Centr al Asian J ournal o f Art Studie s V
olume 6. Issue 2. 2021
82
пен қоршаған ортаға қамқорлықпен
қарай білген халықтың бір адамның
кейпі арқылы берілу үлгісі, кинолента
барысында адам санасында орын алған
өзгерістер болашақ жастарға өнеге
болуға тұрарлық. Болашақ ұрпаққа
қамқорлықты бала мен атасының қарым-
қатынасы негізінде байқауға болады.
Атасының баласына айтқан нақыл
сөздері, үй шаруашылығын жүргізуде
берген кеңестері, жалпы қарапайым
тұрмысының өзі кішкентай баланың
қиындықтар төзу, адамгершілікке
ұмтылу қасиеттерін дамытты. Аталмыш
режиссердің «Шырақшы» атты жаңа
туындысы қария өмірінен үзінділерге
толы. Бас кейіпкердің тағдырына
соғыс, одан кейінгі қиын-қыстау кезең,
жақындарынан айырылу сияқты ауыр
жағдайлар жазылғаныммен оларға төтеп
бере алған «шыракшы» өз заманының
бетке ұстар тұлғасы. Қасиетті жердің
тазалығына аса мән беріп, бұл іске
жауаптылықпен қараған қарияның
тұлғасы ағартушылық қызметпен
толықтырылып, жастардың бойында
үлкен құрмет көрсету қасиетін туғызады.
Мейірімділік пен жарқын болашақтың
бейнесіне айналған қария ауыл аралап
жергілікті халық арасында үлкен әлемге
есік ашуда. Қарияның ролін сомдаған
актер Мұрат Мұқажанов Анапа
қаласында өткен «Киношок-2019»
фестивалінің «Кино өнері қызметшісінің
поэтикалық бейнесін сомдағаны
үшін» бас қазылар алқасының арнайы
дипломын иеленді (Турсунов).
Бүгінгі таңда кино тек қуатты
бұқаралық коммуникация құралы ғана
емес, сонымен қатар жастардың бос
уақытын өткізудің құралы. Еліміздің
ірі қалаларында кинотеатрлар
көптеп ашылып, оларда көрсетілер
кинотуындылар ішінде қазақстандық
фильмдер көптеп көрсетілуде.
Жастар санасына фильмдердің
әсерін зерттеуге арналған ғылыми
жұмыстар көбіне олардың негативті
әсерін алға тартады. Мысалы, олар
көбіне жағымсыз мінез-құлық
пен қоғамға жат қатынастарды
дәріптейді. Дегенмен, киноның оң
ықпалына қатысты зерттеулерді де
ескермей қоюға болмайды. Себебі,
отандық режиссерлердің авторлық
кинотуындылары қоғам мүшелерінің
барлығына дерлік позитивті әсер етеді.
Танымал қазақстандық режиссер
Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол»
атты картинасы ерекше патриоттық
сезімге толы туынды. Отан мен борыш,
ана мен бала қатынасы философиялық
ізденістер арқылы әрбір қазақстандық
жүрегінде өшпес із қалдырды. Алғашқы
идея мен оның жүзеге асырылуы
арасындағы байланыс туындының
танымалдылығына жол ашты. «Анаға
апарар жол» фильмі жас ұрпақтың
санасында жақындарымен орныққан
қарым-қатынасты жаңғырту жолдарын
қарастыруды, олар туралы пікірлерін
өзгертуді, ескі реніштерді ұмытып, жаңа
өмір бетін ашуға шақырады. Анаға
құрметпен қарап, қызмет пен мансаптың
сонында жүргеннің орнына ана алақанын
ұстап, батасына ие болуды армандау
қажеттігін алдыңғы орынға қояды.
Бұл туындыда ана мен бала қатынасы
арқылы бұл дүниедегі ең қымбат
нәрсенің – отбасы екендігін ұмытпау
қажеттігі сипатталады.
Жартығасырға созылған оқиға желісі
тарихи оқиғалардың ауыр кезеңдеріне
сипаттама береді. Ұжымдастыру,
жұт, сталиндік репрессиялар, екінші
дүниежүзілік соғыс, тылдағы ауыр
жұмыстар, сталиндік лагерьлер
халықтың, әсіресе жас ұрпақтың
санасында мәңгілікке сақталуы керек.
Ғылыми жұмысымыздың өзегі болып
табылатын қарттар үйіндегі жағдайдың
сипатталауын Жеңісхан Момышевтің
«Многодедный» картинасынан кездестіре
аламыз. Әкелер мен балалар арасындағы
қарым-қатынас тақырыбы қай кезеңде
болмасын өзектілікке ие. Кәрілік
тауқыметін қарттар үйінде тартуға
мәжбүр қариялар тағдыры алаңдатпай