Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы



бет6/7
Дата02.04.2023
өлшемі149 Kb.
#78433
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7
Ұсынылатын әдебиеттер: [10], [15], [13], [11], [3], [14], [12].
13-тақырып. Айтыс.
«Айтыс» деген атаудың мағынасы. Зерттелу тарихы. Жанрдың сипаттамасы. Айтысты мазмұны мен тақырыбына,түрінеқарай жіктеу. Әдеп-ғұрыппен, салтпен байланысты айтылатын айтыстар. Бәдік, жұмбақ айтыстары. Айтыс үлгісінде орындалатын мал мен иесі, өлі мен тірі, жар-жар, мысал өлеңдерінің осы жанрға қатысы. Салтпен байланысты айтыстардың көне екендігі. Сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс – айтыс формаларының түрлері.
Айтыстың айрықша дамыған түрі – ақындар айтысы. Атақты ақындар айтысының даралық сипаты, әдебиетке ұласуы. Айтыста саяси-әлеуметтік мәселелерінің көтерілуі, теңсіздіктің, әділетсіздіктің, қоғамдық кемшіліктердің сыналуы. Айтыстың тамашалық сипаты. Ақындық шеберлік пен тапқырлық. Тәуелсіздік кезеңіндегі айтыстар. Өркендеу себептері.
Айтыстың көркемдік ерекшеліктері.
Ұсынылатын әдебиеттер: [14], [5], [13], [15], [13], [14].
14-тақырып. Халық әдебиетінің көркемдік бейнелеу құралдары.
Фольклорлық шығарманың тақырыбы мен идеясы, образ, композиция және сюжет, портрет, мінездеу, уақиғаның шарықтау шегі және эпилог.
Ауыз әдебиетінің суреттеу құралдары: синоним, омоним, архаизм, диалектизм, эпитет, теңеу, троп, метафора, метонимия, символ, аллегория, ирония, сарказм, әірелеу, литота, арнау, анафора, шендестіру, дамыту, эллипсис, параллелизм.
Өлең сөз және оның құрылысы: ырғақ, шумақ (екі тармақты, төрт тармақты, алты тармақты, жеті тармақты, сегіз тармақты, он тармақты шумақтар).
Өлеңнің бунағы мен буыны дегеніміз не?
Қазақ халық әдебиетінің өлең ұйқастары: қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас.
Фольклорлық стиль.
Ұсынылатын әдебиеттер: [11], [15], [13], [4], [12].
15-тақырып. Қазіргі заман халық поэзиясы.
Ж.Жабаев (1846-1945), И.Байзақов (1900-1946), Н.Байғанин (1860-1945), К.Әзірбаев (1884-1976), О.Шипин (1879-1963), Ү.Кәрібаев (1889-), Н.Бекежанов (1890-1954), Т.Көбдіков (1874-1954), Қ.Айнабеков (1885-1955), І.Манкин (1880-1954), Қ.Жапсарбаев (1886-).
Бүгінгі айтыс және оның өзіне тән ерекшеліктері.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет