3-тақырып. Сөзжасамдық талдау. Сөзжасамдық ұя.
Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы ретінде танылғанға дейін сөзге фоне-тикалық және морфологиялық, сөйлемге синтаксистік талдау жасалып келгені белгілі. Морфологиялық талдауда сөз құрамындағы морфемалар толық талданады. Сөзжасам жеке сала болғалы сөзжасамдық талдау мәселесі көтерілді. Сөзжасамдық талдауға сөздің құрамындағы сөз түрлендіруші, сөздің грамматикалық тұлғасын жасаушы морфемалар кірмейді де, сол арқылы ол қазіргі морфологиялық талдаудан ерекшеленетіні туралы. Сөзжасамдық талдаудың негізгі нысаны сөзжасамдық бірліктер, олардың сөздің мағынасын жасаудағы қызметі, сөзжасамдық мағына, туынды сөздердің түрлері, сөзжасамдық заңдылықтар, үлгілер, сөз таптарының сөзжасамын көрсету . Бір негізгі сөзден тараған бір топ туынды сөздердің сөзжасамдық ұяға жататыны, бір сөзжасамдық ұядағы туынды сөз атауларының түбірлес сөздер деп танылатыны, олардың мағыналық байланысы, ол мағыналық байланыстың ұяның түп негіз сөзінен басталатыны. Сөзжасамдық ұяның көлемінің түрлілігі. Сөзжасамдық ұяның құрамы күрделі құбылыс саналатыны. Сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық тізбек сөзжасамдық ұяның бір мүшесі, оның анықтамасы, бір ұяда бірнеше сөзжасамдық тізбек бола беретіні жалпы құбылыс екені. Сөзжасамдық тізбектің өзіндік белгілері, оның түп негіз сөзден басталып, оны аяқтаушы туынды сөздің болуы, оның- сөзжасамдық тізбектің танылуына шешуші қызметі. Сөзжасамдық тізбек сөзжасамдық сатымен байланыстылығы, әр тізбекте қанша туынды сөз болатыны сатының саны арқылышешілетіні. Тілде сөзжасамдық тізбекте қанша сөз болатыны туралы. Сөзжасамдық саты. Сөзжасамдық ұяның негізгі мүшелерінің бірі –стаы. Сөзжасамдық ұядағы әр туынды белгілі бір сатыда жасалады яғни сөзжасамдық сатысыз ұя болмайтыны. Сөзжасамдық саты екі тұрғыда қаралатыны: көлденең бағытта және тік бағытта. Көлденең бағытта қарағанда, саты сөзжасамдық тізбекке қатысты, тізбектің қанша туынды сөзден тұратынын көрсететіні. Тік бағытта сөзжасамдық сатының сөзжасамдық парадигмаға қатыстылығы және ұядағы әр сатыда қанша, қандай туынды сөздердің жасалғанын көрсететіні. Сөзжасамдық тарам (парадигма). Сөзжасамдық тарам бір негіз сөзден жасалған бірнеше туынды сөз екіені, ол сөзжасамдық саты тік бағытта қаралғанда ғана анықталатыны. Сөзжасамдық тарамның құрамы түрлі болып, оның ең көп құрамда қолданылуы, кездесуі, бірінші, екінші сатыларға қатыстылығы. Саты саны өскен сайын сөзжасамдық тарамның азая беретіні, соңғы сатыда кездеспейтіні. Сөзжасамдық жұп. Сөзжасамдық жұп та сөзжасамдық ұяның мүшесі бола тұра, оның тікелей сөзжасамдық тізбек құрамына кіретіні. Сөзжасамдық жұп негіз сөз бен одан жасалған туынды сөзден тұратыны. Негіз сөз бен одан жасалған туынды сөз сөзжасамдық жп құрайтыны. Сөзжсамдық жұптағы негіз сөздің қызметі, негіз сөз бен туынды сөздің морфемдік құрамындағы айырмашылық, мағыналық айырмашылық пен байланыстылығы.
[1], [12],[13],[21],[22],[23], [26].