Әдістемелік құрал



Pdf көрінісі
бет3/63
Дата05.04.2023
өлшемі1,24 Mb.
#79685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63
АЛГОРИТМ ТҮСІНІГІ 
 
Алгоритм – информатика пәнінің негізгі ұғымдарының бірі. Компьютерді 
қоғам өмірінің қай саласында болмасын пайдалана білу үшін алгоритм ұғымын 
меңгеру керек.
«Алгоритм»-сөзі мағынасы жағынан нұсқау, жарлық, рецепт, ереже, тәртіп, 
заң, жоба сөздеріне синоним болып келеді. Алгоритм сөзі Орта Азияның 
ортағасырлық ұлы ғалымы – Мұхамед ибн Мұса әл-Хорезмидің атымен 
байланысты шыққан. Осы жерде обсерваториялар, ғылыми орталықтар салынды. 
Араб мемлекетінің астанасы Бағдадта «Даналық үйі» құрылды. Сол кездегі 
оқымыстылардың бірі - Хорезми Мұхаммед ибн Мұса (787-850). Толық аты Абу 
Адделах Мұхаммед беи-Мұса аль-Хорезми. Араб тілінен аударғанда 
«Абдаллахтың әкесі Мұхамедтің ұлы Мұса, Хорезма жерінікі». Ол жылдар 
«Даналық үйінде» жұмыс істеген.
Әл – Хорезми – Орта Азияның математигі, әрі астрономы (9 ғасыр). Ол 
Хиуада дүниеге келген. Өмірінің ұзақ уақытын Бағдадта өткізген.
Әл-Хорезми өзінің ұрпаққа өлмес мұра етіп қалдырған төмендегідей 9 ірі 
көлемді шығармалардың авторы болып саналады: 
1. Үндістан арифметикасы туралы кітап - Көне Үндістан есептерінің және 
амалдарының талдануына арналған; 
2. Алгебра (Ал-джабр) және алмукабаланың есептеулері туралы қысқаша кітап 
- Алгебра ғылымының негізгі қағидалары мен амалдарын жинақтауға 
арналған; 
3. Астрономиялық таблицалар (зидж) – Жұлдызнамалық еңбек, яғни аспан 
денелерінің, ғаламшарлардың қозғалысын зерттеуге арналған ; 
4. Жер шары бейнесінің кітабы - Планетамыздың жағрапиясы, яғни Жер 
бедерін, елдер мен өзен, көлдерді, таулар мен шөлдердің орналасуын 
анықтап, картаға түсіруге бағытталған; 
5. Астролябияның көмегімен жасалатын зерттеу әдістері туралы кітап; 
6. Күн сағаттары туралы кітап; 
7. Еврейлер дәуірінің (пайғамбарлар дәуірі) сипаты және оның мейрамдары 
туралы трактат; 
8. Тарих кітабы – адамзат тарихына арналған туынды 
Сонымен қатар, оның «Жер түрлері» жайындағы кітап араб тілінде жазылған 
бірінші географиялық кітап болды. Бұл кітап 1878 жылдан белгілі. Хорезмидің 
астролябия күн сағаты туралы да еңбектер жазған, астрономиялық, 
тригонометриялық таблицалар жасаған. Хорезмидің еңбектері ХІІ ғасырдан 
бастап латын тіліне аударылып, Европаға кеңінен мәлім болды. Оның есіміне 
байланысты алгоритм термині қалыптасты.
Ол өзінің «Арифметикалық трактат» деген еңбегінде арифметикалық 
амалдарды орындау тәртібін ұсынған. Сөйтіп, арифметикалық амалдарды орындау 



ережесі, геометриялық фигураларды салу ережесі, сөздердің жазылуының 
грамматикалық ережесі т.с.с. алгоритм деп аталып кеткен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет