178
Ортағасырлық Сығанақ пен Асанас қалалары арасындағы керуен жолдары мен ірі қоныстар
дұрыс емес дөңгелек пішінді, көлемі 450 × 400 м.
Қала мықты мұнарасы бар қабырғамен бекінген.
Оның сырты ормен қоршалған.
Қалаға кіретін
төрт қақпасы бар, қорғаныс қабырғаның қазіргі
сақталған биіктігі 5 м-ге жуық. Қабырғаның ені
іргетасымен есептегенде 15 м. Шығыс бөлігінде
орналасқан цитадельдің аумағы 40 × 50 м ал,
биіктігі – 1 м (3-4 суреттер).
1960-1961 жж. Хорезм археологиялық-этн-
о графиялық
экспедициясы Асанас қаласын
есепке алып, 1960-1961 жж. барлау жұмыстары
жүр гізіл ді. Ал, 1968 ж. Н.Н. Вактурская қалаға
екі стратиграфиялық қималық қазба түсі ріп
зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Қазба бары-
сында табылғандай қыш ыдыстарды ХІІ-ХV ғ.
мерзімдесе, екінші қазбадағы керамикаларды
VІІ-ІХ ғ. оғыз заманымен сәйкестендіреді. Нәти-
жесінде, Асанас қаласы VII-IX ғ. пайда болып, XV
ғ. дейін өмір сүрген. Хорезм экспедициясының
зерттеулеріне дейін тарихи әдебиеттерде Асанас
қаласын соғдылық
саудагерлер тұрғызды
деген пікірлер басым болған еді. Кейін, қазба
жұмыстары көрсеткендей қала тұрғындары мен
оны тұрғызған оғыздар болғанын дәлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: