1-тақырып Сөзжасам тіл білімінің жеке саласы. Сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысы.
Сөзжасамның тіл білімінің дербес саласы деп бірден қалыптасқан мәсе-ле емес екені. Жалпы тіл білімінде сөзжасамның дербес сала болып танылуының түркі тілдеріне әсері. Сөзжасам – дербес сала. Сөзжасамның тіл білімінің негізгі салаларының көбімен байланыстылығы, тіл білімінде бірімен-бірі байланыспайтын саланың кездеспеуі, олардың ортақ объектілері, яғни нысандарының болуымен байланыстылығы. Сөзжасамның морфологиямен байланысының күштілігі, ол байланыстың ұзақ уақыт сөзжасамның морфология құрамында қаралуына себеп болғаны. Сонымен бірге олардың айырмасы. Тілде сөзжасам көрсеткіші мен қолданылған сөз лексемаТілде сөзжасам көрсеткіші мен қолданылған сөз лексема болып саналса, сөз түрлендіруші қосымшамен қолданылған сөз формасы болып танылады, яғни олар тілдегі екі басқа құрылыстарға жататыны туралы. Сөзжасамның синтаксиспен байланысы. Сөзжасамның аналитикалық тәсіл арқылы жаслған күрделі сөздердің табиғаты, құрылысы жағынан синтаксистегі сөз тіркестерімен ұқсастығы, ол ұқсастық осы тілдегі екі саланың байланысынан туғаны. Сөзжасамның лексикологиямен байланысы. Лексикология тілде бар сөздерді зерттейтін ғылым екені. Сөзжасам тілде бір кезде жоқ сөздің қалай пайда болғанын, қалай жасалғанын, керек сөзді қалай жасауға болатынын зерттейді. Сөзжасамдық әрекет нәтижесінде жасалған сөз лексикологияның қарамығына түсетіні. Осымен байланысты сөзжасам мен лексикология арасында байланыс пайда болатыны. Сөзді екі сала екі тұрғыда зерттейді. Сөзжасамның тілдің морфология мәселесімен байланысы. Сөзжасамның негізгі тілдік бірліктерді жұрнақтардың дыбыстық вариантта қолданылатыны. Жұрнақтардың дыбыстық варианттары фонетика заңдылықтары бойынша қалыптасқан, оны морфология саласы зерттейді, бұл арқылы екі саланың байланысы көрінетіні туралы.
[1], [2],[3],[11],[12],[13], [14].