.
#113631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
« «Тәй – тәй» технологиясын балабақшада оқу- тәрбие үрдісіне енгізу»

1.Әдебиет орталығы.

  • 2.Өнер орталығы.

  • 3.Желілі-рольді орталығы.

  • 4.Құм мен су орталығы.

  • 5.Құрылыс орталығы.

  • 6.Үстел-үсті орталығы.

  • 7.Ғылым орталықтары.

  • Әдебиет орталығында жасына ла­йықты көркем әдебиет шығармаларын оқып беріп, оқылған шығарма мазмұ­нын әңгімелетуге, мақал-мәтел оқу, жұм­бақ жасыру арқылы балалардың тілін ширатып, көркем сөз өнерін сүйе бі­лу­ге баулып, адамгершілік сапалар игертіледі. Мазмұнды суреттер арқылы жү­йелі сөй­лем құрап, сөйлеуге үйре­ті­леді.

  • Құм мен су орталығында сезім қа­бі­лет­­тері дамуды, кеңістік және көлемдік өл­шеу түсініктері қалыптасады, ірі және майда қозғалыстары жетіледі.

  • Ғылым орталығында баланың таби­ғат­қа деген сүйіспеншілік, қамқорлық қа­рым-қатынасын қалыптастыру мақ­саты көзделеді. Жануарлар дүниесі мен өсімдіктердің құпия сырларына деген қызығушылығы әртүрлі зерттеу, іс-тә­жі­ри­бе жүргізу бақылау жұмыстары арқы­лы артады.

  • Желілі-рольді орталығында желілі-роль­­дермен танысуға мүмкіндік беріліп әлеуметтік дамуы мен қатар қарым-қа­ты­­нас ептіліктері ойын үстінде дами­ды.

  • Құрылыс орталығында математи­калық ұғымдар мен пішіндерді ұғынуға, ауызша есеппен, есептер шығаруға, кубиктер арқылы түрлі пішіндер, макеттер құрас­ты­руға үйренеді.

  • Өнер орталығында балалардың қа­был­дауын, көрнекі-бейнелі ойлауын, зейінін, дамытуға дербестігімен жауа­п­кер­шілігін қалыптастыру, ұсақ қол ма­торикасын естеліктерін дамыту арқылы еңбексүйгіштікке тәрбиелейді.

  • Үстел үсті орталығы ұсынылған үлгі бо­йынша жекелеген заттардан топ құ­рауға, топты және затты ажырата білуге үй­рету қарапайым математикалық құ­рас­тыру ұғымдарын меңгерту.

  • "Тәй-тәй" технологиясы арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде балаға өз бетімен жұмыс жасауға жағдай туғызады. Балаларда өздерінің мүмкін­дік­тері мен қызығушылықтарына сай жұмыс түрін таңдау арқылы жекешелен­ді­руді жүзеге асырады. Қызықты әрі икемделген жұмыс түрін жоспарлап, әр баланың қалай орындағанын немесе ойнағанын бақылай отырып, тәрбиеші материалдар мен тапсырмаларды ауыс­ты­руы не жеке балаға бейімдеп өзгертуі мүмкін.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет