Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Абдиева П.М. Ұлттық эпостағы диалогтың көркемдік қызметі



Pdf көрінісі
бет130/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   196
Абдиева П.М. Ұлттық эпостағы диалогтың көркемдік қызметі
Өзге қаһармандық эпос үлгілеріне қарағанда “Алпамыс батыр” жырында 
диалогқа айрықша қызмет артылғанын академик М.Ғабдуллин: “Басқа жырлар-
мен салыстырғанда “Алпамыстың өзіне тән бір ерекшелігі – оқиғаны шегініспен 
қатар, диалог арқылы баяндауында. Басқа жырларда сирек кездесетін бұл әдіс 
“Алпамыстың” композициялық ерекшелігі болып табылады” деп, атап көрсеткен 
болатын [7, 196 б.].
Қаһармандық эпос үлгілеріндегі батырлардың Құртқа, Гүлбаршын, Ақжүніс 
секілді жарларының өзіндік даралық сипаттары олардың өзге кейіпкерлермен 
сөйлескен сөздері арқылы да танылады. 
Батырлық жырлардағы бірнеше кейіпкерлердің қатысуы арқылы (полилог) 
жүзеге асатын диалог (аралас) тәсілінің оқиға сюжетін дамытуға дәнекерлік 
жасап, олардағы кейіпкерлердің қарым-қатынасының қалай шиеленісіп, қалай 
өзгеріп, өрістеп отырғанына мән беріледі. Мәселен, Алпамыс батырдың ата-ана-
сымен, қарындасымен қоштасулары, бірінің сөзінен екіншісінің сөзінің мәні де, 
көркемдігі де арта түсетіні, олардың батырға айтқан өкпе-назынан ішкі сырлары-
на ерік берулері диалог арқылы айқын көрінеді. Кейіпкердің ішкі жан дүниесін 
терең аша білетін көркемдік компонент – диалог сол кезеңдегі өмір шындығын, 
батырдың қоғамдағы рөлін, оның сыртқы тұлғасын да, ішкі психологиялық 
дүниесін, сана-сезімін, мінез-құлқындағы ерекшеліктерін де шегіне жеткізіп, 
шебер бейнелейтіндігі айқын. Мұндай сұрақ-жауап түрінде келетін диалогтың 
эмоциялы болуы жырға тән жанрлық қасиет екендігі анық.
Жырлардағы халықтың сөйлеу тілінің лексикасын, тұрақты сөз тіркестерін, 
тіл байлығын шебер пайдалану арқылы шығарманы көркемдеу мақсатына қол 
жеткізілетіні, көбіне, диалог, яғни кейіпкерлердің ауызекі сөйлеу арқылы жүзеге 
асатыны нақты. Батырлық жырлардағы айтыс-диалогтар арқылы оқиғаны да-
мыту, кейіпкерлердің сөз саптауына, сөйлеу ерекшелігіне мән беру т.б сияқты 
композициялық тәсілдерді айқындайды.
Көркем прозадағы психологизмді зерттеп жүрген Г.Ж.Пірәлиева жырдағы 
кейіпкерлер бойында кездесетін психологиялық ерекшеліктер диалог арқылы 
көрініс табатынын айта келіп: “Эпостық жырларға тән тағы бір құбылыс – 
қандай бір қуанышты хабарды да алдын ала, психологиялық дайындық жасап 
барып жеткізу тәсілі. Айталық, Алпамыс батырдың мал бағып жүрген шешесіне 
дуана болып келіп, өзінің тірі екенін естіртуі, Қобыландының анасына бөгде 
кісі болып, хабарын алған соң ғана айтуы – соның айғағы” – дейді де, “Бала 
мен ананың сұрақ-жауап (диалог) түрінде тілдесіп, көрісуі шығарма шырай-
ын ендіріп, эпостың жанрлық, стильдік ерекшеліктерін айқындап тұр” – деп 
түйіндейді [9, 167 б].
Жырдағы диалогтардың көркемдік кестесінің шебер қиюласқанына көрнекті
фольклортанушылар айрықша назар аударуы тегін емес. Жыршылардың 
ғашықтық жырларда әрбір адамның өзін сөйлету арқылы олардың ішкі дүниесін, 
күлкі, қуаныш-қайғысын әсерлі етіп беретіні, қоштасу, естірту, арыздасу, қорғау, 
тілек, бата, күш таластыру, түс көру, оның жоруы, көңіл айту, өтініш, айтыс 
139




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет