Ә.Ә. Тәжекеев 1, Ж. К. Султанжанов


* e-mail: zhetesbi.sultanzhanov@mail.ru Караванные пути и крупные поселения между средневековыми городами



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата19.04.2023
өлшемі0,54 Mb.
#84687
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
document

*
e-mail: zhetesbi.sultanzhanov@mail.ru
Караванные пути и крупные поселения между средневековыми городами
Сыганак и Асанас (по данным новых исследований)
В статье рассматриваются караванный путь и крупные поселения, расположенные между 
городами Сыганак и Асанас. Территория исследования охватывает Жанакорганский, Шиелийский 
и Сырдарьинский районы Кызылординской области. Основную базу материалов составляют 
неопубликованные архивные данные Хорезмской археолого-этнографической экспедиции 
(1960 г.) и труды Л.М. Левиной, Н.Н. Вактурской, С. Жолдасбаева, К.М. Байпакова, М. Елеуова 
и работы других ученых. По данным ранее опубликованных работ были известны городища 
Сыганак, Бестам, Кызылтам, Актобе, Жаман Актобе, Шиели торткули, Нансай, Омбай, Асанас 
1, 2 и 3, мавзолей Асанас Ата. Авторами статьи в 2020 г. в этих районах были организованы 
новые разведочные исследования, в результате которых было обнаружено 4 новых памятников 
– Ботабай торткули и городища Ботабай, Катынбаккан и Аккорган. Кроме того, на основании 
материалов разведки, авторы пришли к выводу, что существовала средневековая переправа 
между нынешними селами Тартогай и Ботабай. В 2020 г. Асанасским отрядом Жанкентской 
археологической экспедиции под руководством А.А. Тажекеева были проведены археологические 
раскопки на городище Асанас.
Таким образом, открытие 18 крупных поселений и мавзолея позволили более детально 
рассмотреть караванный путь между Сыганаком и Асанасом.
Ключевые слова: Сырдарьинский регион, средневековье, караванный путь, крупные 
поселения, Сыганак, Асанас.
Кіріспе
Ортағасырлық жазба деректер негізінде 
Сырдың орта және төменгі ағысында бірнеше 
ескерткіштің орны белгілі. Олардың қатарына 
Фараб, Сауран, Сығанақ, Асанас, Жент, Жан-
кент кіреді. Көп жағдайда Ұлы жібек жолының 
Сыр өңіріндегі бөлігі және басқа да керуен жол-
дары тек жазба деректерде аталған қалалармен 
көрсетіледі. Мақалада осы аталған ескерткіштер 
ішінде Сығанақ пен Асанас қалалары арасы 
қарастырылады.
Ортағасырлық Асанас қаласы туралы 
алғашқы мәліметтер XIV ғ. парсы тарихшысы Ра-
шид ад-диннің «Жамиғ ат-тауарих» (Шежірелер 
жинағы) атты еңбегінде (Рашид ад-Дин, 1957: 
199-200), францискан Плано Карпинидің (ХІІІ 
ғ.) Моңғолияға жасаған сапарының баяндама-
сында кездеседі (Джованни дель Плано Карпи-
ни. URL: http://www.hist.msu.ru/ER/Etext/carpini.
htm (қарау күні: 31.03.2021).
Сыр өңірінде орналасқан ескерткіштерде 
алғашқы археологиялық қазба зерттеулері 1867 
ж. Императорлық археологиялық комиссия 
мүшесі П.И. Лерхпен жүргізіледі. Ол Жанкент, 
Асанас, Сығанақ, т.б. қалалардың орындарына 
көңіл аударады (Лерх, 1867).
ХХ ғ. басында Шығыс Арал өңірінің орта-
ғасырлық қалаларының орналасуы туралы 
мәселемен Түркістан археология әуесқойлары 
үйір месінің 
мүшелері 
В.В. 
Бартольд, 
Е.Т.Смирнов, В.А. Каллаур, И.А. Кастанье, 
В.П. Нехо рошев және т.б. айналысқан (Бар-
тольд, 1965: 128; Смирнов, 1897: 12; Калла-
ур, 1900: 6-16; Бахтыбаев, 2012). Осы уақытта
В.П. Нехорошев Бестам қалашығын ашқан.
Кейіннен бұл аумақта 1946, 1960-1961 жж. 
Хорезм археологиялық-этнографиялық экспеди-
циясы (Вактурская, 1979), 1966-1967 жж. Жетісу 
археологиялық экспедициясы жүріп өткен. Зерт-
теу жұмыстары барысында Асанас, Сығанақ, 
т.б. ескерткіштерге кешенді қазба жұмыстары 
жүргізіледі.
Мақала авторлары зерттеу барысында РҒА 
Н.Н. Миклухо-Маклай атындағы Этнология 
және Антропология институтының мұрағатында 
сақталған Хорезм экспедициясының құжаттарын 
қамтыды. 1966 ж. Хорезм экспедициясының 
«Сырдария отряды» Б.В. Андриановтың 
жетекшілігімен Сырдың төменгі және орта 
ағыстарында археологиялық-геоморфологиялық 
зерттеу жұмыстарын жүргізген. 3000 шақырымға 
созылған экспедиция жұмысы солтүстігінде 
– Жаңадария мен Жосалы кентінің тұсынан, 
оңтүстігінде – Қаратаудың батыс беткейі мен От-
рар оазисін қамтыды. Барлау нәтижесінде 70-ке 
жуық ортағасырлық қоныстар мен қалалар, су-
ару жүйелері табылады (Отчеты ..., 1966). Атап 


173
Ортағасырлық Сығанақ пен Асанас қалалары арасындағы керуен жолдары мен ірі қоныстар
өтетін жайт, құжаттың мұқабасында есептің 
89 беттен тұратыны көрсетілген. Өкінішке 
орай, мұрағатта есептің тек 2 беті және кейбір 
ескерткіштердің жоспарлары сақталған.
Асанас қаласындағы археологиялық зерт-
теулерді 1989 және 2002 жж. Қорқыт Ата атын-
дағы Қызылорда мемлекеттік универ си тетінің 
археологиялық тобы (П.Қаратаев пен Т.Мәми 
жетекшілігімен) жүргізді (Мәми, 2007: 35).
2003 ж. бастап жоспарлы археологиялық 
қазба жұмыстары Сығанақ қалашығында да 
басталды және бұл зерттеулер әлі күніге дейін 
жалғасып келеді (Жолдасбаев және басқалары, 
2016; Syzdykov, Zhetibayev, Bakhtybayev, 2021).
Осылайша, 2000 жж. басына тек Сығанақ
Асанас және т.б. бірнеше ескерткіштердің орын-
дары ғана белгілі болған. Дегенмен тәуелсіздік 
алғаннан кейіңгі жылдары жүргізілген жаңа 
барлау жұмыстары нәтижесінде бұл аумақтан 
тағыда көптеген қоныстардың орындары анық-
талып отыр. Мысалы, белгі археолог Мадияр 
Елеуов 1991, 1994, 2004-2005 жж. жүргізген 
барлау жұмыстарының негізінде Қызылорда 
облысының тек Шиелі және Жаңақорған 
аудандарынан 70-ке жуық жаңа қалалар мен 
қоныстардың орнын анықтаған (Елеуов, 
2005а; 2005б; 2016). Солардың 40-қа жуығы 
2011 жылы жарық көрген «ҚР тарихи-мәдени 
ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы» 
жинағына енгізілген. Бұл зерттеулер Сығанақ пен 
Асанас арасын байланыстырған керуен жолдары 
туралы кеңінен ақпарат алуға мүмкіндік берді.
Осы зерттеу жұмыстарын жалғастыру 
мақсатында 2020 ж. Жанкент археологиялық 
экспе дициясының Асанас тобы ортағасырлық 
Асанас қалашығында археологиялық зерттеу 
жұмыстарын бастады. Қазба барысында қала-
ның батыс қақпасының кірер аузы, шахристан 
бөлігінде орналасқан тұрғын кешені және 
цитадельдің бір мұнарасы ашылды. Қазба 
жұмыстарымен қатар, Асанас маңында барлау 
жұмыстары да ұйымдастырылған болатын. 
Нәтижесінде Асанас маңынан Ахмет қала, Асанас 
2 және 3 қалашықтарына, Асанас ата кесенесіне 
қайта зерттеулер жүрді. Ескерткіштердің осы 
уақыттағы жағдайының фотоқұжаттамасы 
дайындалды. Қазба жұмыстарының алдын 
ала қорытындылады зерттеушілердің бірнеше 
мақа лаларында жарық көрді (Тәжекеев және 
басқалары, 2021; Тажекеев и др., 2021; Shoraev, 
Sultanzhanov, 2021).
Алынған мәліметтер Сығанақ пен Асанас 
арасында көптеген ескерткіштердің орны бар 
екенін көрсеттті. Осы мақсатта, біз Асанастан 
Сығанаққа қарай барлау жұмыстарының ауқы-
мын кеңейіттік. Оның нәтижесінде, жоғарыда 
аталған Қызылтам, Ақтөбе, Жаман Ақтөбе, 
Бестам, Нәнсай және т.б. ескерткіштердің қайта 
құжаттамасы жасалынды. Атап өтетін жайт, 
2020 ж. Қызылтам мен Ақтөбе қалашықтарының 
қорғау аймағын анықтау жұмыстары да 
ұйымдастырылған болатын. Сонымен қатар
барлау барысында жаңадан 4 ескерткіш – 
Ботабай төрткүлі және Ботабай, Аққорған, 
Қатынбаққан қалашықтары табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет