Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


Досжан Г.А. Түркі тілдеріндегі ағылшын бизнес лексемаларының



Pdf көрінісі
бет116/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

Досжан Г.А. Түркі тілдеріндегі ағылшын бизнес лексемаларының...
Қазақ терминологиясының әр кезеңінде термин жасауға, терминологияның 
қалыптасуына айрықша атсалысқан, оның даму бағыттарын белгілеп, ғылым 
ретінде өркендеуіне үлкен үлес қосқан тұлғалар, ғалымдар мен салалық ма-
мандар болды. Олардың тіл біліміндегі бірегейлеріне А. Байтұрсынұлы,
Х. Досмұхамедұлы, І. Кеңесбаев, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, М. Балақаев,
Ғ. Мұсабаев, А. Ысқақов, Қ. Жұбанов, Т. Қордабаев, Ә. Қайдаров, І. Жарылғапов, 
Қ. Сағындықов, О. Жәутіков, Р. Сыздықова, С. Исаев, Ө. Айтбаев, М. Серғалиев, 
Ә. Жүнісбеков, А. Әбдірахманов, Н. Уәлиев және тағы басқаларды айтуға бола-
ды.
Қазақ тіліндегі ғылыми терминдердің әлі күнге бір ізге түспеуі – бүгінгі 
қоғамның өзекті мәселелерінің бірі. Осы орайда филология ғылымдарының док-
торы Байынқол Қалиев былай дейді: «Шала жансарлықтың тағы бір дәлелі – 
қазақ тілінің ғылыми терминдері. Оның 60-70 пайызы орысша. Тек 30-40 пайызы 
ғана қазақша. Академик Әбдуәлі Қайдаровтың мәліметі бойынша қазақ тіліндегі 
халықаралық терминдердің саны жүз мың екен» [6, 46 б.].
Термин сөздерді қазақ тілінде сауатты беру үшін лингвистердің этимология-
дан хабары мол болуы керек. Ең бастысы, терминді аударған дұрыс па, әлде сол 
күйінде қалдырған дұрыс па, соны анықтап алуы қажет. Термин ғылымның түрлі 
саласын, оның ішкі заңдылықтарын білдіретін арнаулы сөздер болғандықтан, 
оны аударғанда абай болып, мағынасын ашып тұруына мән берген абзал. 
Еліміздің нарықтық қатынастарға көшіп, экономикада әлемдік сауда жүйесіне 
қосылып, елдің бюджетін құрап отырған шикізат саласы – табиғи ресурстар, 
мұнай мен газ өндірісіне шетелдік инвестицияны тарту, шағын және орта бизнесті 
дамыту, т.б. мемлекеттік және халықаралық дәрежедегі қатынастар арқылы 
тілімізге ағылшын тілінен экономика және қаржы саласына мыңдаған термин-
дер, кірме сөздер келіп қосылды. Олардың бірқатары ағылшын тілі арқылы 
енді. Әуелі орыс тілінің лексикасына сіңіскен бұл сөздерді қазақ тіліне бала-
малап қолданғанымызбен, олардың халықаралық сипатына нұқсан келетіндігі 
ескеріліп, сол түпкі тілдегі нұсқасы бойынша қолданылып келеді. Ең бастысы, 
бұл сөздер экономиканың түрлі салаларында жиі қолданыс табуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет