Editor-in-Chief Shakir Ibrayev Редакция алқасы Редакционная коллегия


АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012



Pdf көрінісі
бет49/196
Дата15.11.2023
өлшемі4,45 Mb.
#123031
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   196
Байланысты:
N.Kelimbetov

АЛТАИСТИКА ЖӘНЕ ТҮРКОЛОГИЯ, №2, 2012
білудің қажеттілігін баса көрсетеді. Тілдік тұлға – белгілі бір этноұжымға тән 
тілді терең меңгеруімен қатар, ұлттық мәдениет пен ұлттық дүниетаным арқылы 
айқындалатын ұлттық болмысты терең түсінетін, ғаламның тілдік бейнесін өз 
ұжымының дүниетанымына сай дәл бейнелей алатын, өз сөзін тыңдаушыға 
немесе оқырманға жеткізе білудің тетіктерін терең меңгерген тілдік субъект. 
Ю.Н. Караулов орыс тілді тілдік тұлға мәртебесін анықтаудың теориялық 
ұстанымдарын сөз ете отырып, тілдік тұлғаға мынадай анықтама береді: 
«қоршаған ортаны терең де жан-жақты әрі дәл бейнелей алуымен және тілдік 
құрылымдық күрделілігімен ерекшеленетін сөйлеу мәтіндерін жасау және түсіну 
қабілеттіліктерінің жиынтығы тілдік тұлғаны білдіреді» [3, 245 б.]. 
Тұлғаның құрылымдық жүйесін құрайтын танымдық-интеллектілік, 
психологиялық, рухани-адамгершілік, тілдік-семантикалық, прагматикалық-
шеберлік деңгейлердің дамуы мен көрініс табуы әр адамда әр түрлі дәрежеде 
қалыптасып, түрліше сипат алуына байланысты тілдік тұлғаның құрылымдық 
жүйесі де жалпылық сипатта болады. Адам өзін қоршаған дүниені қаншалықты 
терең тани алса, оның тілдік бейнесін жан-жақты сипаттап бере алса тілдік 
тұлғаның мазмұны да тереңдей түседі. Тек әлемді ғана емес өзін-өзі терең тану, 
өзінің мүмкіндіктерінің шегін түсіне білу де тілдік тұлғаның сапалық мазмұнын 
арттыратын элементтер қатарына жатады. Белгілі бір ұлт, этнос өкілі болып табы-
латын тілдік тұлғаның болмысы өзі шыққан ұлттың болмысымен, рухани-мәдени 
құндылықтарды қалыптастыру, игеру ерекшеліктерімен тікелей байланысты 
болуына орай антропоөзектік парадигма аясындағы лингвистикалық зерттеу-
лерде тілдік тұлға ұғымы мен ұлттық тілдік тұлға ұғымын алмастыра қолдану 
үрдісі қалыптасты. Тілдік тұлға ұлттық тілді ғана емес, ұлттық мәдениетті де 
тұтынушы ретінде ұлттық болмысты, ұлттық дүниетанымды, ұлттық мәдени 
құндылықтар жүйесін, ұлттық психологияны, ұлттық тілдік сананы, ұлттық 
тарихи сананы терең меңгергеруімен, ұлт табиғатын өз замандастарына, келер 
ұрпаққа тіл арқылы жеткізе алатын тілдік әлеуетімен маңызды. 
VІІ-ІХ ғасырларда өмір сүрген түркі тайпаларының халық ретінде қалыптасып, 
дербес мемлекеттік деңгейдегі қағанаттар құруына, түркілік тұтастықты 
сақтауға, түркі қағанатының болашағын қамтамасыз етуге қызмет еткен ин-
дивидтер тарихи тұлға ретінде қарастырылуға толық лайықты. Ескерткіштер 
мазмұны бойынша көне түркі дәуіріндегі түркілік болмысты терең түсінетін, өз 
сөзін тыңдаушыға жеткізе білетін тілдік субъект ретінде қарастыруға лайықты 
бірнеше түркі қағандары мен олардың кеңесші-уәзірлерін, әскери қолбасыларын 
атауға болады, мәселен: 
Бумын қаған, Ілтеріс қаған (Құтлығ,) Қапаған қаған, 
Білгеқаған, Күлтегін Бөгү қаған, Інел қаған, Тониқук, Иоллығ тегін
т.б. Бірақ 
олардың бәрінің тілдік тұлғасын ашуға тарихи-тілдік деректер жеткіліксіз, көне 
түркі жазба мұраларының көпшілігінің дерлік авторлары белгісіз. 
Көне түркі жазбаларының оқиға желісі негізінен сол кездегі түркі елдерінің 
басынан өткізген тарихи-әлеуметтік, саяси оқиғаларға, жаугершілік жағдайдағы 
халықтың жай-күйі мен ел бастаған қағандардың, олардың төңірегіндегі 
56




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   196




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет