Әдістемесі тұрдалиева Г. Ж. Тұрдалиева бастауыш



Pdf көрінісі
бет122/148
Дата16.05.2022
өлшемі14,09 Mb.
#34678
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   148
Байланысты:
қазақ тілін оқыту әдіст

ша  топта.
Бастауыш сыныпта мысалдарды оқыту
Балаларды  адамгерш ілікке,  еңбексүйгіш тікке  тәр- 
биелеуде көркем шығарманың маңызы зор. Балалардың 
ой-санасын  дамытуға,  мінез-қүлқын  қалыптастыруға, 
дүние-танымын  кеңейтуге  көркем  әдебиет  ш ығарма- 
ларындағы  кейіпкердің  омірі  мен  іс-әрекеттері  үлкен 
өсер етеді. Әсіресе, бастауыш сыныптың балалары өзде- 
рінің жас ш амаларына қарай ертегі, аңыз-әңгімелерді, 
батырлар туралы шығармаларды, мысалдарды сүйсініп 
оқиды.  Ондағы  басты  кейіпкерлердің  іс-өрекеттеріне 
еліктейді, тәтті қиялдарға беріледі, өзінше қорытынды 
ж асауға тырысады.
Ана тілі сабағындағы мысалдарды оқи отырып, оқу- 
шылар мәнерлеп және түсініп оқуға төселеді. Дауыс ыр- 
ғағына көңіл бөліп, шығарманың мазмүнын үғына білуге 
үйренеді.  Мысалды  мәнерлеп  оқу  м үғалім нің  шебер- 
лігіне  байланысты.  Мөнерлеп  ж атқ а  оқу  ш өкірттерді 
қызықтырады,  олар өз үстазына еліктеп,  мәнерлеп  ай- 
туға үмтылады.
98


Өдебиеттің мысал түрінің арғы анасы -  халық. Баяғы 
заманнан  бері  халық  жасаған  мысалдар оның  керегіне 
жарап, күні бүгіңғе дейін тозбай сақталып келеді.
Өдебиеттің бүл мысал жанры -  ең қысқа ықшам жанр. 
Ертегі үзақ, шытырман оқиғалы, сан қырлы, бүлтарыс- 
ты, қолтарысты болып келсе, мысал оқиғаны табан асты- 
нан, төтесінен туғызып, шүғыл қайырады.  Негізгі өдісі
-   меңзеу.  Сондықтан  көңілден  тез  орын  теліп,  үмы- 
тылмайды.
Бүрынғы  халық  мысалдарында  да,  онан  соң  туған 
жеке  авторы бар,  жазба  мысалдарда да  айтайын  деген 
көкейкесті, түйінді пікірін көбінесе аңдар, хайуанаттар, 
қүстар,  қүрт-қүмырсқалар,  ағаштар, тастар тағы-тағы- 
ларды адамша шендестіру, адам дөстүрінше  сөйлестіру, 
у аждастыру арқыл ы береді.
Мысал үрдісі ерте заманнан бар.  Ежелгі грек өдебие- 
тінде  -   Эзоп,  Рим  өдебиетінде  Федр  -   әй гілі  мысал- 
шылдар.  Үнді өдебиетінің белгілі шығармасы -   "Панча- 
тантара" да (НІ-ІҰ ғасыр) мысалдар жинағынан қүралған. 
Орыс өдебиетіндегі мысал жанрын биік сатыға көтерген 
жазушы  -   И.Крылов.  Оның  көптеген үлы  мысалдарын 
Ы .А лтынсарин,  А .Қүнанбаев,  А .Байтүрсы нов  қ азақ  
тіліне аударып, қазақ өдебиетінде мысал үлгісінің туып, 
өркендеуіне  жол ашты.  Қ азақ әдебиетінде  мысал  жан- 
рын  дамы туда  С.Д өнентайүлы,  А .Тоқтам ағанбетов, 
С.Көбеев, С.Жүнісов, С.Торайғыров, Ш.Смаханүлы және 
т.б үлес қосты.
Қазақтың реалистік әдебиеттерінде мысал жанрының 
өз алдына жеке жанр ретінде қалыптасып, дамуы Д.Ба- 
батайүлының есімімен байланысты. Ол ауыз өдебиетінің 
адамгершілікке үндеп,  емеурінмен  білдіретін  өсиеттік 
жанры-мысалды әлеуметтік сатира дәрежесіне көтерді, 
оның кейіпкерлеріне реалистік,  типтік сипат дарытты. 
Ы. Алтынсарин, А.Қүнанбаев, XX ғасырдың бас кезін- 
дегі  демократ  ақы н-ж азуш ы лар:  С.Көбеев,  С.Торай- 
ғыров,  С.Дөнентаев,  орыс  өдебиетінен  мысал  өлеңдер 
аударып, қазақ халқына жеткізуде көптеген еңбек  етті.
99


Осы  аудармалар  негізінде  қазаң  балалар  өдебиетінде 
мысал өлеңдердің төл үлгілері пайда бола бастады.
Мысал өлеңдерде  көбіне ж ануарлар немесе  басқа да 
жансыз нәрселер арқылы  адамдардың мінез-ңүлқы, іс- 
әрекеті. Осылайша астарлап, түспалдай суреттеуді алле- 
гория деп атайды.
Мысалдарда еңбексүйгіштік, әділдік, адалдың, ңара- 
пайымдылың сияқты жаңсы қасиеттерді мадақтап,  уа- 
ғыздайды, жағымсыз қылықтарды мысқыл түрінде күл-
кі ете отырып, одан саңтандырады.
А.Байтүрсыновтың  И.А.Крыловтан  аударып  қүрас- 
тырган,  1909  ж .  Петербург  қаласы нда  ж ары қ  көрген 
"Қырық мысал" кітабы үлттық сана-сезімін оятуға сеп- 
тігі тиді.
Абай аударган Крыловтың "Ш егіртке мен қүмырсқа" 
мысал өлеңінің, өсіресе төменгі сынып оңушылары үғы- 
мына сай болуымен ңатар, олардың мінез-қүлқын тәрбие- 
леуде  маңызы  зор.  Мүнда  еңбек етуді  сүймейтін,  той- 
думанның еркесіне айналган жалңаулар мен сәнқойлар, 
тоғышарлар ащ ы сыналады.
Ш ырылдауың  шегіртке,
Ы ршып ж үріп ән салган.
Көгалды қу ып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Крыловтың Абай аударган  "Есек пен бүлбүл"  мыса- 
лы нда  дарынды  өнер  иелері  дәріптеледі,  м ақталады , 
ол ардың өнеріне халық сүйсінеді, қадір түтады. Ал өнер- 
ден түйсігі ж оқ топастық сын садагына ілінеді. Өздерін 
өмірдің билеп-төстеуші, көркі мен сөні деп үгатын үстем 
тап өкілдерін үлы мысалшы есекке теңейді:
Екенсің ән салуга сен-дагы епті,
Сен біраз өтеш әнін үйрен, -  депті.
Бүл сықылды сыншының сөзін естіп,
Көз көрмеске бүлбүл да үшып кетті.
Сондай-аң, "Қарга мен түлкі” мысалы да өмірдің ащы 
шындыгын арқау етеді. Сондыңтан да ол өеіресе балалар- 
дың қы зы га оқитын дүниесіне айналды.
100


Өлеңде түлкінің ңарғаны мақтаған айлакерлігі былай 
суреттелген:
"Қарағым, неткен сүлу ең!"
Деп т£ңырқап таңданды.
"Неткен мойын,  неткен көз,
Осыдан артық дейсің бе,
Ертегі қылып айтқан сөз?
Қалайш а біткен япырмай,
Мүрныңыз бен жүніңіз!
Періштенің үніндей,
Деп ойлаймын үніңіз.
Осы көрікпен, бүл жүнмен,
Әншілігің  білінді.
Үялмай, қалқам, бір сайра,
Біз де алалық үлгіні.
Қүс төресі біздерге,
Сіз боларсыз бір күні.
Қарғаның аузындағы ірімшігін алдап алу үшін түлкі- 
нің жасаған  мүндай  айлакерлігі  мен зүлымдығы  бала- 
ларды мол күлкіге кенелдіреді.  Ал,  күлкі соңы оларды 
үлкен ойға шомдырады:
Басы айналды қарғаның 
Сүмның айтқан сөзіне.
Қуанғаннан  бүтіндей
Бір мастық кірді өзіне.
Өзіне біткен  өңешпен,
Аямастан қарқ етті,
Ірімш ік жерге салп етті,
Іс бітті, қу кетті.
Баланы  ойға қалдыратыны  -   осы түлкінің  айлакер- 
лігі, қарғаның мақтан сүйгіш, аңғалдығы. Ал, ойлану -  
оларды мүндай мөселелер айналасында белгілі бір қоры- 
тынды жасауға үйретеді. Мысалы, өлеңдердің балаларға 
эстетикалық төрбие беруде пайдасы зор. Ондағы көркем 
образдардың нақтылығы, диалогтарының дөлдігі,  оқи- 
ғаларының күлкілі тартыстарға қүрылуы, тілінің өткір-
101


л ігі  мен  кө р кем д ілігі  -   ж асөсш рім дерді  үлкен  қуа- 
ныш қа кенелтіп, ой-санасын өсіріп, өзіндік көзқарасын 
қалыптастырады.
Абай сияқты Сүлтанмахмүт Торайғьфов та мысал өлең- 
дер жазды.  1912 жылы Сүлтанмахмүт татардың халық 
ақыны  Ғабдолла  Тоқайдан  "Екі  тыш қан"  деген  мысал 
өлең аударып,  өзі  "Арыстан  мен тыш қан"  деген мысал 
олең жазды. "Екі тышқан" атты мысал өлеңде бірліктің, 
ынтымақтың болмауы кімді болса да алған  бағытынан 
адастырып, қолда барынан айырып, бақытсыздыңқа ду- 
шар ететінін  көрсеткен.
Мысал  өлеңдер  көбіне  белгілі  кейіпкерлері бар  қы- 
зықты оқиғаларға ңүрылады.  Кейіпкерлер арасындагы 
тартыстар оқушыны еліктіре тартып, бірден өзіне баурап 
алады. "Екі тыш қан" мысалындағы оқиғабылай бастал-
ған; 

.. 
і і\; ь 
щші
&Ь 0 -
Даладан екі тыш қан май тауыпты,
Шығынсыз екеуі де ж ай тауыпты.
Ж анжалдасып бүл майды бөлісе алмай,
Маймылға болдіруге көңілі ауыпты.
Мүндай  оңай  олж аға  маймыл  қалай  қы зы қпасы н. 
Майды бөлуге кіріседі.
Өлшепті бір ж ағы на майды салып,
Ар ж ағы көтерілді босқа қалы п.
Бос ж ағы  мен май ж ағын теңгеруге,
Маймыл тықты аузына майдан алып. 
Аңырын жеп бітіріп майлы басын,
Безбеннің тегістепті екі  басын.
Безбеннің бірдейлігін  көзбен  көріп,
Тышқан кетті ағызып көздің жасын.
Бастауыш сынып оқушылары мысалды оқығанда су- 
реттелген  оқиғаның  тартымдылығына  қызығады,  оны 
ш ындық  деп  қабылдайды.  Сондықтан  мысалды  оқып 
шығысымен,  автордың  ондағы  суреттеп  отырған  жан- 
жануарлары кімдердің бейнесі, оны кім деп түсінесіңдер 
дегендей, сүраң қою қателік болар еді. Өйткені, жүмыс- 
ты  мүндай  өдіспен  ж үргізу  -   оқуш ылардың  мысалды


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   148




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет