ІІ деңгей Әл-Фарабидің ғылым, әдебиет, өнер жайлы еңбектеріне шолу жасаңыз.
Шығу тегін өзі логикадан тарататын поэтика, әдебиет теориясы, тіл білімі салаларына арнап әл-Фараби “Өлең өнері туралы трактат”, “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактат”, “Әдебиеттегі пікірталас туралы трактат”, “Риторика туралы трактат”, “Аристотель “Риторикасына” түсіндірменің үлкен кітабы”, т.б. еңбектер қалдырды
. Әл-Фарабидің “Өлең өнерінің қағидалары туралы трактаты” мен бірнеше өлеңі А.Нысаналиннің аударуымен 1974 жылы “Жазушы” баспасынан жарық көрді.
Әл-Фарабидің поэтика мәселелерін талдаған екінші бір еңбегі – “Поэзия өнері туралы трактат”. Еңбектің кіріспесінде араб өлеңінің құрылысына тән ұйқас пен ырғақ, өлшемдер, образдылық, үйлесімділік мәселесі сөз болады.
А.Байтұрсыновтың «Әдебиет танытқыш» еңбегіндегі кәсіби ғылыми тұжырымдарды талдаңыз.
З.Қабдолов «Әдебиет танытқыштың» ең бір құнды жері деп, жекелеген әдеби-теориялық категориялардың этимологиясын, олардың мән-мағыналық жүгін төл әдебиетіміздің өз ішінен тапқандығын дөп баса айтады. Мәселен, «..әдебиеттің Аристотель белгілеген негізгі үш тегін, яки жанрын (эпос, лирика, драма) грек тілінен түп-түгел қазақ тіліне ауыстырып алады да (А. Байтұрсынұлы «Дарынды сөз» тарауында: эпосты– әуезе, лириканы – толғау, драманы – айтыс деп атайды – Ұ.Е.), әр жанрдың түрлерін өзіміздің төл әдебиетімізден іздейді. Мысалы, лириканың алғашқы үлгілерін қазақтың сонау тұрмыс- салт жырларынан іздеп табады. Сонда, ең жеңілі жоқтау – эпитафияға, мақтау – одаға, даттау – сатираға балама болып шыға келеді. Дәл осы ретпен әдебиеттің үшінші тегін Аристотельше «драма» деп емес, Ақаңша «айтыс-тартыс» деп алады да, осы жанрдың түрлерін, айталық, трагедияны – мерт, яки әлекті–тартыс, драманы – сергелдең, яки азапты тартыс, комедияны – арамтер, яки әурешілік деп атайды».
Академик З. Ахметов болса, «Әдебиет танытқышта» қазақ өлеңінің ырғақтық құрылыс-жүйесін айқындайтын өлең сөздің бунақ, тармақ, шумақ сынды категорияларының алғаш қалыптасқандығын атап айтады [2, 64 б.].
«Еңбектегі сөз өнерінің мәнін көрсететін қысқа тұжырымдамада пән болмысының классикалық үлгісі жасалады: «Сөз өнері – деп жазады ғалым, — адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға, 2) қиялға, 3) көңілге» . Өнер жүйесіндегі бастапқы үш негіз құрамды осылай нақтылып алған соң, былайша ой қорытады: «Ақыл ісі – аңдау, яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау, қиял ісі – меңзеу, яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау; көңіл ісі – түю, талғау».
Ш.Уәлихановтың қазақ әдебиеттануына арналған зерттеулерін талдаңыз
Шоқан Уәлиханов әдебиетімізді, тарихымызды, мәдениетімізді терең түсіндіруді көздеген ұлы ғалым, сол әдеби мұрамыздың шынайы мәнін ғылыми негіздеуге арналған зерттеулер жазды. Қазақтың халық поэзиясына алғаш теориялық талдау жасады. Ұлттық әдебиеттану ғылымының негізін қалады. Ш. Ш. Уәлихановтың көп салалы, әр қырлы бай мұрасы оның дүниетанымы, қоғамдық, философиялық, ағартушылық, демократтық көзқарастары биік деңгейде болғанын танытады. Шоқан Уәлиханов өзінің қысқа өмірінде қоғамдық ғылымдардың алуан саласында — тарихта, шығыстануда, географияда, этнография да, экономикада, филологияда, өнертануда — көптеген құнды еңбектер қалдырды. Ол Қазақстанның, Орта және Орталық Азияның түрік тілдес халықтарының — қазақтың, қырғыздың, өзбектің, ұйғырдың, турікменнің тарихы мен сол кездегі жағдайы, тілі мен әдебиетін терең зерттеумен шығыстану ғылымына зор үлес қостң. Шоқанның «Қазақтың шежіресі», «Жоңғария очерктері», «Қазақтар туралы жазбалар», «Абылай», «Көне замандағы қазақтың қару-жарақ, сауыт-саймандары», «Даладағы мұсылмандық», «Қазақтағы шаман дінінің қалдықтары», «Қазақтың көшіқоны», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихы туралы пікірлер», «Ыстықкөл күнделіктері» тағы басқа еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының келелі мәселелері кеңінен зерттелді және де зерттеулерде, мәселелер қою мен шешуде қазақ ғалымы дұрыс ғылыми бағыт ұстағаны кейінгі оқымыстылар зерттеулері арқылы расталды, бүгінгі күні де ғылыми мәні сақталды.Ш. Ш. Уәлиханов — қазақ және қырғыз халықтарының бай әдебиет қорын тұңғыш зерттеуші екендігі де ерекше. Қазақ көркем сөз өнерінің кейбір үлгілерін ол жас кезінде-ақ білген, оған деген ықылас-қызығуы кадет корпусында оқыған жылдары мен қызметтері кезінде арта түскен де, 1850 жылдардың орта шенінен өмірінің соңғы сәттеріне дейін зерттеумен шұғылданған. Ш. Ш. Уәлихановтың, халықтардың әдеби мұраларының үлгілері туралы ой-тұжырымдары бүкіл ғылыми зерттеулерінде, еңбектерінде қазақ және қырғыз әдебиеттері туралы арнайы шолғандары мыналар: «Қазақтың халық поэзиясының үлгілері туралы», «Орта жүз қазақтарының аңыз- ертегілері», «18-ғасырдың батырлары туралы тарихи аңыздар», «Едіге мен Тоқтамыс туралы аңыз», «Едіге», «Шона батыр», «Манас» жырын тұңғыш зерттеуі және оның «Көкетай ханның асы» деген үлкен бір бөлімін орысшаға аударуы. Ш. Уәлихановтың әдеби мұрасынан халық ауыз әдебиетінің барлық нұсқаларына байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. Талантты ғалымның "Бұқардың Абылайва айтқаны", "Абылай туралы жырлар", "Шора", "Орақ жырлары", "ХVIII ғасыр батырлары туралы тарихи аңыздар" т.б. шығармалары қазақ әдебиеті тарихына қатысты көлемді зерттеулер болып табылуы, соңдай-ақ Шоқанның "Қазақ халық поэзиясының түрлері туралы" еңбегі поэзиямыздың теориясы жөніндегі алғашқы зерттеулердің қатарына жатуы, ал атақты "Жоңғар очерктері", "Қырғыздар туралы жазбалар" сияқты монография дерлік шығармаларының көптеген беттері қазақ әдебиеті мәселелеріне арналуы осы жұмыстың басты мақсаты болып табылады.
Зерттеудің міндеті:Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін шыққан тегін, елдің әдет - ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жайлары көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шындауда аңыз - әңгімелерді, мақал мәтелдерді, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жатайтынын, сондай дайындығы бар билердің ауызынан шыққан сөздерді халық ұйып тыңдайтының ол нақыл сөздердің өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазуы осы жұмыстың басты міндеті болып табылады.
Аристотельдің «Поэтика» атты еңбегіндегі негізгі идеяны талдаңыз.
БІр нәрсені білу артық емес: поэтика деген сөз біздің бүгінгі теориялық түсінігімізде көркем творчество немесе сөз өнері туралы ғылым болса, Аристотель поэтиканы сол әдеби творчествоның, яки сөз өнерінің өзі деп түсінген. Демек, Аристотельдің “Поэтикасы” — өнер туралы ойлар. Аристотельдің “Поэтикасы” — күллі көркемөнер туралы тұңғыш философиялық-эстетикалық трактат. Сонымен қатар “Поэтика” өз кезіндегі әжептәуір жүйеге түскен бірден-бір әдебиет теориясы екені де даусыз. Мұнда поэзияның тегі, мәні, мазмұны, пішіні, әдеби шығарманың композициясы кең әрі келелі сөз болады. Көркем шығарманың көп-көп жайларын, әсіресе характер, әрекет, байланыс, шешім, шиеленіс, хабар, түйін, метафора, гипербола, фабула, аналогия т. б. жайларын талдап-тексеруі күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Аристотель еңбегінің ең құнды жері тарихта тұн,-ғыш рет дүрыс және дәл эстетикалық принцип ұсынып, өнердін, қоғамдық маңызын анықтап, ашуында деп білу керек.
Абайдың өлең туралы көзқарасына тоқталыңыз.
Әдеби мінездің түрлері және олардың характерді айқындаудағы мәні туралы жазыңыз.
Мінездеу– әдеби кейіпкерді таным-түсінігі мен мінез-құлқын таныта даралай суреттеу. Түрлі тәсілдер арқылы жасалады. Тура мінездеу кейіпкердің мінез-құлқын айнытпай, сол қалпында баяндаса, жанама мінездеу оған қатысты құбылыстар мен заттарды суреттеу арқылы қаһарман бейнесін ашып көрсетеді. Адамның сезімдік көңіл-күйін, күйініш-сүйінішін, қимыл-әрекеті мен кескін-кейпін бейнелеу үшін оның өз сөзі мен өзгемен арадағы әңгімесін келтіру, сондай-ақ түрлі табиғат құбылыстарын суреттеу – осының бәрі әдебиеттегі адамның ішкі әлемін тануға, сырт пішінін анықтауға аса қажетті тәсілдер. Бұл әдістер бірін-бірі толықтырып, айқындай түседі, мінездеу үшін маңызды рөл атқарады. Осыған байланысты портреттік, психологиялық, сөйлесудегі мінездеу деген топтарға жіктеледі. Адам мінезінің сан алуан, сан қырлы сипаты бар. Мінез – адам болмысының ажырамас бір бөлігі. Әр адам өзін қоршаған ортаға өз мінезімен танылады, сол мінезі арқылы ерекшеленеді. Көркем шығармада да әр оқушының есінде сыртқы түр-келбетімен қатар мінезімен сақталады. Кейіпкер бойындағы мінез түрі де әр түрлі. Сондықтан да кейіпкер мінез сипатына
қарай жағымды, ұнамды не жағымсыз, ұнамсыз әсер қалдырады. Мінез адамның ішкі болмысы, белгілі қоғамдық жағдай қалыптастырған қоғамдық құлқы, барлық психологиалық ерекшеліктердің жиынтығы 1,95. Көркем шығармадағы басты тұлға – кейіпкер. Кейіпкерсіз, адамсыз ешбір көркем туынды болмақ емес. Сондықтан, кейіпкер - әдебиеттің түп қазығы. Көркем туындыда суреттелінер оқиғалар, түрлі қақтығыстар, әлеуметтік- тарихи жағдайлар т.б. жайыттар тек кейіпкер төңірегінде шоғырланып, содан тарап жатады. Көркем шығарма кейіпкерлері өзіндік тұлғасымен, сөз саптау мәнерімен, әр қайсысы өзінше бейнемен оқушы есінде қалады. Бұл ең алдымен жазушы шеберлігіне байланысты. Шеберліктің өзі – тегінде адам образын жасаудың, адам характерін ашудың, адам тағдырын көрсетудің өнері ғой 2,160. Содан да болар бейімбеттің Раушаны, Әуезовтың Құнанбайы, Мұқановтың Ботагөзі, Мүсіреповтің Жұмананы, Нұрпейісовтың Судыр Ахметі т.б. кейіпкерлері есте ұмытылмастай сақталып қалады. Әр кейіпкердің өзіне тән бітім – болмысын, сөйлеу мәнері мен мінез құлығын таныту жазушыдан үлкен творчестволық қызметті қажет етеді. Көркем шығармадағы ең басты нәрсе – кейіпкердің оқырманға берер эстетикалық -тәрбиелік әсері.
Арнау және оның түрлері туралы нақты мысалдармен әңгімелеңіз.
Арнау өлең — түркі халықтары поэзиясына тән жанр. Арнау өлең қазақ ауыз әдебиетінде, жазба әдебиетінде ерекше орын алған. Арнау өлеңді қазақ әдебиеттану ғылымында алғаш енгізіп, ішкі жанрлық түрге жіктеген А.Байтұрсынов: “Арнаудың өзі үш түрлі болады: жарлай арнау, сұрай арнау, зарлай арнау”. Арнау өлең іштей жанрлық түрге жіктелгенімен белгілі бір ортаға, қауымға, жеке адамға т.б. арналып айтылатындықтан онда ортақ үндестік, бір жанрға тән ерекшелік айқын байқалады. Арнау өлеңнің жіктелуі негізінен тақырыптық сипатына, яғни кімге, қалай арналуына байланысты.
Жарлай арнау — көпшілікке, белгілі бір ортаға, қауымға немесе жеке адамға да қаратылып айтылады. Ы.Алтынсариннің “Бір аллаға сыйынып” атты өлеңі жарлай арнаудың үлгісі (“Бір аллаға сыйынып, Кел, балалар, оқылық. Оқығанды көңілге, Ықыласпен тоқылық.”). Жарлай арнау - ақынның жеке адамға емес жалпы жұртқа жария кеңесуі.
Қалың елім, қазағым, қайран жұртым
Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.
Жақсы менен жаманды айырмадың,
Бірі қан, бірі май боп енді екі ұртың.
(Абай Құнанбайұлы )
Сұрай арнау — көпшілікке, не жеке адамға арналып айтылады және жауап күтіледі. Сұрай арнауда кейде жауап беріледі, кейде жауап меңзеу арқылы сезіліп, білініп тұрады. “Не жазып ем, құдай-ау, мен қазаққа, Мұншама ғып салғандай бұл азапқа? Адамшылық есебіне кірісіп, Қолы жетсін дегенім бе азатқа?!”, “Бар ма, қазақ, мұнан басқа қылғаным? Неңді шаштым, неңді бұздым, былғадым? Аштан өлген аталарың бар ма еді? Тамақ үшін сатқан иттер иманын” (А.Байтұрсынов). Арнау өлеңді іштей жанрлық түрге жіктегенмен, олардың үндесіп кететін сәттері жиі кездеседі. Жоғарыдағы Арнау өлеңді сұрай арнауға жатқызғанымызбен, онда зарлай арнаудың да сарыны аңғарылады. Сұрай арнау - ақын өз ойын сан-салалы сауал арқылы айтып жеткізеді де, өзі сол сауалдарға жауап күтеді.
Ақ қағазды қаралап,
Қалам неге ойнайды?
Ақын неге қайғырып,
Терең ойға бойлайды?
(Ә.Есмамбетов)
Зарлай арнау — Арнау өлеңнің ең көне түрі. Мұнда халық басына түскен қиын кезең, немесе жеке адамның басына түскен қиындық, тағдыр тәлкегінің азабы ерекше ашылып көрсетіледі. Қазақ ауыз әдебиетінде “Ақтабан шұбырынды”, “Қыз Жібек” т.б. жырлардағы зарлай арнау Арнау өлеңнің бұл түрінің ерте дәуірде пайда болғанын айғақтайды. Қазақтың жазба әдебиетінде де зарлай арнау ерекше орын алады: “Сауықшыл есіл елім-ай! Сарыарқа қайран жерім-ай! Күмістей таза суы бар, Айдын шалқар көлім-ай!” (М.Жұмабаев). Арнау өлеңнің сарай ақындарының мәнеріне тән құрғақ мақтау түріндегілері де кездеседі. Мұндай Арнау өлеңдер көркемдік қуаты, ой-толғамы жағынан кем соғып жатады. Абай Арнау өлеңді жаңа сатыға көтеріп, мазмұн және түр жағынан байытты. Абайдың “Кешегі Оспан ағасы”, “Жайнаған туың жығылмай”, “Сорлы Көкбай жылайды”, “Бұралып тұрып”, т.б. отыздан астам Арнау өлеңі әлеум. мәселелерді, жеке адамның бейнесін, мінез-құлқын әр қырынан ашып көрсеткен көркем туындылар.
Зарлай арнау үлгісі:
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба?
Сарыарқаны шарласам,
Саңлағымды табам ба?
(Жамбыл Жабаев)
Қайталау және оның түрлерін анықтаңыз.
Қайталау, қайталама ұйқас – сөз әсерін, айтар ойды күшейте түсу үшін бір сөзді немесе сөз тіркесін бірнеше мәрте қайталап қолдану тәсілі. Қайталаудың бірнеше түрі бар.[1]
Жай Қайталау – бір сөзге ерекше екпін түсіріп, бірнеше рет қайталау. “Мұнар да мұнар мұнар күн, Бұлттан шыққан шұбар күн. Буыршын мұзға тайған күн, Бура атанға шөккен күн. Бұлықсып жүрген ерлерден Бұрынғы дәурен өткен күн...” (Махамбет);
еспе Қайталау – алдыңғы тіркестің аяғы, келесі тіркестің басында қайталанып отырады: “Сарқырайды мұз бұлақтар. Мұз бұлақтар у да шу” (С.Сейфуллин);
анафора – өлеңнің әр жолы немесе әрбір ой ағымы бір сөзден басталып отырады: “Ұйқыдан соң – Жапырақпын, Жаңбыр шайып жаңарған. Ұйқыдан соң – Құспын, Ұзақ ұшып, көліне кеп дем алған” (С.Мәуленов);
эпифора – өлеңнің әр жолының немесе ой ағымының соңындағы бір сөз бірнеше рет қайталанады: “Күншілдер өледі көңілін от қарып, Батырлар өледі борышын атқарып” (Қ.Мырзалиев)
Романтизм әдісі, оның көркемдік принциптері туралы айтыңыз
Көркемдік әдіс — алдымен, шындықты шын мәніндегі суреткердің өз көзімен образды түрде тану жолы, содан соң, өзі таныған шындықты бар өнерін төге, бар шеберлігін сала көркем жинақтап, өзгеге таныту жолы. Көркемдік әдіс — өнер туындысында адам образын жасауға, сол арқылы шындықтың сырын образды түрде ашуға қажет өмір деректерін белгілі бір эстетикалық талғам биігінен тандаудың, қорытудың және жинақгаудың өзгеше принципі, сайып келгенде, өмір шындығын өнер шындығына айналдыра саралап, белгілі бір қоғамдық идеал тұрғысынан қайта туғызудың айрықша типі. Сонымен шығармашылық әдіс екеу — романтизм, реализм. Екеуінің де негізгі сипаттарын Ф.Энгельс белгілеп бергені — романтизмді «ерекше жағдайда ерекше характер жасау» жолы ретінде түсіндірсе, реализмді «детальдар шыншылдығымен» қоса «типтік жағдайда типтік характер жасау» жолы ретінде түсіндіреді. Бұл анықтамалар Софокл мен Аристотель пікірлерін де, Белинский пікірін де жоққа шығармайды, қайта солардың тұрлаулы тұжырымы сияқты. Әрине, романтизмнің өзіне тән ерекшеліктері көп: суреттелер шындық қиялға негізделеді; қияли шындықтың өзі осы шақтыкі емес, не өткен, не келер шақтыкі; шығарманың идеялық-көркемдік арқауында асқақ арман, көтеріңкі пафос жатады; автордың тілі де тым бояулы, мейлінше лепті, оқыс әсерлі келеді. Дегенмен осы ерекшеліктеріне қарамастан, романтизмді реализмнен бөліп әкетіп, араларына ылғи шек коя берудің қажеті жоқ. Романтизм (әсіресе оның прогресшіл түрі) мен реализм кей ретте, Белинскийше айтсақ, «бір-біріне кереғар келгенмен, түбінде бір мақсатқа апаратын бағыттас» әдістер. Оның үстіне әр суреткер осынау екі әдістің тек біреуімен ғана жазады; екеуінің басын бір жерге қоса алмайды, ол — не таза реалист, не таза романтик болуға тиіс деп түсінсек, қателесер едік.
10. Шағын көлемді эпикалық шығармалардың ерекшеліктерін әңгілемелеңіз.
11. Орта көлемді эпикалық шығармалар деген не? Оларға не жатады? Нақты мысалдармен талдаңыз.
12. Кең көлемді эпикалық шығармалардың түрлері туралы айтыңыз
Кең көлемді эпикалық түр. Эпостың бұл түріне роман жатады. Дүниежүзілік әдебиеттегі кең көлемді эпикалық түрдің соңғы жүз жыл ішіндегі дамуына тән тағы бір тамаша сипат – эпопеяның кмелденуі болса, қазіргі қазақ романы бұл сипатқа еркін ие болып отыр. «Роман-эпопеяның басты ерекшелігі – деп жазды профессор Т.Нұртазин, - онда бір романның кемерінде бірнеше роман иіндесе сыйысады. Қазақтың эпопеялық романдарының ішінде мұндай ерекшеліктер «Абай жолында» бар». Сонда эпопея – эпостың шыңы екенін, оның негізгі қаһарманы – халық, суреттер шындығы – халық басынан өткен кезеңді құбылыстар екенін ғана еске аламыз.
13. Романтикалық образ, оның ерекшеліктерін жазыңыз.
14. Реалистік образ, оның ерекшеліктерін жазыңыз.
Образ, көркем образ - шындықты танып-білуде әдебиет пен өнерге тән ерекше эстетикалық категория. Көркем шығармада сөзбен сомдалған кез келген құбылысты (көбінесе әдеби қаһарман бейнесін) Образ деп атайды.Реализм[1] (лат. relіs — заттылық, шындық) — әдебиет пен өнерде өмір құбылыстарын шынайы қалпында, нақтылық белгілерін сақтай отырып, жинақтап бейнелейтін көркемдік әдіс. Реализм әдісі өмір құбылыстарын, маңызды қоғамдық мәселелерді, күнделікті тұрмыстағы сан алуан жайттарды мейлінше кең қамтып, әлеум. қайшылықтарды, адам бейнесін терең ашып көрсетуді мақсат тұтады. Реализмнің өмір шындығын бейнелеудегі әдісі, стильдік формасы алуан түрлі.
Романтизм әдісі көбіне сирек кездесетін ерекше жағдайларға көңіл аударса, Реализм айналадағы нақтылы өмір құбылыстарын толық көрсетуді қажет етеді. Реализм болмыстың ең маңызды сипатын сұрыптап, көркем образ арқылы бейнелейді, өмір шындығын анық кескіндейтін образдар жүйесін жасайды. Реализм өмірде үнемі кездесетін нақтылы жағдайларды, адамның іс-әрекеттерін бейнелеуді басты міндет санайды, дегенмен оған алға ұмтылушылық, алыс арманға, асқақ қиялға бойұрушылық мүлде жат деп түсіну дұрыс емес. Алайда реалистік әдістің негізгі ерекшелігі — өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейнелі тұлғалар жасау. Қазақ әдебиетінде Реализм әдісі Абай мен Махамбет Өтемісұлы поэзиясы негізінде жоғары сатыға көтерілді. Шернияз Жарылқасынұлы, Алмажан Азаматқызы, [[[Сүйінбай]], Жамбыл ақындармен қатар, Абайға жалғас шыққан қазақ әдебиетінің ірі өкілдері Ш.Іұдайбердіұлы, С.Торайғыров, М.Дулатов, М.Сералин, С.Көбеев, т.б.
15. Геройлық образ, оның ерекшеліктері туралы айтыңыз.
Г е р о й л ы қ о бр а з—ұнамды кейіпкер: адамға тән небір тамаша сипаттардың синтезі секілді сом тұлға, өз дәуірінің ең аяулы, асыл мұраттарынан туған тарихи тип.
Әдебиет — әдөбиет ‘болғалы алдына тартылып, әр тұста әр дәрежеде шешіліп келе жатқан ұнамды кейіпкер проблемасынын, өткен-кеткенін шолып қарасақ, әр дәуірдегі әр алуан сөз шеберлерінің кейінге мұра етіп қалдырған талай тамаша туындысын, талай тамаша тұлғасын көруге болады. Ғасырлар түкпірінде мұнартып, адам-заттың сонау сәбилік шағының санасы мен сезімін куәландырып Ахилес пен Прометей тұр. Бұлар да — ұнамды кейіпкерлер, геройлық образдар. Орта ғасыр схоластикасын ақтарып-төңкермей-ақ, ренессанс алыптарына көз салсақ, бұл тұстың шуақ сырлы әдеби типтері де алуан-алуан. Оны да өз алдына қойып, өзіміздің орыс әдебиетінің өткен ғасырына бір қаралықшы: Рудин мен Рахметов тұр. Тамаша түлғалар! Өз дәуірінің өзгеше өкілі боларлық ұнамды кейіпкерлердің үлгілері осылар-дай-ақ болар.
Геройлық образ туралы әңгіме қозғағанда жалпы ұнамды кейіпкер проблемасына арнайы назар аударып, оның кешегі халі мен бүгінгі жайын, міне, дәл осы тұрғыдан байыптаған жөн.