Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет129/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   196
АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
Оңыңнан тұрсын самалың!
Сен өлсең егер, мен күйдім
Жазым боп тайса табаның!
Келеді қалмақ күркіреп,
Айтқалы келдім хабарын.
Тайлы бие, тоғыз қой,
Жеп шықты жаңа тамағын.
Өлуі қиын қалмақтың,
Бермесе Алла амалын
Тілімді алсаң қаш енді,
Болады қандай заманың” [7, 191 б.].
Бұл жерде де Гүлбаршынның сөзі ұзақ. Бірақ жыршы жырлап отырған кезде 
кейіпкердің бейнесін толық ашу үшін, оның мінез-құлқындағы ерекшелікті та-
ныту үшін де көбірек жырлауы мүмкін. 
Батырлар жырларының қай-қайсысында болмасын, бас кейіпкердің күш-
қайраттары әсірелене суреттелген қарсыластарымен арпалысуына тура келетіні
олардың өміріне аса зор қауіп төндіргеніне қарамастан, батырлардың алған 
беттерінен қайтпай, жеңіске жетіп отыруы – дағдылы мотив. Гүлбаршынның 
жоғарыдағы сөздеріне Алпамыстың: 
“Ашыса жаның, Гүлбаршын,
Жолама менің қасыма!
Нелер келіп, не кетпес,
Ер жігіттің басына
Сонша жерден келгесін,
Ар қылмай ерлер қаша ма?!
Жалғыздың жары бір құдай
Біреуден біреу саса ма?!
Әйелдік қылмай қайт жылдам,
Еркекті әйел баса ма?!
Пешенеге жазылсаң,
Бұйрықсызға қоса ма?
Үйіңе бар да жата бер,
Сабырсызға ұсама”, – дейді [7, 191 б.]. 
Одан кейінгі оқиғалар кейіпкерлерді дәріптей көрсетілетін бірқатар жақсы 
мінез-құлықтардың ашылуына мүмкіндік береді. Гүлбаршынға берген жауап та 
ұзақ сөздермен айтылған. Яғни, екі кейіпкердің бір-бірімен жауаптасуы анық 
байқалады. Онда бұл таза диалогтың табысы екенін көрсетеді. Ә.Қоңыратбаев: 
“Алпамыс жырында екі геройдың сөйлескен қысқа сөздері де көп. Оны диа-
лог дейміз дейміз” – дей келе [8, 172 б.], Гүлбаршын мен Жәдігердің диалогын 
мысалға алады. Жалпы диалогтың анықтамасында қысқа сөздер – диалог, не-
месе, ұзын сөздер – монолог деп көрсетілмеген. Олай болса, ғалым жырдағы 
кейбір осындай мәселелерді талдау барысында қазақ жырының поэтикасының 
күрделілігін көрсететеді.
138




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   125   126   127   128   129   130   131   132   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет