Егде жастағы адамдардың Қартаю



Pdf көрінісі
бет10/17
Дата19.04.2023
өлшемі0,52 Mb.
#84635
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17
Байланысты:
dauren, 420-Другое-2112-2-10-20210721

Пікірталас
Қарт адамдар және олардың тұлғасы 
әртүрлі ғылымдардың зерттеу объектісі 
болып табылады. Өнер туындылары 
арқылы егде жастағы адамдардың 
бейнесін тәрбиелік мәнде сомдау олардың 
қоғам мен қартаю үдерісіне бейімделуін 
жеңілдетеді. Кітап беттерінде сипатталған 
ана мен әке бейнесі көркем шығармалар 
арқылы халық жүрегіне жетіп, үлкен 
тәрбиелік мәнге ие болады. 
Біздің ойымызша, қартаю – біртіндеп 
жүретін үдеріс іспеттес. Ол жылдарға 
созылып, сәттермен байланыстырылады. 
Егер қартаю үдеріс эволюцияның бір 
бөлігі ретінде қарастырсақ, онда басқа 
даму үдерістері сияқты оны үздіксіз 
үдеріс деп қабылдау қажет. Кәрілік пен 
қарт адам анықтамасын нақты айқындау 
мүмкін емес. Себебі, қартаю біртіндеп 
жүретін, бастауы жоқ, бірақ аяғы мәлім 
үдеріс (Лосева 29).
Қартаюды тек сыртқы ерекшеліктер 
арқылы анықтауға болмайды. Себебі, 
бүгінгі таңда шашына ағы ерте түскен 
немесе денсаулығына байланысты
қарт адамның кейпін жабынған адамдар 
көп. Сол сияқты қарттар туралы
да бірқалыпты пікір қалыптастырып, 
оны ұстануға болмайды. Әр дәуреннің 
өз жастары бар болғандай, әр дәуірдің 
өз қариялары бар. Дегенмен, бір нәрсе 
заман өзгерсе де мәңгі өзгеріссіз қалуы 
тиіс, ол қарт адамға деген қамқорлық
пен құрмет. 
Үлкендерді құрметтемеу өз кезегінде 
отбасы институтының толыққанды 
қалыптасуы мен дамуына, қызметтік 


Centr
al Asian J
ournal o
f Art Studie
s
V
olume 6. Issue 2. 2021
85
қатынастар иерархиясының мүлткісіз 
жұмыс істеуіне кедергі жасайды.
Егде жастағы адамның қоғамдағы
және отбасындағы орны мен роліне 
арналған ғылыми жұмыстарда қартаюдың 
адам психологиясына әсері мен қоғамның 
қарттарды қабылдау спецификасы иерең 
зерттелген. Ол зерттеулердің қатарына
С. Т. Толеуханованың, Ю. О. Булуктаевтың,
А. К. Ешманованың, В. В. Юрицинның, 
Р. Г. Ивановтың жұмыстарын жатқызуға 
болады. Бұл салада ерең еңбек атқарып 
келе жатқан ғалымдар еңбектеріне біздің 
үлесіміз, қарттаю үдерісіне қоғам, оның 
ішінде әсіресе жастардың көзқарасының 
қалыптасуына өнер арқылы әсер етудің 
өзектілігін көтерумен байланысты.
Қорытынды
Өнер халықтың рухани қазынасы. Өнер 
туындылары қай уақытты алмасаңыз 
ұрпақ тәрбиелеуде ерекше маңызға ие 
болған. Халық ауыз әдебиеті арқылы 
халқының рухын сезінген сәби, өсе 
келе оның материалдық мәдениетімен 
танысып, оны келесі ұрпаққа жеткізеді. 
Дәстүрді мықты ұстанған қазақ халқы 
ауыл үлкендерін әрқашан құрметтеп, 
төрін берген. Сол сабақтастықты 
жалғастыру бүгінгі өнердің демеуімен 
де іске асып жатыр. Өнер туындылары 
бетінде қарт бейнесін жоғарыда аталған
әдіс-тәсілдермен сомдау болашақ 
ұрпақтың тәрбиесін дұрыс бағыттауға 
және ұрпақтар арасындағы сабақтастықты
жаңғыртуға мүмкіндік береді. 
Өнермен қарым-қатынастағы негізгі 
құндылықтар қатарына–элитарлы өнер 
ретінде әдебиетке, отандық кино өнеріне 
қызығушылық пен құрмет сезімін ояту, 
рухани мәдениеттің дамуына ықпал 
еті, ұлттық кодты түсінудің жолдарын 
игеру, тұтас көркем шығарманы, кино 
туындысындағы философиялық ойды 
қабылдауды жатқыза отырып, көркем 
әдебиет пен киноның ерекше ықпал етуші 
құрал ретіндегі маңыздылығын көтеру 
идеясы бүгінгі жұмыстың басты мақсаты. 
Бір мақала көлемінде мұндай өзекті 
мәселені тарқату мүмкін болмағанымен, 
оны болашақ диссертациямның 
беттерінде толықтай ашу жұмысын одан 
әрмен жалғастырамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет