Әдістемелік құрал



бет9/10
Дата11.10.2023
өлшемі42,53 Kb.
#113631
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
« «Тәй – тәй» технологиясын балабақшада оқу- тәрбие үрдісіне енгізу»

Қорытынды
Бүгінде балабақша жалпыға міндетті үш қадам бойынша жұмыс жасап келеді. «Тәй-Тәй» технологиясы енгізіліп,ондағы орталықтар бойынша балалар зерттеу бағытында,еркін ойнауға,өз ойын ашық білдіруге мүмкіндіктер жасау. Жалпы алғанда «Тәй-Тәй» технологиясы баланы жан-жақты дамыту және ата-анамен тығыз байланыс орнату секілді екі бағытта жұмыс жасайды. Ең негізгісі ата-аналардың оқыту процесіне еркін қатысуларына жағдай жасалады.
«Тәй-тәй» технологиясы бойынша жұмыс істейтін біздер үшін адам болу дегеніміз – бала тәрбиелеуде қайталанбайтын жеке қабілеттің, өзіндік көзқарасының, қызығушылық мүмкіндігінің болуы. 
Балабақшадағы оқу ісіне қойылатын бүгінгі заман талабы – өзіндік ой – тұжырымы бар, логикалық ойлау қабілеті дамыған, өз көзқарасы мен пікірін ашық айта алатын, ақпараттар ағымынан қажетін іріктеп ала білетін, қоғамдық ортаға икемді, өз жолын дұрыс таңдай алатын жас ұрпақ тәрбиелеу, ендеше бұл міндетті жүзеге асыруда барлық оқу пәндерінің қосар үлесі аз болмауға тиіс.
Оқу үрдісіндегі таным әрекеті оқу, үйрену арқылы жүзеге асады. Бала белгісізден белгіліге, білімсіздіктен білімділікке, таным жүйесіне талпынады. Таным әрекетінің оқушының жалпы дамуы және жеке тұлғаның қалыптасуы үшін маңызы зор. Таным әрекетінің ой – сана үрдісінің бәрі дамиды. Білімді меңгеру үшін, тек оларды есте сақтап қалу емес, салыстыру, жүйелеу, анықтау, жалпылау, талдау сияқты жұмыстар жүргізілу керек.
Тілді оқытудың, оның ішінде ана тілін оқытудың көптеген ерекшеліктері бар. Оны танып – білуіміз әлі де жеткіліксіз болып жатыр.
Сондықтан қазіргі қойылып отырған басты міндет – дамыта отырып оқыту, баланы қабілетіне қарай мүмкін және міндетті деңгей көлемінде білім алуына жағдай жасау.
Ал, мектепке дейінгі балаларға білім беру қарапайымнан күрделіге қарай сатыланған білім беру жүйесінде жүргізіледі.
Білім: құндылық, жүйе, үрдіс арқылы берілсе ғана сапа болады.
Ал, нәтижеге жету үшін, оқыту мен оқу процесі қатар жүруі керек. Оқу процесімен ғана сапаға жетеміз. Сапа арқылы ғана мұғалімнің де, баланың да рейтингісі шығады. Бәсекеге қабілеттілік білім, жаттанды біліммен ғана шектелмей, оның өмірде пайдалы жағын, баланың таным қабілетін оятатын жағын беру қажет.
Білім беруде бес білім беру саласының байланысын әрдайым назарға алып отыру қажет.Жоғарыда айтылғанды қорытындылай келе, педагогикалық ұжым атқарған жұмыстардың іске асып жатқанын көреміз. Мектепке дейінгі балалардың дамуы мен тәрбиесіне, оқытуына жағдай жасауда «Тәй-тәй» технологиясының тиімділігін алынған нәтижелер дәлелдейді. «Тәй-тәй» технологиясы педагогикалық ұжымға оқытудың жеке тұлғаға бағыттау қағидаттарын арқау етуге мүмкіндік жасады. Мұндай оқыту жеке тұлғаның білімін, зейінін, қабілетін және негізгі бақылау міндеттемесін, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттілігін, белсенділігін, біліктілігін, тілдік, әлеуметтік еркіндігін, мінез-құлқын, өздік ойлау қабілетін және өзін-өзі бағалауының қалыптасуына мүмкіншілік жасайды. Бақшада балалардың әр күнін мазмұнды әрі жайлы, қуанышты өткізуге мүмкіндіктері бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет