Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


number of constructive recommendations on formation of common Turkic terminological



Pdf көрінісі
бет113/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

number of constructive recommendations on formation of common Turkic terminological 
fund.
Қоғам ауысып, адамзат баласы өркениетке беттеген сайын тілде жаңа 
қолданыс пайда болатыны белгілі. Олардың көпшілігі әуелде белгілі бір сала 
мамандарының тілдік лексиконында жиі айтылып, онан соң қалың бұқараның 
ортақ қолданысына айналады. Бұл жаңа қолданыс сөздерінің ғылымда өз ата-
уы бар. Мәселен, ғылым мен техника, мәдениет пен әдебиеттің қарыштап да-
муы тілімізге жаңа, бұрын-соңды естімеген сөздерді алып келеді. Бұларды тіл 
білімінде терминдер деп атаймыз. «Термин – латынның «terminus» деген сөзі. 
Қазақша мағынасы – бірдеменің шегі, шекара, шекаралық белгі. Терминдер 
– нақты бір ұғым атауы. Терминдердің лексиканың басқа түрлерінен басты 
айырмашылығы: көп мағыналы емес, бір-ақ нақты мағыналы болып келеді; 
оларда эмоционалды бояу, экспрессивті-стилистикалық қызмет болмайды» 
[1, 102 б.]. Терминге берілген осы анықтаманың өткен ғасырда берілгенін ескер-
сек, оның мазмұны да қазіргі заманға толығымен сай еместігін байқауға болады. 
Мәселен, осы анықтамада термин «бір-ақ нақты мағыналы болып келеді; олар-
да эмоционалды бояу, экспрессивті-стилистикалық қызмет болмайды» деген 
сөздер бар. Алайда, соңғы кездері түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне еніп 
жатқан ағылшын терминдеріне семантикалық талдау жасағанымызда көптеген 
нақты терминдердің, әсіреге ағылшын кірме терминдерінің бір емес, бірнеше 
мағыналы болып келетіндігін байқадық. Керісінше, осы көп мағыналы терминді 
қазақшалаған кезде оның көптеген мағынасы аударылмай қалып, тек бір ғана 
121


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
мағынасы бойынша аударылуы салдарынан олардың қазақша нұсқасы ғылыми 
айналымға, жалпы қолданысқа енбей қалып, шетелдік немесе орыс тіліндегі 
нұсқаларының қолданылуы біздің тұжырымымыздың өзектілігін білдірсе керек. 
Сонымен қатар, «терминдердің экспрессивті-эмоционалдық қасиеті болмайды» 
деген тұжырымға да толығымен қосыла алмаймыз. Ия, рас, жалпы термин ғылыми 
тұрғыдан белгілі бір сала мамандары тарапынан қолданылатындықтан, оның 
нақты ғылыми сипаты болуы керек. Алайда, соңғы кездері адамзат баласының 
сөйлеу тіліндегі түрліше сөйлеу нұсқаларының пайда болуы, атап айтқанда, 
жаргондар мен сленгтердің, компьютерлік қысқарған сөздер мен жарнамалық 
сөздердің көбейгендігі соншалық, олар өз кезегінде терминологиялық лексикаға 
да әсер ете бастады. Соның нәтижесінде кейбір терминдердің мазмұнынан 
эксперссивті-эмоционалдық қасиетті байқауға болады. Мәселен, бизнес са-
ласы бойынша ағылшын тілінен енген кірме сөздерге прагматикалық талдау 
жасау арқылы мына терминдердің экспрессивтік-эмоционалдық бояуы бар 
екенін байқау қиын емес: «shuttles» – (орысшасы – «челноки» – қазақшасы – 
«желқайықтар», «әбжілдер») мағынасы – көпшілік қолды тауарларды, әдетте, 
шетелдік арзан базарлардан көтерме сатып алып, отандық ұсақ көтерме сауда 
және бөлшек сауда базарларына жеткізетін саудагерлер, жабдқтаушы адам-
дар; person-advertizing – (орысшасы – «человек-реклама» – қазақшасы «адам-
жарнама») – кеудесіне, арқасына құлақтандырулар мен жарнамалар іліп алған 
адам. Бұлардан өзге «қара» түсті білдіретін сын есімімен тіркесе байланысқан 
халықаралық бизнес терминдерді айтуымызға болады. Мәселен: slate club – 
(орысшасы – «черная касса» – қазақшасы «қара касса») – корпорацияның, 
фирманың бейресми шығынға, соның ішінде пара беруге жұмсалатын қолма-қол 
ақшаның заңсыз қоры; «black capitalism» – «черный капитализм» – «қара капита-
лизм» (АҚШ-та афроамерикалықтардың басқаруымен ашылған жаңа фирмалар 
дегенді білдіретін термин); «black Friday» – «черная пятница» – «қаралы жұма» 
(Бұл термин ең алғаш рет 1966 жылы АҚШ-тың Шығыс жағалауындағы Фи-
ладельфия штатында пайда болып, қолданысқа енген. Алғашында бұл термин 
АҚШ-та аталып өтілетін Алғыс күнінен кейін жұмада пайда болған ұзын-сонар 
кептелістен соң пайда болған. Кейіннен бұл терминнің мағыналық өрісі артқан.
Алғыс күні АҚШ-та қараша айының төртінші бейсенбісіне сәйкес келетіндіктен, 
«қаралы жұма» 23-29 қараша аралығына сәйкес келеді. АҚШ-та «Қаралы жұма» 
ресми мейрам болып табылмайды, алайда көптеген жұмысшылар бұл күні дема-
лыс алса, ал бөлшек саудамен айналысатын саудагерлер бұл күні демалмайды, 
себебі, бұл күні сауда жасаушылар саны артады. Бұл күні дүкендер өте ертемен, 
яғни таңғы 5-те ашылса, ал кейбір ірі сауда желілері өз қызметтері түн жарымы-
нан бастайды. Алғашқы сауда жасаушыларға саудагерлер ірі жеңілдіктер береді, 
сол арқылы алушылар санын арттыру көзделеді). Міне, осы аталған терминдердің 
өзінен эксперсивтік пен эмоционалдық бояудың қалыңдығын байқауға болады.
Ғалым Рабиға Сыздықова терминнің табиғатына қатысты мынадай ой ай-
тады: «Термин дегендерді эксталингвистикалық факторлар туғызады, яғни, 
122




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет