174
Ортағасырлық Сығанақ пен Асанас қалалары арасындағы керуен
жолдары мен ірі қоныстар
Талқылау мен нәтижелер
Сығанақ пен Асанасты байланыстырған
керуен жолы бойындағы орналасқан қала-
шықтар мен ірі қоныстар.
Сырдария төменгі және орта ағысы мен
Қаратау аймағының керуен жолдарын терең
зерттеп жүрген М. Елеуов екі ірі бағытты көрсетеді.
Оның біріншісі – «
сол жағалық Сырдария
жолы», Жизақ – Самарқанд – Артықата – Бұзық
– Көктөбе – Қандыөз – Қаратөбе – Абызтөбе –
Келінтөбе – Мейрамтөбе – Аққорған – Өзгент –
Балапантөбе бағытын қамтыған. Соңғы аталған
Балапантөбе қалашығынан батысқа бағыттылған
керуен жолы Асанасқа қарай жүрген. Екіншісі,
«
Оң жағалық Сырдария жолы» бағыты
Сайрам – Түркістан – Шолаққорған – Сығанақ
– Күйеутам – Мортық – Бестам – Сұлутөбені
Ұлы жолмен, ал Ұлы жол Қаратау мен Арал
теңізінің аралығын байланыстырған (Елеуов,
2009: 432). Т. Қартаеваның пікірінше Ұлы
Жібек жолы Сығанақтан шыға берісте үш
тарапқа тараған: 1) солтүстік-батысқа
бағытта
Ақсүмбе өткелі арқылы Сарысу өзенінің
төменгі ағысынан жоғарғы ағысы бойымен, әрі
қарай Қаракеңгірден ежелгі кеншілер қонысы
Қарсақпай мен Жезқазғанға, одан әрі Ұлытау
тауы етегінен батысқа Жайық аймағына, одан
әрі Ресей мен Батыс Еуропаға; 2) Сырдарияның
төменгі ағысын жағалай Жетіасар шатқалына,
Жанкентке, әрі қарай Аралдың теңізінен асып
Шығыс Еуропаға; 3) Жент қалашығы, Қуаңдария
арнасын жағалай, одан әрі Хорезмге бағытталған
(Картаева, 2014).
Осында келтірілген екінші және үшінші жол
жайлы жарияланған еңбектер мен карталарда
Сығанақтан шыққан керуен жолды тура
Асанасқа немесе Жентке тірейді. Олардың арасы
бірнеше жүздеген шақырымды құрайды және
Сығанақ
өзеннің оң жағалауында, ал Асанас
сол жағалауында орналасқанын ескерсек, екі
арада өткелдер мен қоныстардың (керуен сарай)
болуы заңдылық. Ортағасырлар кезеңінде
төменгі Сырдарияның мол суы бірнеше
арналармен (Іңкәрдария, Жаңадария, Нәнсай,
Қараөзек) ағуы қоныстардың орналасуы мен
керуен және көші-қон жолдарының өзгеруіне
де алып келді.
Ескерткіштердың географиялық орналасуы
Қызылорда облысының Жаңақорған, Шиелі
және Сырдария аудандарын қамтиды.
Сығанақ қалашығы (XII-XV ғғ.) Қызылорда
облысы,
Жаңақорған ауданы, Сунақ ата
ауылынан солтүстік-батысқа қарай 2 шақырым
жерде орналасқан. Ескерткіш бесбұрышты
формалы келген: өлшемдері солтүстігі 275
м-ді, солтүстік-батыстан батысқа қарай 175
м-ді, оңтүстік-батыстан батысқа қарай 190 м-ді,
оңтүстігі 175 м-ді, оңтүстік-шығыстан шығысқа
қарай 320 м-ді құрайды (1 сурет). Қалашыққа
кіретін қақпа 20 м ұзындығы бар дәліз ретінде
салынған және ол қаланың оңтүстік-шығысында
орналасқан. Қаланы қоршаған қорғаныс
құрылысының биіктігі кей жерлерде 6-7 м-ді
құрайды. Бұрыштарында және бұрыштарынан
40-50 м жерлерде мұнараның қалдықтары
сақталған. Қаланың рабад және шахристан
бөліктері де бесбұрыш форманы иемденген:
Олардың өлшемдері солтүстігінде 250 м,
батысында 650 м, оңтүстігінде 250 м, оңтүстік-
шығысында 450 м, солтүстік-шығысында 350
м-ге жетеді (Байпақов, Елеуов, 2011: 226).
Сығанақтан солтүстік-батысқа қарай 21
ша қырым жерде (Жиделіарық ауылынан сол-
түс тікке қарай 5 шақырым жерде,
Шиелі-
Телікөл каналдарының аралығында) X-XIV
ғғ. мерзімделетін
Бестам қалашығы жатыр
.
Қала шықтың көлемі 95 × 95 м болатын шаршы
формалы цитаделі бар, қорған қабырғасының
табанын дағы қалыңдығы 1,5-2 м-ді құрайды.
Цитадель дің бұрыштарында және әрбір қабырға-
сының ортасында биіктігі 0,5-1 м, қабырғадан
сыртқы қарай 5-12 м-ге шығып тұрған мұна-
ралардың қалдықтары байқалады. Қақпа цита-
дельдің оңтүстік-шығыс қабырғасының орта лық
бөлігінде орналасқан. Цитадельден солтүстік-
батысқа қарай 30 м жерде сақталған фортифика-
ция лық құрылыстың өлшемдері 10-12 м-ді,
биіктігі 3,5-4 м-ді құрайды (Елеуов, Қалиев,
2011: 465-466).
Қызылтам қалашығы
ХІ-ХІV ғғ. мерзім-
деледі (1 сурет).
Қызылорда облысы, Шиелі
ауданы, Ортақшыл ауылдық округі, Жансейіт
ауылынан оңтүстік-бастысқа қарай 5 шақырым
жерде орналасқан. Ескерткіш екі бөлікке –
цитадель және шахристанға бөлінеді. Цитадель
қабырғаларының қалыңдығы – 3 м, биіктігі –
4-5 м, жалпы аумағы – 70 × 70 м. Төртбұрышты
болып келген қабырғасының кейбір жерлері
ғана сақталған. Цитадельге кіреберіс қақпасы
оңтүстік қабырғасының ортаңғы бөлігінде ор-
на ласқан. Бұл жерде археологиялық қазба жұ-
мыстары жүргізілмеген. Цитадельдің сыртында
көлемі 280 × 205-210 см дұрыс емес шеңбер
пішінді шахристан аумағы бар. Шахристан
ормен қоршалған.
175
Ортағасырлық Сығанақ пен Асанас қалалары арасындағы керуен жолдары мен ірі қоныстар
Жергілікті
тұғындардың айтуынша, қа-
ла шық кезінде қалмақ ханы Тоқбураның
ордасы болған. Деректерде Бестам туралы
былай деп айтылады: «Ақтабан шұбырынды,
алқакөл сұлама» кезінде бұл бекініс қалмақ
қоңтайшысы Үнжінің қол астында болды.
Бестамға көңіл аудармаған ол, Шиелі өзе-
нінің жанынан Қызылтам қамалын салуды
бұйырады және онда өзі тұрған. Ақтөбеде оқ-
дәрі өндіруді ұйымдастырған. Қызылтам мен
Ақтөбені байланыстырып тұрған жер асты
жолы бар деген сыбыс бар. Бірнеше жыл бұрын
жергілікті бағбандар
осы жермен бау-бақшаға
су жіберген. Жол-жөнекей су бір щұңқырға
құйылған. Нәтижесінде ол шұңқыр тереңдей
түскен. Сол кезде бағбандар суды тоқтатып,
шұңқырдың айналасынан күйдірілген кірпіштен
қаланған туннельді көреді. Осы оқиғадан
кейін ешкім туннельді зерттемеген (Қызылтам
қалашығының ..., 2020).
Достарыңызбен бөлісу: