Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



бет3/5
Дата24.07.2023
өлшемі181 Kb.
#104719
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5
5-тақырып.
Сөз таптарының ішінде етістік ерекше стильдік қызмет атқарады. Әдебиеттанушы ғалым Қ.Жұмалиев көсемше мен өткен шақ есiмше тұлғаларын эпитет деп қарайды. Ғалым Р.Сыздықова: «затты» тек белгici емес, қимылды, ic-әрекетi де бейнелi түрде сипатталуы мүмкiн», – дей келе, көсемше тұлғасының ic-әрекеттің; сынын бейнелеуiн экспрессоид деп алады [11].
«Экспрессоид – белгiлi бiр стильдiк мақсатпен қолданылған, оқырманға әсер ететін, экспрессиялы сөздер немесе тұлғалар, тipкecтep А.Байтұрсынов тiлiмен айтсақ, «көңiл күйiнен шығып, көңiлге күй түcipeтiн сөздер» [11, 32].
Мәтінде кездесетін, көбінесе тарихи тақырыптарға арналған мәтіндерде оқырманға түсінікіздеу сөздердің мағынасына талдау жасауды керек етеді. Р.Сыздықова: «Қазақтың ауыз әдебиеті мен тілінде, жырларда ескі тұрмыс – салтқа байланысты өткен ғасырда өмір сүрген ақын – жазушылардың бұл күнде ұмыт бола бастаған немесе мүлде ұмытылған, я болмаса мағынасы өзгерген сөздер мен сөз тіркестерінің кездесуі табиғи құбылыс» [13, 5], – дейді.
Көркем шығармаларда бүгінде ұмыт болған және сирек қолданылатын ұлттық ойын аттары кездеседі.
[1], [2],[3],[9],[10],[15], [17].


6-тақырып. Қазақтың ұлттық ыдыс-аяғы, салт-дәстүрі т.б. символдық мәнге ие. Қазақ ұғымында әр отбасының тоқшылығы мен берекесінің белгісі болып қазан алынады. Қазан - әр отбасының күнде тамақ дайындайтын ыдысы. Қазанға пісірілген ас дәмді, әрі берекелі болған. Сондықтан қазақ халқында қазан ұрпақ жалғасуы мен отбасының берекесінің символы. Н.Уәлиұлы: «Қазан мен қара мылтықтың «қасиетті жетінің» қатарында алынуы тегін емес»[14],-деп айтуы оның символдық мәні бар екендігінің айғағы.
Халқымызда «қазанның құлағын қағу», «қазан бұзбау», «қара қазан», «қазан төңкертпеу» т.б. тәрізді сөз орамдары жайдан-жай алынбаған.
Қазанның символдық белгісі туралы мысалдар көптеп келтіруге болады.
Исатайдың барында,
Қара қазан, сары бала
Қамы үшін қылыш сермедік (Ай заман-ай, 187-бет)
Халқымыздың айбалта жырлы жауынгер ұлы Махамбет те елдiң қамын ойлағанын, ел тоқтығы мен берекесi үшiн күреске шыққанын «Қара қазан, сары бала қамы үшін қылыш сермедiк»,- деп көрсетедi. Қай дәуiрде де жауынгер қазақ халық қазанының қаймағы бұзылмауы үшiн жорыққа шығып, ерлiк таныта бiлген.
Сөз тыңда, құлақ салып, балам маған,
Астында дарияның алтын қазан.
әкелсең сол қазанды ерлік қылып,
Беремін Күнсұлуды қосып саған Құламерген
Академик Ә.Марғұлан бұл сюжетке ерекше назар аударып, онда терең мазмұн жатқанын тамаша дәлелдеген: «Құламерген» жырында теңiз астынан қазан iздеу - тайпалар демократиясының бiрлiгiн сипаттайды. «Қазан- шаңырақ сияқты, бүтiндiктiң белгiсi. Ол құрыса, ел де құриды. Оның үстіне қазанды қастерлеу ерте кездегi тeміpгe табынудың бiр түpi. Тәуке ханның аңызында жолығатын «қара қазан», «қара мылтық» алу - жаудан кек қайтару белгiсiнiң ecкi түpi. Тәукенiң жарғысы бойынша бұрын жауласқанда «шаңырақ», «қазан» сындырып кек алудың орнына ендi оны сындырмай жәбiр көрген жаққа сол нерселердің өзiн берiп тыныштық жасайды» [15, 187],-деп түйіндейді.
Мысалы, «Осыдан, Абылайдың басын алмасам, қатынын ат көтіне салмасам, қара қазанын қақ жармасам, әкем Қазыбектің аруағы өзімді ұрсын» деп қарғанып, атқа мінді.
Қазанын алу - өшін алу деген мәнде жұмсалған. Мысалы,
Ашулының алдында тұрма деген, көшіңіз, ақыры қазанды асулы бойында жұртқа қалдырыңыз; өздері келер де, даяр асулы қазанға тамақ қылып ішер; Сонан соң, қара қазанын алдық қой деп, ашуы басылар да көңілі тынар. Ол сөзінің мәнісі қырғыз ошақ алмайды, Үш тасты ошақ қылып, қазан асады, көшкенде ол тасты артып көше ме, жұртта қалмақ қой»
Қазанның осы символдық белгiсi туралы этнограф С.Кенжахметұлы былай дейдi: «Қазанның басқа ыдыстарға қарағанда казақ өмipi мен мәдениетiнде алатын орны мүлде жоғары. Өйткенi ол - күнделiктi тiршiлiк құралы. Қазақ дастарханына түceтiн тағaмдардың барлығы да ең алдымен осы қазаннан өтедi. Халық жай ғана «қазан» демей, оны «қара қазан» деп қастерлеп айтады. Бұл жерде «қара» сөзі «қасиеттi, киелi, берекелi» деген ұғымды бiлдiредi. Ұлттық әлеуметтiк тарихи оқиғаларда да қазанның алатын айрықша орны бар. Қазанын сыңдыру - ­отбасын ойрандаудың, қазанын төңкеру- аштықтың, масқаралаудың белгiсi. «Жетi жарғыдан өлiм жазасына бұйырылған адам жетi айып төлеп құтылса, оның бiрiншiсi - «қара қазан төлеуi» деп аталғaн» [16, 128].
[1], [2],[3],[9],[10],[15], [17].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет