6-тақырып. Сын есім сөзжасамы. Сан есім сөзжасамы.
Сын есімнің синтетикалық тәсіл арқылы жасалуы., Сын есім жасауға негіз болатын сөз таптары, сөз тұлғалары. Сын есімнің сөзжасамдық жұр-нақтары. Есімдерден сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар. Етістіктен сын есім жасайтын өнімді жұрнақтар, етістіктерден сын есім жасайтын өнімсіз жұрнақтар. Сын есімнің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған сын есімдердің күрделі сын есім жасайтыны. Күрделі сын есімнің жасалуының жолдары, оларға қатыса-тын негізі, туынды сын есімдер, есім сөздер. Сан есім сөзжасамының өзіндік жүйесі бар, сан есім сөзжасамына қа-тысатын тілдік тұлғалар, олардың негізгілері. Сан есімнің сөзжасамдық тәсілдері. Аналитикалық тәсілдің сан есім сөзжасамында негізгі орын ала-тыны, аналитикалық тәсіл арқылы сан есімнің жасалу үлгілері, жолдары. Синтетикалық тәсілдің де сан есім жасауға қатысатыны, оның өзіндік ерекшелігі, бұл туралы түрлі көзқарастар. Сан есім сөзжасамының тарихи іспеті, қазіргі дәуірде сан есім сөзжасам арқылы өз құрамын толық-тырмайтыны. Бірлік сандарға алты, жеті, сегіз, тоғыз сандары туралы. Ондық сан атауларындағы алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан сан атаулары туралы. Сан атауларының қосу, көбейту тәсілі арқылы жасалуы. Бірлік пен ондық аралас сандардың жасалуы. Жүздік атауларының жасалуы. Мыңдық, жүздік, ондық, бірлік аралас сан атауаларының жасалуы.
7-тақырып. Есімдіктің сөзжасамы. Үстеудің сөзжасамы.
Есімдіктің сөзжасамының өзіндік ерекшелігі, сөзжасам мүмкіндігінің аздығы. Синтетикалық тәсілдің есімдік жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы есімдіктің жасалуы. Үстеу сөзжасамға кедей сөз табы. Үстеудің жасалуының өзіндік ерекшелігі. Үстеудің сөзжасамдық түрлері: аналитикалық, синтетикалық тәсілдер, көнеру арқылы үстеуге көшудің белгілі орын алатындығы. Үстеудің жасалуына негіз болатын сөз таптары: үстеу, зат есім, сын есім, есімдік, сан есім. Есім сөздерден үстеу жасайтын жұрнақтар, олардың мағыналары. Қосымшалардың түбірге көнеруі арқылы үстеудің жасалуы. Үстеудің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалған үстеудің түрлері: 1) біріккен үстеулер, 2) қосарланған үстеулер, 3) тіркесті үстеулер.
[1], [2],[3],[11],[12],[13], [14].
8-тақырып. Етістіктің сөзжасамы.
Етістіктің қалыптасқан күрделі сөзжасам жүйесі. Етістік құрамын әр кезеңде де сөзжасам арқылы толықтырып отыратыны. Етістіктің сөзжасам арқылы құрамын толықтыруға басқа сөз таптарының да, етістіктің өзінің де негіз болатыны. Етістіктің семантикалық тәсіл арқылы жасалуы. Етістіктің сөзжасам жүйесінде бұл тәсілдің үлкен орын алатыны, сондықтан етістіктің туынды түбір етістіктерге байланысты екені. Есім негізді туынды түбір етістіктер, олардың негіз сөздері, есім негізді туынды түбір жасайтын жұрнақтар, олардың беретін мағыналары. Етістік негізді туынды түбір етістіктер, оларға есім негізгі туынды түбір етістіктің негіз болуы, негізгі түбір етістікьің негіз болуы. Етістіктен етістік жасайтын өнімсіз жұрнақтар –ла,-ле, -ғышта, -гіште, ыңқыра,-іңкіре, -қыла,-кіле, -лық,-лік, ық-, -ік, -ғы, -гі, -ыр, -ір, -бі,- ді. Етістіктен етістік жасайтын өнімді жұрнақтар-етіс жұрнақтары. Етіс жұрнақтарының сөзжасамға қатысы туралы көзқарастар. Етістіктің аналитикалық тәсіл арқылы жасалуына қатысатын тілдік тұлғалар, олардың қызметі, мағына жасауға қатысы. Аналитикалық тәсіл арқылы жасалатын күрделі етістіктер. Күрделі етістіктердің құрамы, олардың орны, қызметі, сөзжасамдық қабілеті, күрделі етістік жасауда тірек сыңар болатын етістіктер. Аналитикалық тәсіл арқылы құранды етістіктің жасалуы, оның құрамы, құранды етістіктің тірек сыңары. Құранды етістіктің құрамындағы сыңарларының беретін мағынасы. Сөздік құрамнан құранды етістіктің алатын орны.
[1], [2],[3],[21],[26],[13], [24].